«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


Кейқауыс атақты «Кабуснама» кітабында «Ей, балам, дүниең өзіңе жетерлік



Pdf көрінісі
бет55/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
Кейқауыс атақты «Кабуснама» кітабында «Ей, балам, дүниең өзіңе жетерлік 
болып, асып-тасып тұрса да, жерге еңбек етуді ұмытпа! Сенің анаң 

 жалғыз ана. Ал 
жер болса 

 дүниежүзі халықтарының анасы. Барлық адамдардың ішіп-жеуінің бәрі 
де осы жерден өндіріледі»,- деген екен.
Айтса айтқандай, адам тағдыры жермен тығыз байланысты. Туған жердің 
құдірет-құны өзін мекен тұтқан халықтың тұрмыс-салты арқылы басқаларға 
құндылығын танытады.
Тарихқа көз салар болсақ, даңқты бабаларымыз Майқы би, Бәйдібек би, Төле би, 
Қаздауысты Қазыбек би т.б. табиғатты, туған жерді қорғауға үндесе, ақындар мен 
жыраулар табиғатты аялап, жырларына қосқан. 
Жерден қасиетті, жерден киелі ештеңе жоқ. Жер бар болса, ел бар. Кей ата- аналарда 
«баламыз бейнет көрмей өссе екен, жас кезінен еңбек етпей-ақ қойса екен» деген қате түсінік 


125 
125 
бар. Өзі еңбек етпейтін, еңбек етуді сүймейтін жан жатыпішердің бірі болары сөзсіз. 
Жастайынан еңбек етіп үйренген бала өскенде де ұқыпты, тиянақты болады. Мұндай бала 
қиыншылыққа да мойымайды, елдің де, жердің де қадірін біліп, бағалайтын болады.
Қорыта айтқанда, «баланы-жастан» дегендей, болашақ ұрпақтың салауатты өмір 
сүретін ортасын қалыптастыруда балаларына үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, 
экологиялық әдеп пен мәдениетке үйрету, табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен 
ережелерді орындату әрбір ата-ананың міндетті борышы, қасиетті парызы екенін 
сезіндірудің, балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда ата-аналардың 
экологиялық сауатын жетілдіру, олардың қоғамның экологиялық-экономикалық мүддесіне 
лайық өз елінің патриоты болуына үндеудің маңызы зор. Жоғарыда айтылған тұжырымдар 
негізінде мынандай практикалық ұсыныстар беруге болады: 
1.
Ата-анамен бірлесе отырып, бала санасына адамның экологиялық қауіпсіздігі мен 
денсаулығының қоршаған орта жағдайына тәуелділігі туралы қарапайым түсініктердің 
алғашқы қадамдарын қалыптастыру.
2.
Адам мен табиғат арасындағы күнделікті байланыс туралы балаға экологиялық білім 
беруде ата-ана белсенділігін үнемі назарда ұстау. 
3.
Балаларымен бірлесіп жұмыс істеудің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет