«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай әр алуан болып келеді. Ойын  технологиясы арқылы



Pdf көрінісі
бет52/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
 
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай әр алуан болып келеді. Ойын 
технологиясы арқылы 
 
 
 
Ойын-балалардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепалды 
дайындық сыныптарда балалар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.
 
Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге 
тырысамын. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық 
қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: 
 
Баланың бойында 
Ұйымдастыруш
ылық 
қасиеттері 
дамиды.
Тапқырлық, 
шыдамдылық
Белсенділік 
қабілеттері
дамиды. 
Есте сақтау 
қабілеті, 
зейіні, тілі 
дамиды.


118 
118 
Білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін 
төмендегідей жүйеленеді:
 
1.
 
Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал 
фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
 
2.
 
Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», 
«сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен 
тышқан, .
 
3.
 
Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, 
орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, 
дәл тауып айт, т.б.
 
4.
 
Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану. 
 
5.
 
Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, 
сахналық көрініс көрсету.
 
Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егежей-тегежейлі білуді баланың 
санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен 
егіз.Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес бала отбасы тәрбие және 
өзін коршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін
 
үйренеді. Мектеп табалдырығынан 
алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс.Сауат 
ашу сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Ойын арқылы оқу 
процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың 
сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз маганасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге 
жаттықтыруға ойын- бірден-бip таптырмайтын құрал.
 
Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың кажетті практикалық білімін, 
біліктілігін,
әдетін, тәртібін, әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі 
пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз бағдарламасы бар екені бәріне мәлім. 
Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына жағдай жасау- жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке 
тұлғаны дамытудың, баланың тіл мүкістігін танып түзетудің, баланың жеке қасиеттерін 
ашып, білімі 
мен біліктілігін кеңейте отырып, өзара қарым-қатынаста қолданатын сөз 
байлығын молайту болып табылады.
 
Ал, қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан-ұрпаққа қалаған мәдени 
шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге 
деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген. Саусақ ойының
ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, 
құстарды, ағаштарды бейнелей алады. Өзімнің іс-тәжірибемнен сабақ үрдісінде 
пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады. Жоба бала, ата-ана, 
тәрбиешіге арналған. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
 
Ойын - бip қарағанда қарапайым құбылыс немесе әрекет icпeттi. Ол міндетті түрде 
ұжымдық, әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бip-
бipнe деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен 
туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының 
мүмкіндігімен санасып, бip-бipiнe деген сенімін арттырады.
 
Қорытындылай келе, сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлерімен әдістерін 
жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ 
балаларға көңілді жеңіл келеді. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығы арта 
түседі. Демек, ойын деген аты ғана, ал шынында да ол-сабақтың, еңбектің жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет