Әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса», 2003ж.
2. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие 2006ж.
3. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж.
БАЛАЛАРДЫ РУХАНИ- АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Абильдинова С.М.
«Бәйтерек» балабақшасы
Баланың бірінші әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәнісі ерекше. Ойын-адамның
өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала
бола ма?»-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді
танып, еңбекке деген қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде
қалыптасады.
Ойын-бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір
сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады.
Ойын кезінде шартты түрде мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет
бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілікке эстетикалық тәрбие берудің,
еңбекке баулудың маңызды тетігі деуге болады.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып,
бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтқанда «Ойынсыз ақыл-
ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған
үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезім жасампаз өмірімен ұштасып,
қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын білімге құмарлық пен
еліктеудің маздап жанар оты».Міне, ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан
ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой
жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны іс жүзінде
қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді. Сондықтан олар «Бала ойынмен
өседі» деген өмірлік қорытынды жасап, осы тәжірбиелік қорытындыны өздерінің бала
тәрбиесі туралы көзқарастарының негізгі арқауы етті. Бала ойынды тоқтатса, онда қол үзіп
үйде көбірек бола берсе, ол баланың денсаулығы ата-аналарын мазасындандыратын болады.
Ересек адамдардың еңбек етуі қандай қажет болса, баланың ойыны да сондай қажет
нәрсе ретінде қабылдаған.Медицина ғылымы тарамаған,дәргерлік мекемелері жоқ елде
113
113
баланың денсаулығынбақылайтын, анықтайтын,қарапайым құралдарының бірі ойын
болғаны айта кету жөн.
Ойын әрі білімділік, тәрбиелік құрал ретінде, әрі бала денсаулығын байқайтын дәрігерлік
диагностика ретінде де қолданылған.
Бала ойынның маңызына тоқтай келіп, Н.К.Крупская мынаны ескерткен болатын:
«Егер бала ойнамаса, онда оның не ауырғаны немесе шамадан тыс педагогикалық ықпалға
түскені». «Адам өмірге бейім болу үшін, балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын
мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы боп қалар еді»-деп
К.Чуковскийдің бала мен ойынды теңестіре жоғары бағалауында терең шындық, үлкен мән
жатыр.
Адамзатты балаларсыз елестету қаншалықты мүмкін болмаса, балаларды ойынсыз
елестету де соншалықты мүмкін емес. Ойын балалар үшін өмірмен тең.
Сондықтан да ойынның тәрбиелік қуатымен теңесер күш жоқ. Ол халықтың сандаған жылдар
тәрбиесінің нәр сіңген педагогикалық даналығының жемісі.
Ойын тек баланың дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, т.б. ғана
тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Манашұлы Тұяқпай жырында:
«Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды»,-деп түйіндейді.
Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылық орындалуы да көбіне
шығармашылық түрде болатындықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым-қатынасқа
әдеттенуге тәрбиеленуге мүмкіншілік мол. Ойынның тіл дамытудағы рөлі ерекше.
М.Горькийдің сөзімен айтар болсақ: «Бала сөзбен де ойнайды.Осы сөзбен ойнағанда,
өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады.Ойын үстінде бала еш
нәрсеге тәуелсіз.
Өзін еркін ұстайды,ал еркіндік дегеніміз-барлық дамудың баспалдағы .ойын үстінде
бала тілдің ішкі иірімдерін,халықтың ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу
дәстүрлерін,тілдік, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіншілік
алады.
Балалар ойын барысында:өзін еркін сезінеді,ізденімпаздық тапқырлық әрекет
байқатады, сезіну,қабылдау,ойлау, қиялдау, зейін қою секілді түрлі психикалық түйсік пен
сезім әлеміне сүйсінеді.
Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі.Өйткені балалық шақтың түйсігі мен
әсері өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын,ренішін,
асқақ арманын,мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге
асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, бүгінгі ойын, бейнелі әрекет, артеңгі шындық ақиқатқа
кезі аз емес еңбектің бір- біріне ұқсас сипаттары көп,сондықтан кейбір педагог- ғалымдар
«Жақсы ойын-жақсы жұмыс сияқты»-деп қарап,бұлардың арасында айырма шамалы деген
түйін жасайды.
Демек,ойын мен жұмыстың ұқсастығы-жақсы ойында жақсы жұмыста көңілді
қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді.Баланың ойында да жұмыстағыдай белгілі деңгейде
жауапкершілік болуға тиіс. Олардың айырмашылығы-баланың ойыны нақты материалдық,
рухани байлық жасай алмайды, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені
белгілі.Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады.Ойын кезінде баланың
психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:
1) ойнайды;
2) эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері
дамиды,баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұштасады.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегі қуаныш сезімінде болады.сонда ойын
туралы жасалатын тұжырым мынау:
а) ойын-тәрбие құралы, ақыл кеңейтіп тілді ұстартады,сезімді шындайды.
114
114
ә) ерік пен мінез қасиеттері бекітеді,адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) эстетикалық тәрбие беру құралы.
в) еңбек тәрбиені беру құралы.
г) бір-бірінен ептілікті үйренеді,өзінің денесін шынықтырады.
Демек,ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және
физиологиялық негіздері болып табылады.
Ұлттық ойындарды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
– қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін жас ұрпаққа үлгерімді, өнегелі тәрбие беру міндеті
болып табылады. Ұлттық мұраның бай қазыналарының бірі – халықтың ұлттық ойындары
көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақшадағы
балалардың рухани өнерінің кең өсіп жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда
тәрбиенің негізгі құралдарының бірі.Мектепке дейінгі балалардың тілін қазақ ұлттық
ойындары арқылы дамыта аламыз өйткені, ойын арқылы таным процестері шындалып,
әлеуметтік-экономикалық жағдайда үйлесімді өмір сүруге дайын жеке тұлға болып
қалыптасады. Қазақ ұлттық ойындары арқылы балалардың ықылас, зейін, сөздік қорлары,
байқампаздығы, есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілеттері және дүниетанымы дамиды.
Баланың сөйлеу тілі мен ана тілін дамыту, қатынас мәдениетін, сауат ашу негіздерін
меңгеруге даярлау.
Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі,әр
түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бір саласы-
ойын әрекеті.Баланың психикалық даму үрдістік ойын әрекетінің тағылымдылық және
тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім –тәрбие псхологиясының өзекті мәселесі болып
саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі ме ақыл-оы дамып, өзін қоршаған ортаның
заттары мен құбылыстары танып біледі.
Ойын әрекеті-тек адамдардың даму үрдісінде ғана емес, ол хайуанаттар дүниесінің
тіршілігінде де кездесіп отыратынын биологиялық фактор.
Ойын жәй ермек қана емес, сәбилердің рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті
алғышарты. Бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің дамуы өркен жаюы ойынға тікелей
тәуелді, әрі өте байланысты.
Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктей
отырып, соны бейнелей ойнайды. Балаға тән бір қасиет бәрін өзім істеймін деп талпынады.
Баланың осы талпынысынан қоштап, көмектесіп, сенім білдіріп отыру тәрбиенің ең
басты бір ұтымды әдісі. Өйткені ересек адамдардың баладан айырмашылығы сана-сезімі мен
тәжірбиесінің молдылығында ғана. Сондықтан да өз білгенін балаға үйретуден жалықпау
ересек адамдардың қасиетті борышы. Ал адам бойындағы әдептілік, инабаттылық қасиеттер
бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бала ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы
қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді, өз бойына қабылдайды. Әрбір баланың ойнай
жүріп өсетін жан серігі де-ойын. Қай елдің ұлттық ойыны болмасын, сол елдің қоғамдық
идеологиясына, тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық ерекшеліктеріне
байланысты.
Тәрбиеші ұлттық ойын арқылы әр баланың өзіндік мінез-құлқын қалыптастыруға қол
жеткізеді. Әр баланың бойында өмірге деген белгілі бір бейімділігі, жаны қалайтын
қызығушылығы болады. Соны дер кезде байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеуге көңіл
бөлген ата-ана да, тәрбиеші көп нәрсені ұтады.
Баланың бойындағы қандай да болмасын қасиеттер қорғаған ортасына, үлкендерге
байланысты
екені
белгілі.
Өйткені
бала
өмірде
көргенін,ойға
түйгендерін
қайталайды.Ендеше балалардың әдепті,қайырымды, адамгершілік қасиетінің зор болуы
үлкендердің өнегесіне,тәрбиешінің күнделікті қарым –қатынасы мен тәрбие жұмысының
ұтымды жүргізілуіне байланысты қалыптасады. Үлкендердің мейірімділігі сәби жүрегін
қуанышқа бөлейді.
Үнемі мейірім мен ықыласқа бөленген сәбидің мінезі жұмсақ, қайырымды, кішіпейіл
болып өседі. Қатал мінез айналасындағылардың қатыгездігінен пайда болады. Сондықтан
115
115
неғұрлым жақсылыққа меңзейтін ұлттық ойындар қоғамның даму заңдылықтарына сәйкес
әр кезеңде жетілдіріп отырылады. Балабақшаның әр тобындағы балалардың жас
ерекшеліктеріне сай ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні жайлы өз құндылығын жойған жоқ,
керсінше жаңа қырынан көрініп отыр. Халқымыздың өмірде дені сау, шыныққан балалар
тәрбиелеу жөнінде кейінгі ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы – ұлттық ойындар.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді атам қазақ. Болашақтың іргетасы саналатын бала
әуелі отбасында содан кейін метепке дейін мекемелерде одан мектепке қалыптасатыны
баршамызға белгілі. Осы кезеңде балдырғандардың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады.
Ойын жай ермек қана емес, сәбилердің рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажеті алғышарты.
Бала денесінің дамуымен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді, әрі өте
байланысты.
Сондықтан да, Қарағанды қаласындағы «Бәйтерек» пен №7 «Жұлдыз»
балабақшаларының салыстырмалы талдауының айырмашылығында №7 «Жұлдыз»
балабақшасының мектепке даярлық топ балаларының Қазақтың ұлттық ойындар туралы
білімдері орташа деңгейдегі нәтиже берді. Мектепке даярлық топ балаларының қазақтың
ұлттық ойындар туралы орташа деңгейде болғандықтан, қалыптастырушы тәжірибені №7
«Жұлдыз» балабақшасында жүргіздік. «Жұлдыз» балабақшасында мектепке даярлық топ
балаларына ұлттық ойындарда ойнату арқылы білімдерінің қаншалықты деңгейде артқанын
анықтадық. Яғни, осы балабақшаның мынадай дәрежедегі айырмашылықтары көрсетілді:
анықтау туралы тәжірибе кезінде жоғары деңгей 23% көрсеткіш болса, ал тәжірибе соңында
жоғары деңгейі 54%-ға жетті. Орташа деңгей 27% болса, тәжірибеден кейін 30,4%-ға
жоғарылады. Төмен 50% болса, тәжірибеден кейін 18%-дық көрсеткішті көрсетті.
Қорытынды тәжірибенің нәтижесіне сүйенсек, мектепке даярлық топ балаларының жан-
жақты дамуында қазақтың ұлттық ойындарын сабақ кезінде және сабақтан тыс уақыттарда
пайдаланудың тиімділігін анықтадық.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік нәтижелері келесі мына қорытындыда көрсетілген.
-
Балалар қазақтың ұлттық ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, өзіндік
ерешелік қасиетін айқындай бастайды. Тәрбиеші қазақтың ұлттық ойын үстінде әр баланың
игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, өзіндік мінез-құлық
қалыптастыруға аса көңіл бөліп отырды.
-
Қазақтың ұлттық ойын арқылы өзіндік мінез-құлық қалыптастыруға қол жеткіздік. Әр
баланың бойында өмірге деген белгілі бір бейімділігі жаны қалайтын қызығушылығы
қалыптасты. Сондықтан қазақтыңұлттық ойындары балаларды тәрбиелеудің ең тиімді жолы,
тәрбие құралы екендігін дәлелдейді.
Қорыта келгенде, қазақтың ұлттық ойындары балалардың жан-жақты дамуына
маңызы өте зор. Яғни, қазақтың ұлттық ойындары эстетикалық тарбие беру құралы, еңбек
тәрбиесі беру міндетін шешуге көмектеседі, бір – бірінен ептілікті үйренеді, денесін
шынықтырады.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және
физиологиялық негіздері болып табылады. Сондықтан, бүгінгі таңда Қазақстанымыздың
саналы, ер жүрек, батыр, ақылды ұрпақ тәрбиелеу тәрбиеші ұстаздардың басты міндеті
болып отыр.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тартымды да, қызықты сюжеті нақты қазақтың ұлттық
ойынын ойнатқан тиімді, осыған орай ұлттық ойындарды таңдауда балалардың жас
ерекшеліктерін ескеру қажет. Біздің міндетіміз – саналы ұрпақ тәрбиесіне қазақтың ұлттық
ойындарын бойларына дарыту
Достарыңызбен бөлісу: |