107
107
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық
пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.
Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар.
Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі
мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен
бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады.
Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі–жанұядағы зорлық-зомбылық.
Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің
отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.
Зорлықтың түрлері:
- Эмоциялық зорлық–балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық–отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды
қолданатын эмоциялық зорлық;
- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-
өзіне қол жұмсауға итермелеу;
- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен
қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажетілігі туды. Зорлық
зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіңдегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де
туындап отырғандығын ескертеді.
Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді».
Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай
кейбір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы.
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші балаға отбасы тәрбиесінің
әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман
әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады.
Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы–баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған
қарап өсетін нысаны.
Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық
жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын
тигізеді.
Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі–жаман қылықтардан, яғни зорлық-
зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға
зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп
мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани
дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.
Қорыта айтқанда, балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алудың шешуші
басымдықтары балаларға зорлық-зомбылық көрсету және балаларды жұмыс күші ретінде
пайдаланудың алдына алу және болдырмау; ауыр жағдайда қалған балаларға көмек көрсету,
балалардың өмір сүру деңгейімен сапасын арттыруға жағжай жасау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: