«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


Сын тұрғысынан ойлау технологиясы



Pdf көрінісі
бет45/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан 
ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасы қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана 
алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту 
бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал 
бағдарламаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Сын 
тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:

Өз бетінше тұжырым жасау,қортындыға келу. 

Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.

Проблеманы шеше білу.

Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

Әдіс түрлері.

Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы

Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,қорғай білу. 


103 
103 

Қажет болса өз көзқарасын өзгерту. 

Топтық тұжырымға келе білу. 

Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 
дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға ,елестету мен есте сақтауын , белсенділігін дамытып 
,білім сапасының артуыны көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. 
Оқулықтағы жаттығулар өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау бекіту 
жұмыстарына арналған тілдік , грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар 
құрамына мәтіндер , тренингтер жүйесі қамтылады . Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес 
оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас 
ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылады. Бұл технология оқушының да ,мұғалімнің де 
белсенді шығармашылық қызыметін дамытуға бағыттайды. Деңгейлік тапсырмалар төрт 
деңгейде беріледі . 1-деңгейдегі тапсырмаларын орындау барысында «танып білу» және үлгі 
бойынша «қолдану» арқылы орындалады,яғни жаңа сабақ бойынша берілген 
тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі. Бұл тапсырмалар білімнің минималдық шегі, 
мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас 
ерекшеліктерне сай болады. 2-деңгей тапсырмалары түрленіп , күрделене түседі. Оқушы өз 
бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы 
жоғары. Оқушының қабылдауы ,жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті 
деңгейден әлдеқайда жоғары болады. 3- деңгейдегі тапсырмаларына ,талдау 
жинақтау,қорыту барысында есептер беріледі. Ал 4- деңгейлік тапсырмалар дарынды 
,ізденімпаз ,қабілеті жоғары , талапты балаларға арналады. Ондай оқушыларға мұғалім тек 
тақырыбын ғана береді,оқушының өзі мақсатын қойады,нәтижесіне жетеді,жазба 
жұмыстарын өз бетінше орындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет