«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет53/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
 
Балалар үшін
 
1. Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы,
 
артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады. 
 
2. Тәрбиеші үшін:
 
Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын
 
арттыруда, сабақты қызықты өткізуге, тәрбиеші үшін тиімді.
 
3. Ата-ана үшін
 


119 
119 
Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелеуде ата- 
 
ананың ролі.
 
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? деген пікірінен бала 
өміріндегі ойынның маңыздылығын көреміз.
 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
 
1. Қазақстан Республикасы «12 жылдық жалпы білім беру» концепциясы
 
2. Б.Р. Аймағанбетова, А.А.Бейсенбаева. Жеке адамның дамуы. Алматы
 
1991ж.
 
3. «Қазақстан – 2030» жолдауында, «Білім туралы заң», «Болашақтардың
 
Форумында» 2008 
ж. Н.Ә.Назарбаев.
 
4. Жас ерекшеліктер педагогикасы.Қ.Р.Б.және ғылым министрлігі С.А. Мусаева , Т.Б. 
Бегалиев
 
«Фолиант» баспасы Астана – 2006 .
 
5. Қ.М. Нағымжанова
 
Н.М. Нұрғазиева
 
6. Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар. Оқу құралы
 
Өскемен ЖШС «ШҚПК
Арго» 2007, 28-38 б.
 
7. Бастауыш мектеп 2008 № 5, 21-24 б.
 
8. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Бастауыш сыныпта оқыту».
 
9. А.П. Усова «Балабақшадағы оқыту».
 
10. «Оқу және тіл дамыту» методикасы
 
 
БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ, МАҢЫЗЫ 
Касымова Гульмира Багинтаевна 
№ 68 МИББ кешені 
Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты
мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас
әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. 
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады.
Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі
бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге
құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды
сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің
дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, театрландырылған
ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар желелі рөлдік
ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен
ерекшеленетіні айқындалған. Театрландырылған ойындар ойын – қойылымдары болып
саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық
қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы 
сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның 
бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада 
шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, 
үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалард 
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, 
кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау 
арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін 


120 
120 
сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң 
қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді. 
Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой – өрісін кеңейтіп, сөздік қорын 
байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің 
алатын орны ерекше. Әрине, мектеп жасына дейінгі сәбилердің әдеби шығармаларды оқи 
алмайтыны мәлім. Олар әдеби шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп, оқып беруі бойынша 
ғана сөз сырын санасына ұялатады. Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал – мәтел, жұмбақ 
сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден – ақ тәрбие ісінде зор көмекші 
екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленбеген, әлі мектеп жасына жетпеген ауылдық жерлердің 
сәбилері кішкентай күнінен өз әже - аталары мен әке- шешелерінен естіген халық ауыз 
әдебиеті нұсқаларынан нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға 
тыңдайды, жылдам жаттап алады.Мысалы: «Торғай», «Бақа – бақа балпақ, «Қарғалар», 
«Санамақ», тағы басқалар сияқты халық өлеңдері ойнақы тілімен, қайталама сөзімен, 
музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өрнегіне баулиды.Сол себепті де «Балабақшада 
оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға әдеби 
шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы арнайы бөлім, 2 - ден 3 жасқа, 3- тен 4 жасқа дейінгі 
балаларға халық ауыз әдебиеті үлгілерінен «Бесік жыры» сияқты ойнақы өлеңдер, 
санамақтар берілді. Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен – ақ құмартып, 
қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі 
жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманнан жиренеді – бойын 
қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман іс- әрекет жөнінде түсінік пайда болады. 
Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ана тілінің дамуы – баланың бойында қабылдай – ести білу сияқты 
психологиялық процестердің бірте – бірте қалыптасуына негіз болады. Мекиеп жасына 
дейінгі балаларға оқып беретін шығармалар, негізінен, үш салаға бөлінеді: 
1) ауыз әдебиеті нұсқалары; 
2) классик жазушылардың шығармалары; 
3) қазақ жазушыларының шығармалары. 
Осы саладағы шығармалар тәрбиешіне арналған бағдарламалық материалда 
нақты жүйеге бөліп береліген. Әдеби шығармаларды оқу мен сабақты жоспарлауда мына 
жағдайларды өте мұқият ескеру керек: 
1. Әрбір шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі, осыған байланысты тәрбие 
жұмысының мақсаты мұқият ескерілуі шарт. Шығарманың лайықтысын ғана алу керек. 
Мысалы, сәбилер (3 – 4 жасар балалар) алғаш рет балабақшаға келді делік. Олардың 
көпшілігі әлі дұрыс сөйлей алмайды, балабақшада болатын жайттармен, ойыншықтармен әлі 
таныс емес. Сондықтан алғашқы үш- төрт айда тәрбие жұмысының бәрі, оның ішінде әдеби 
шығарманы оқып, тыңдату, көбінесе ойын түрінде өтіледі. Ол үшін ойынға негіз боларлық, 
суретті (суреті өте күрделі болмасын) шығармалар керек. Көлемді шығарманың лайықты 
бөлімінен кейбір үзінді ғана алынады. 
2. Ана тіліне арналған жоспар 14 -15 күнге лайықталады. Жоспарда қандай шығарма 
оқылуы керек, оған байланысты бақылау жұмысы, суреттер, ойындар нақты көрсетіледі. 
Әрбір ойынның мақсаты белгіленеді (білімін бекіту немесе сөздің дыбыстық жағын дұрыс 
айтуға жаттықтыру сияқты). 
3. Оқылатын шығарма тәрбие жұмысының әр саласын қамтитын болсын. Мысалы: 
жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек, мерекелер туралы және тазалыққа, ұқыптылыққа, 
әдептілікке баулитын шығармалар.
4. Сәби тобында (3 -4 жас) тәрбиеші шығарманы мәнерлеп жатқа айтып беруі керек. 
Бұл тұста тәрбиеші балаларды түгел бақылап отыратын болады. Тәрбиешіның шығарманы 
жатқа айтып беруі балаларға қызықты болады, оларды жалықтырмайды. Өйткені бала 
тәрбиешіні тыңдай отырып, әр сөзді дұрыс айтуға тырысады. Сәбилерге тақпақты арнайы 
жаттату қиын. Сондықтан тәрбиеші өзі жатқа айта отырып, шығарманың қажетті шумағын 
ойын ретінде қайталау кезінде біртіндеп өзіне ілесіп айтуға үйретеді. 


121 
121 
5. Көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді 
пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың 
мазмұнын сурет арқылы жылдам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің 
астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. 
Сондықтан тәрбиеші қажетті шығарманы оқудан бұрын, суретті көресту арқылы (сәбилер 
үшін) әңгімелеседі.Соңынан шығарманы оқып береді. Ересек балаларға шығармаға 
байланысты қажетті суретті шығарма оқылған соң берген дұрыс. Өйткені шығарманы оқудан 
бұрын сурет көрсетілсе, балалардың бар ынтасы сол суретке ауады да, тәрбиеші оқығанда 
зейін қоймайтын болады. Оқылған шығарманы әңгімелеп айтуға үйрету сабағының үлгі 
жоспарын төмендегіше құруға болады.
1. Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі. 
2. Тәрбиешінің әңгімені оқып беруі. 
3. Оқылған әңгіме, ертегі мазмұнын көмекші сұрақтар қоя отырып айтқызу. 
4. Шығарманы қайталап оқу, шығарма мазмұнын балаларға айтқызу. 
Мұндайда қысқа әңгіме, ертегі мазмұнын бір балаға, көлемді шығармалардың 
мазмұнын бірнеше балаға айтқызуға болады. егер әр алуан жастағы балалар аралас болса, 
алдымен ересек, естияр балалар әңгімелеп айтады, сәбилер тыңдап отырады. Әдеби 
шығармаларды оқып, тыңдату (ересек топта), әңгімелеп беру, әңгімелету, жаттату сияқты 
сабақ түрлері экскурсия, бақылау, санау, музыка, бейнелеу өнері сабақтарымен 
байланыстыра жүргізілгені жөн. Бұл сабақтар бірінің мазмұнын бірі толықтырып отырса, 
тіпті жақсы. Ендеше баланы мектепке даярлау мәселесінде әдеби шығармалармен таныстыру 
ерекше орынға ие екенін ескеру қажет. Бағдарламаға сай мұндай жұмыс баланың жас 
ерекшелігене қарай, сабақ мақсатына сәйкес берілетін білім – дағдылар (пән аралық 
байланысты ескере) бір – бірімен байланыстыра өтіледі. Осылай оқыта отырып тәрбиелеу, 
тәрбиелей отырып оқыту принципі сәбилер тобынан бастап (2-4 жас аралығы) баланы өзіне 
қойылған сұрақты түсінікті, оған дұрыс, толық жауап беруге, өзі басқаға сұрақ қойып, жауап 
алуға, үйрету міндеті іске асады. Осы білім – дағдыларды меңгерте отырып, тәрбиеші баланы 
айналасындағы амандасу, әдепті сөйлесу, алғыс айту, жылы шырайлылық білдіру сияқты 
мінез – құлық әдептеріне үйретеді. Мысалы, сәбилер тобында Ә. Дүйсенбиевтің «Не деу 
керек?» деген өлеңінен үзінді оқығанда тәрбиеші мына мақсаттарды көздейді: өлең түріндегі 
шығарманы тыңдай білуге, жатқа айтуға үйрету; «рахмет», «кешіріңіз», т.б ізеттіліктерді 
аңғартатын сөздерді айтуға дағдыландыру, осы сөздерді күнделікті қолдана білуге баулу, т.б. 
Ал Қадыр Мырзалиевтің «Ойыншықтар» өлеңін ересек балалар тобында оқығанда тыңдай 
білуге үйрету, өлеңде аталған ойыншық жануарлар туралы сұрақтар қойып, олар туралы 
білімдерін жетілдіру қажет. Балабақшаға бармас бұрын да бала әр алуан білім – дағдыларды 
меңгереді. Бірақ көрген – білгені жайлы айтып беріп, салыстыра алмайды. Ал білімін 
жетілдіру, оқуға әзірлену – балабақша тәрбиешісінің жұмысы.Тәрбиеші қай тақырыпта 
қандай шығарма оқыса да, бақылау, экскурсия, әңгімелесу, әңгімелетіп айтқызу сабақтарын 
өткізсе де, әр заттың, іс – қимылдың сөздік атауларын бала түсініп, дәл тани білуге тиісті. 
Әдеби шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмыстарындағы басты әдістердің бірі – сөздік 
жұмысын жүргізу. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде балалар өздігінен оқи алмайтыны
анық . Сондықтан тексті оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру 
жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер 
– айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыру, дүние - танымын, ой – өрісін 
жетілдіру, зейінін, қабылдауын бағдарлай білу, қабілеттерін дамыту болып табылады. Осы 
мақсаттарға орай әдеби шығармаларды оқу, алған білімдерін тиянақтау, жалпы сөздік 
қорларын молайта отырып, мағынасын ұқсас. Мағынасы қарама- қарсы сөздерді меңгерту, 
көрген – білгендері жөнінде (салыстыра, теңей атуға үйрету) алғашқы ұғымдарын 
қалыптастыру міндеті қойылады. Шығарма оқу, тіл дамыту жұмысында сәбилер (2-3 жасар) 
тобында тыңдау қабілетін дамыту, шағын өлеңді жатқа айтуға, ауызша әңгімелеп берген 
ертегі, әңгімелеп беруге үйрету көзделеді. Ал естиярлар мен ересектер (4-6 жас аралығы) 
шығарманы тыңдай отырып, оның (әңгіме, ертегі) мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, 


122 
122 
кейіпкерлердің іс – әрекетін түсініп, өзінше талдап, ойын қорытындылай білуге, кейбір 
үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, 
өздігінен салыстыра сипаттай білуге, үйренуге тиісті. Сабақты мынадай жоспар бойынша 
өткізуге болады: 
1. тексті оқудан бұрын текстке байланысты баланың не білетінін анықтау ниетімен 
әңгімелесу
2. шығарманы оқу (сәбилерге ауызша айтылады) ; 
3. әңгімелесу; 
4. әңгімелету (суретпен, суретсіз, ойыншық көрсету арқылы) ; 
5. экскурсия, бақылау. 
Бала тілін жетілдіруде мынадай міндеттер көзделеді: 
1) сөз үйрету жұмысын әр топта өтілетін барлық сабақ процесінде ұдайы жүргізу; 
2) өмірмен байланысты сөздерді үйрету; 
3) шығарманы оқыған кезде жаңа сөз үйрету; 
4) оқылған шығарма мазмұнын қайталап түсіндіру. 
Сонымен қатар балаларды сахналық өнерге баулыса балалар жаттаған сөзінің 
мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге 
үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу, көркем 
әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда 
дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, 
балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артты, сабақтар мен 
сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, 
сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде әрбір 
ұлттың халық ертегілерінен көріністер қойылды. 
Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін 
жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие 
жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде 
ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, өздеріне сабақ 
уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды. 
Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар 
қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, 
шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы 
мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті
мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді. 
Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген 
элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді 
ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін 
сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң 
қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді. 
Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге 
араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. 
Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог 
түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді. Балабақшадағы театрландырылған іскерлік 
бағдарламасы: 5 бөлімнен тұрады. 
Театрландырылған ойын
.
Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және 
үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен 
қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет