«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет54/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Қолданылған әдебиеттер: 
1.
Ф.Жумабекова., Мектепке дейінгі педагогика, Астана-2012 
2.
П. Усова «Балабақшадағы оқыту». 
3.
«Оқу және тіл дамыту» методикасы 


123 
123 
4.
Білім, ғылыми – педагогикалық журнал-2010. - №5 
5.
Балабақша меңгерушісі және әдіскері журнал 2016 жыл 
6.
Справочник старшего воспитателя журнал 2016 жыл 
БАЛАЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АТА-
АНАЛАРДЫҢ РОЛІ 
Сыздыканова Анар Абеновна 
Сейітжанова Перизат Даулетовна
 
№ 145 «Балапан» балабақшасы, КМҚҚ 
Қазіргі кезеңдегі балалар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі- экологиялық білім, 
тәрбие және мәдениетті қалыптастыру. Әлемдегі экологиялық деректерді, ғылыми 
мағұлматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне 
байланысты. Осыған орай, балаларды табиғатты қорғау мәселелерінде ғылыми теориялық 
білімнің негізі көздерімен таныстыру ең басты міндеттердің бірі ретінде қойылады.
«Табиғат тәніне түскен зақым адамға ауру-сырқау, апат-қырсық болып оралады. 
Адамның денсаулығы болу үшін оны қоршаған табиғат таза болу керек», – деп И. Гете 
айтпақшы, бала тәрбиесінің алғашқы кірпіші қалануы мектеп болғандықтан, бүгінгі білім 
беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар экологиялық тәрбиеге жаңаша қарауды талап 
етіп отыр. Қазіргі кезде
қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары барша 
адамзатты алаңдатуда. Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы қоршаған 
ортаны сақтаудың жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесінің санасына 
табиғатқа аялай қарауды қалыптастыруы тиіс. Өйткені, экологиялық білім және тәрбие – 
жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Жалпыадамзаттық құндылықтың маңызын 
түсінетін, ақыл-ойы жетілген, саналы, білімді адам қалыптастыру экологиялық басты 
мәселелерінің бірі болып келеді. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына 
түскенде, экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Бұл 
проблемалар ел Президенті Н.А.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» стратегиясы 
бағдарламасында басты орында тұр. 
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясының 
38-бабында 
«Қазақстан 
Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты 
қарауға міндетті» делінген. 
Демек, экологиялық мәдениетті, тұлғаны қалыптастыруда педагогика ғылымындағы 
экологиялық білім мен тәрбиенің ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеп, оны ұтымды 
пайдалану өте маңызды. Сондықтан, қазіргі таңда «адам – табиғат – қоғам» жүйесіндегі 
қарым-қатынастың үйлесімділігін қамтамасыз етуде экологиялық мәдениет жетекші орын 
алады. Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, олардың қоршаған ортаға саналы 
көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынасын орнатуда, нақты, жүйелі іс-әрекет жасауына 
мүмкіндік береді. 
Табиғаттағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен 
табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағыттай отырып, төмендегідей міндеттер 
жүктейді: 
-
Білім беру мекемелерінде, сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындарында 
экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту; 
-
Басшы қызметкерлер мен мамандардың кәсіби экологиялық даярлығы және қоршаған 
ортаны қорғау туралы заңдар негізінен білімі болуы; 
-
Қоршаған ортаны қорғау саласынан ғылыми зерттеулердің, тәжірибеде 
конструкторлық және енгізу жұмыстарының мемлекет тарапынан қолдау табу мәселелері 
атап көрсетілген.


124 
124 
Табиғат — сұлулықтың өмір-бақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан ол тәрбие берудің 
ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Баланың бойына игілік пен ізгілікті 
дарытушы табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу туралы ғұлама ғалым К.Д.Ушинскийдің 
«Табиғат дауыс — дыбысын, үнін ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар 
да көңіл қойып тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға 
тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды» дегеніне 
құлақ асатын мерзім әлдеқашан жетті. Сондықтан да «жер тағдыры — ел тағдыры» екеніне 
тереңнен мән беріп, ата-бабаларымыздың атамекен, туған жер топырағы туралы 
түсініктеріне, таным-талғамдарына ой жүгіртуге, табиғатты көздің қарашығындай сақтап, 
аялауға тиіспіз. 
Балаларды экологиялық тәрбиеге баулудың міндеті — қажеттіліктің алғышарттарын 
балалық шақтан бастап қалыптастыру. Бұл міндеттер отбасынан бастау алып, ата-аналардың 
өз педагогикалық білімдерін заман талабына сай жетілдіруімен шешіледі.
Нарықтық 
қатынастар 
тұсындағы 
әлеуметтік 
жағдайдың, 
ата-аналардың 
педагогикалық білімін жетілдіріп отырудағы мүмкіндіктерінің төмендігі бала тәрбиесінде 
біршама қиындықтар туғызары сөзсіз. Бұлай екен деп қол қусырып отыруға әсте болмайды. 
Бұл тұста ата-аналарға бағыт беріп, ынтымақтастықта әрекет ету тәрбиешілердің үлесінде 
екені даусыз.
Бала тәрбиесінің алтын бесігі — отбасы. Отбасы — бала үшін өмір мектебі. Ата-ана — 
баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Ата-ананың басты борышы — баласын дұрыс 
тәрбиелеп өсіру және оны жақсылыққа, адалдыққа, тазалыққа т.б. адами игі қасиеттерге
үйрету. Балалардың болашағы ата- аналардың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне 
байланысты болады. Сондықтан, ата-ана баласын еңбекқор, еліне жанашыр, елінің қамқор 
азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті. Әсерлеп айтқанда, әуелі отбасында тамыры бітеді де, 
бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп-өнеді. Педагогикалық тәрбие отбасындағы осы 
тәлім тазалығына негізделіп қалыптасады.
Экология ғылымы — табиғат қорғау ғылымының негізі, бастау бұлағы. Табиғат қорғау 
ғылымын, оның қағидаларын, заңдарын сақтап, табиғатты өмірлік қажеттілігімізге 
пайдалануда міндетті түрде орындау — мәңгілік баянды өмір сүру негізі. Табиғат сырын 
жан-жақты білуге ұмтылу, оның қорларын қажетіне пайдалану — адам баласының қанына 
сіңген қасиет. Бұл қасиетсіз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Ендігі мақсат — осы қасиеттің 
барлығын жер басып жүрген әрбір адамның саналы түрде түсінуіне, оны нәтижелі түрде 
өмірде пайдалануына көмектесу. Бұл мақсаттың орындалуы әрбір азаматтың табиғат қорғау 
тәрбиесін қаншалықты білетіндігімен тікелей байланысты. Ол жұмысты орындау ата-ананың
міндеті болып саналады.
Отбасылық экологиялық тәрбиеге арналған материалдарды оқып, танысу өте маңызды. 
Оған ойындар, оның ішінде дәстүрлі құндылықтарға, мәдени дәстүрлерге, ұрпақтар 
арасында тәжірибемен бөлісуге қызығушылық танытатын ойындар, компьютерлік танымдық 
ойындар, балаларға арналған әдебиет пен бейнематериалдар оқып беру және көру, танысу
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет