«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет49/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Әдебиеттер тізімі: 
1. ҚР «Білім туралы» Заңы, Алматы, 2007. 
2. Ісләмжанұлы К. Рухани уыз, Алматы, 2008. 
3. Қазақ мақал-мәтелдері, Алматы, 2003. 
БАЛАЛАРДЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНҒА БАУЛУ 
Орынбаева С.С. 
Қарағанды қаласы, КМҚК «Толағай» балабақшасы 
Ойын – баланың қиялына қанат бітіретін, оның білімге деген құмарлығын оятып, 
ойдан-ойға жетелейтін балалық шағының маңызды бір бөлшегі болып табылады. Ал 
балабақша өмірінің бүлдіршіндерді тәрбиелеу ісінде дидактикалық ойындар – оларды тез 
ойлап жедел шешім қабылдай білуге, ептілікке, тапқырлыққа баулып, өз бетімен әрекет ету 
қабілеттерін дамытады. Ең бастысы, балалар дидактикалық ойын үстінде бір-біріне деген 
қайырымдылық, 
мейірімділік, 
жанашырлық, 
достық, 
жолдастық 
сезімдерін 
қалыптастырады. Сонымен бірге, дидактикалық ойындар балалар бойына қоршаған ортаға 
қамқорлық көрсету, табиғаттың тылсым құпиялары мен еңбек етуге қызығу қасиеттерін 
сіңіреді. 
Тәрбиеші дидактикалық ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде 
пайдалана отырып, балалар ұжымын топтастыруға, ұжымдық ахуал тудыруға күш салуы 
қажет. Өйткені дидактикалық ойындар – бүлдіршіндердің қызығушылығын оятуға 
негізделген тәрбие тәсілдерінің бірі болып табылады. Педагогикалық процесте ойын балалар 
іс-әрекетінің бәрінен бұрын еңбекпен ете білумен өзара тығыз байланыста болуына ықпал 
етеді. Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап 
тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі 
балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше 
сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың 
білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның 
мән–мағынасы ерекше. Ойын үстінде қай баланың болмасын әйтеуір бір нәрсеге 
бейімділігін, мүмкіндігі мен қызығушылығын анық аңғаруға болады. Бұл тәрбиешіге әр 
баламен алдағы уақытта қалай жұмыс істеу жолдарын да айқындап береді. Дидактикалық 
ойынның тағы бір маңызды жері – мұнда баланың дене құрылысы жетіліп, қимыл-қозғалысы 
ширай түседі. Ұлы Абай атамыздың: – Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? – деген 
ұлағатына ден қоюға тиіспіз. 
Балалардың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекше-ліктері де осы 
ойын үстінде қалыптасады. Мен өзім еңбек ететін балабақшада бүлдіршіндерді 
дидактикалық ойынға баулуда мынадай жайттарға көңіл бөліп отырамын: 
- сабақ үстінде дидактикалық ойындарды ойнату кезінде ең алдымен балалардың 
ойынға қызығушылығын ояту; 
- дидактикалық ойыншықтарға көбірек көңіл бөліп, сол арқылы балалар белсенділігін 
арттыру. 
- ойын үстінде балалардың өз бетімен әрекеп етіп, ойлана білулерін қалыптастыру. 
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін 
пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға 
тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. 
Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. 
Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады.


111 
111 
Сонымен бірге, тәрбиеші дидактикалық ойын үстінде топтағы балаларды толық қамтуы 
тиіс. Әр ойынның мақсат-міндетінің де болатынын ұмытпауымыз керек. Мысалы, 
геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойынның мақсаты – балаларға біреуі артық 
немесе кем санды табуды үйрету, ал көрнекілігі – ою-өрнектер, геометриялық пішіндер 
салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық мүсіндер болып табылады. Балалар мұнда 
дөңгелектердің біреуін артық етіп, не кем етіп өз беттерімен сандық карточкаларды көрсетіп 
отырады. Ойын соңында қорытындысы шығарылып, жеңген команда анықталады. Ойын 
кезінде балалар зейін қоя білуді, дәл есептеп,жылдам қимылдау қабілеттерін меңгереді.
Сонымен қатар, дидактикалық ойын кезінде балалардың бәсекелестігін арттырып, 
олардың бойына жеңе білуге ұмтылу қасиетін сіңіру қажет. Бұл бағытта балалар «Бет 
орамалға лайық жамауларды табу» ойынын қызығушылықпен ойнайды. 
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық 
ойлау қабілеттерін дамыту.
Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы 
пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
Осыған ұқсас», «Жұбын тап», «Әдемі кілемшелер», 
«Таныс пішіндер доминосы» дидактикалық ойындарының балалардың танымын 
«Гараждар», «Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта» ширақ, епті қимылдау, сергектікке баулуда 
маңызы зор деп білемін. 
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – балабақшада бастау алып, іргетасының 
қаланатыны бұлжымас аксиомаға айналған. Ал баланың бойындағы жақсы қасиеттері мен 
мүмкіндіктерін ашып, дамыту – тәрбиешілерге сын. «Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер – 
мемлекетіміздің мығым тірегі» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, 
балабақша бүлдіршіндерін жан-жақты дамыту, еліміздің ертеңін қалыптастырудың 
алғышарты болып табылады. 
Дидактикалық ойынның бір ерекшелігі – балалар ойын барысында бір-бірімен 
сөйлесіп, үнемі іс-әрекет үстінде болады. Балалардың ойын үстінде қарым-қатынас 
жасауының маңызы зор. Олар сөйлесе жүріп, пікір алысады, әсерленеді, ал бұл ойынның 
түпкі мақсаты мен мазмұнын айқындайды.
В.А.Сухомлинскийдің сөзіімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы 
жоқ» және болуы да мүмкін емес. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда балалар әр 
нәрсеге қызығушылық танытып, өте қозғалмалы болып келеді. Ал балалардың 
қызығушылығын арттыру мақсатында тәрбиеші ойынға қатысушылардың өзіндік сөз 
ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Өйткені тәрбиеші ойынды 
зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып табылады. Әрине, ойын өнер түрінде де, әдебиет пен 
мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі. Жас 
бала осы ойын арқылы дүниені танып, қоршаған ортаға деген түсінігі қалыптасады. Ол үшін: 

Ойынды тақырыпқа сәйкес алу; 

Ойынның мақсатын нақты қойып, қажетті көрнекіліктерді балалардың 
қызығушылығына сәйкес дайындау; 

Ойын алдында балаларға оның жүргізілу тәсілін толық түсіндіру; 

Ойынға балалардың барлығын қатыстыру; 

Ойын барысында балалардың білмеген жерлерін толықтыру, көмек көрсету қажет. 
Сонымен бірге, қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде ойын технологиясы 
кеңінен пайдаланылуда. Ойын технологиясын дұрыс меңгеру – балалардың жан-жақты 
болуына, тапсырмаларды дәл, дұрыс орындап шығуына септігін тигізетіні сөзсіз. Балалардың 
оқу іс-әрекетін барынша арттыру, балабақша өміріне тарту, өздерін аса қолайлы сезінулері 
үшін ойын элементтерін тиімді пайдалана білген жөн. Тәрбиешінің әр сабақ барысында 
қандай ойын түрлерін сабақтың мазмұны мен мақсатына сәйкес келтіре білуі, балалардың 
жас ерекшелігіне сәйкес таңдай білуі маңызды. Балабақшада еңбек еткен уақытымда 
балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнай білуді де үйретуді мақсат етіп қойдым. 
Ал балалардың өзіндік ойын әрекеті олардың ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана 


112 
112 
еске асады. Осы бағытта дидактикалық ойындарды балалардың байқағыштық, зерттеп-
салыстыру, сезіне білу қабілетін дамытуға, заттарды белгілері бойынша танып-түйсіну 
қасиеттерін ұштай отырып, сөздік қорын молайтуға пайдалануға тырыстым. 
Балалардың жеке-дара ойнауына арналған дидактиалық ойындар (мозаика, пирамида) 
баланың өз бетімен әрекет ету қабілетін дамытатыны сөзсіз. Ал 4-6 баламен ойналатын 
сандық лотолар сандарды үйрену үшін таптырмайтын ойын түрлері болып табылады. 
Жалпы балаларға дидактикалық ойындарды үйрету педагогикалық шеберлікті қажет 
етеді. Ойынның балалардың мінез-құлқын тәрбиелеуде де алатын орны ерекше. Өйткені бала 
ойын үстінде өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық адамзат баласының даму 
баспалдағы.
Қорыта айтқанда, баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, дамуының, жан-
дүниесінің баюының негізі – балабақшада ойналатын ойындардың мазмұнына, мақсаты мен 
міндеттеріне тікелей байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет