Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз



бет42/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   96
http://www.tilashar.kz – Тілашар – Қазақ тілін оқып үйренушілерге арналған «Хабар» Агенттігінің  «Тілашар» телебағдарламасы негізінде ашылған сайт. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда, online сабақтар жүргізуде сайттағы методикалық бөлімдерді пайдалануға болады.Сайтта қазақша-орысша лингвистикалық сөздік берілген. 

http://www.kz.index.kz - Орысша-қазақша мультмедиялық сөздік

Электрондық поштаның жұмысын түсіндіріп көрсетіңіз

Интернет қызмет баптарының ішіндегі маңыздыларының бірі
электрондық пошта (e-mail) қызметі болып табылады. Күннен күнге ол бұрынғы қағаз арқылы атқарылатын байланысты ығыстырып, бір-бірінен қашықта- әр түрлі қалаларда тұратын адамдар арасында мәлімет алмасудың негізгі түріне айналып келеді. Электрондық поштамен жұмысты бастау үшін көп нәрсе қажет емес- компьютеріңізде электрондық хабарламалармен жұмыс істейтін программа мен өз пошта жәшігіңіз болса жеткілікті. Пошта жәшігін провайдер (Интернет қызметін көрсетуші) арқылы немесе тегін веб-пошта серверлерінің бірінде ашуға болады. Ал кең тараған пошта программаларының негізгілерінің бірі- Windows жүйесі құрамындағы Outlook Express программасы. Оны іске қосу үшін Іске қосу менюінің Барлык программалар тізімі ішіндегі Microsoft Outlook жолын таңдау қажет. Оны пайдалану қиын емес, алдымен хат мәтінін Word редакторындағыдай түрде теріп, сонан соң Жөнелту (Отправить) батырмасын шерту керек .

Қабылдап алушы – хатты қабылдап алатын адамның электрондық мекен жайы (мысалы, ту_е-mаі1@mаі1.кz).

Тақырып - хаттың тақырыбы (мысалы, Поштаны тексеру).

Көшірме, Жасырын көшірме – жіберілетін хаттың көшірмелерін қабылдап алушылардың электрондык мекен-жайлары.

Терезенің ең төменгі жағында орналасқан өріс хат мәтінін енгізуге арналған.

Жөнелту батырмасы хатты жөнелту әмірін орындау үшін қолданылады.

Барлық қажетті өрістерді толтырып, Жөнелту батырмасын басқаннан кейін хаттың жөнелтілгені туралы ағылшын тіліндегі хабарламаны қамтитын қызмет терезесі пайда болады. Жасыл түсті жазба хаттың сәтті жөнелтілгенін, ал қызыл түс – жөнелтілмегенін білдіреді.

Осы әрекеттерді аяқтағаннан кейін қанша хат келгені және олардың қаншасы оқылмағаны жөнінде акпарат шығатын терезе пайда болады .

Хаттар тізіміне өту үшін «inbох » әмірін шертеміз.

Бағандардың мәндерін қарап шығайық.

Status: хаттың оқылған-оқылмағанын көрсетеді (жабық хатқалта белгішесі - хат әлі оқылған жоқ).

From: өз пошта жәшігін тіркеу кезінде енгізген автордың қолтаңбасы («Шынайы аты» өрісі).

Subject: хаттың тақырыбы.

Бұдан кейін хаттың көлемі және хатты қабылдап алған күн-айы мен уақыты көрсетіледі.

Хаттың мазмұнына көшу хатты жөнелтушіні - From бағанын шертеміз.

Хаттардың барлығын оқып болғаннан кейін Шығу батырмасын басып, жәшіктен шығамыз.

Электронды поштамен жұмыс істеп болғаннан кейін Іnternet желісін ажыратып қойыңыз.

Электрондық адрес құрамы

Барлық электрондық адрестер бір заңдылыкден құрастырылады: адам_аты@компъютер_аты. Мұндағы @ ("әт" деп оқылады, бірақ көбінесе күшік белгісі немесе айқүлақ деп айтылады) символының сол жағындағы сөз пошта жәшігінің иесінің атын білдірсе, оның оң жағындағы сөз — пошта жәшігі орналасқан компьютер атын ( үйдегі компьютер емес, пошта сервері) көрсетеді. Пошта келіп түсетін сервер аты бірнеше сөзден құрастырылуы мүмкін, мысалы:

azatuli®firmasy.almaty.kz

1 2 3 4


1 — пошта жәшігі иесінің аты,

2 — пошта жәшігін берген үйымның аты,

3 — мекеме орналасқан аймақ аты,

4 — мекеме орналасқан мемлекет аты, Казақстан- kz, Ресей — ru, АҚШ — us, т.с.с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет