«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


Атаудың  мағынасы: «суы тұщы құдық»



Pdf көрінісі
бет40/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

 
Атаудың 
мағынасы: «суы тұщы құдық».
 
Шайыр 
– Маңғыстау ауданындағы ауыл. Атау шай (зат есім) және йір (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. С.Қондыбай: «Түркі тілінің оғыз-селжук диалектісінде 
«чай, шай» – су, сулы сай, ал йір «жер», атау – «сулы жер» дегенді білдіреді дейді [27, 25 б.]. 
Расында да, Иран топонимиясын зерттеген В.И. Савина: «чай – түркіше «өзен» деп көрсетеді 
[28, 240 б.]. Ә.Әбдірахманов та: «чай – оғыз тобына жататын түрікмен, азербайжан тілдеріне 
тән, «өзен, тау өзені» мағынасындағы сөз екенін айтқан [29, 126 б]. Сонда атаудың 
мағынасы: «сулы жер, тау өзені бар жер».
Шебір
– Маңғыстау ауданындағы ауыл. Бұл атаудың шығуы туралы да түрлі 
болжамдар қалыптасқан. Өлкетанушы С.Қондыбай атауды 
савир
тайпасымен байланыстыра 
қарастырады [30, 131 б.]. Көптеген топонимистер (Э.Мурзаев, Е.Койшыбаев, С.К. Караев) 
шабар//шибер//сибер//шидер – «балшық жер» мағынасындағы сөз деп қарастырады. Қазақ 
топонимисі А.Әдірахманов Шығыс Сібірден Ауғанстанға дейін кездесетін 
Сибирь, Шивер, 
Шавар, Савар
атауларының этимологиясын былайша тұжырымдайды: «Сибир атауы көне 
түркі тілдеріндегі 
суб
сөзі мен 
йер
сөзінің қосылуынан жасалған сияқты. Беретін мағынасы 
«сулы, өзенді жер». Қазақ тілінде «сулы жер» деген тіркестің «су жер» деп қолданылуы да 
осы этимологияны бекіте түседі. Күлтегінде
йір
, Тоныкөк ескерткіштерінде 
йір
мен 
йер
формалары қатар келеді. Ендеше,
йер
сөзі түркі тілінің көне диалектілерінде 
йір
болып 
айтылуы ықтимал. Бұның өзі 
суб-йір
сөзінің 
сибир
түрінде айтылуын жақындай түседі. 
Екіншіден, суб-йер – сибир түріне көшуіне соңғы йер сөзі кейінді ықпал заңымен әсер етіп, 
бірінші суб сөзіндегі 
у
дыбысының 
и
дыбысына ауысуына әсер еткен. Осылайша, алғашында 


64 
Тобыл және Ертіс өзендерінің бойын мекендеген татарлардың және басқа да түркі 
халықтарының тілінде айтылып жүрген сибир – субйер – субиір сөзі Сібір хандығының және 
Тобольск қаласының маңындағы қала атына қойылған да, кейін Орал тауынан бастап, Қиыр 
Шығысқа дейінгі жерлер Россияға қосылуына байланысты осы ұланғайыр аймақтың атына 
көшкен. Алғашқы беретін мағынасы – «сулы жер», «өзенді-сулы өлке»... Қолда бар 
деректерге қарағанда, «батпақ», «саз», мағынасында кездесетін моңғ. тіліндегі шабар, 
«шалғынды» деген мағынадағы қырғ. тіліндегі шибер, «батпақ» мағынасындағы тәж. 
тіліндегі шибер сөздері сибир сөзінің фонетикалық варианттары сияқты» [31, 82-87 бб.]. 
Шебір 
атауын да осы сибир сөзінің бір варианты деп қарастырамыз. Сонда 
Шебір 
– «сулы 
жер» деген мағынаны береді. XIX ғасырда өлкемізде болған орыс топогрофы П.В. 
Алексеевтің Шебірді Бозашыдағы суы мол жер деп көрсетуі де осыны дәлелдей түседі. 
Ырмақ 
– Бейнеу ауданындағы құдық, бұлақ аты.
 
Э.В. Севортян көнетүркі тілінің 
сөздігінде: «Ырмақ – «
ыр»
етістігіне -мақ жұрнағының жалғануы арқылы жасалған туынды 
сөз – «аққан су, арық, өзеннің сағасы» мағыналарын береді» деп көрсетеді [24, 665 б.].
Шат
– Маңғыстау ауданындағы құдық, жер аты. 
Шат
– М.Қашқари сөздігінде: «чат 
– құдық (оғызша) деп берілген [32, 205 б].
 
З.Б. Мухамедова да «Исследования по истории 
туркменского языка XI-XIV» атты еңбегінде: «көнетүркілік чат – «құдық деген сөз» деп 
көрсеткен [21, 187 б.].
Міне бұл талдаулар арқылы Маңғыстау өңірі топонимиясы көнетүркілік атауларға 
өте бай екендігін және өзінің тарихи қалпын сақтап, көп өзгеріске түспей сақталғандығын 
ерекше атап өтуге болады. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1
. Мурзаев Э.М. Очерки топонимики. – Москва, 1974, -323 с. 
2
. Агаджанов С.Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии IX- XIII вв. – 
Ашхабад, 1969, -294 с. 
3
. Мусин Х. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2005, -592 б. 
4
. Қондыбай С. Маңғыстау-нама. – Алматы: Үш қиян, 2006, -444 б. 
5
. Кононов А.Н. Родословная туркмен: Сочинение Абу-л-Гази Хана Хивинского. – М-
Л., 1958, -193 с.
6
. Каспий қайраңы, танымдық – көпшілік басылым. – Алматы, 1996, -278 б 
7
. Койчубаев Е. Краткий толковый словарь топонимов Казахстана. – Алма-Ата: 
Наука, 1974, -277 с. 
8
. Атаниязов С. Словарь туркменских этнонимов. – Ашхабад, 1988, -180 с. 
9
. Мурзаев Э.М. Очерки топонимики. – Москва,1974, -323 с. 
10. Омарбекұлы С. «Шәуілдір» топонимінің шығу төркіні жөнінде // Қазақ тілі 
білімінің өзекті мәселелері. – Алматы: «Арыс», 2007. – 312 б. + 8 б. жапсырма. 
11.
Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. – Москва: Наука, 
1974, -768 с. 
12.
Койчубаев Е. Краткий толковый словарь топонимов Казахстана. – Алма-Ата: 
Наука, 1974, -277 с. 
13.
Древнетюркский словарь. – Москва: Наука, 1969, -676 с. 
14.
Маңғыстау энциклопедиясы. – Алматы, 2008, - 632 б. 
15.
Ашурбейли С.Б. О топонимике «Аран»//История топонимических исследований. 
– Баку, 1992, С. 47-56. 
16.
Қожанұлы М. Атырау облысының жер-су аттары. – Астана, 2005, -144 б. 
17.
Спан Ә., Дүйсенбаева Ж. Ұланғайыр даланың ұлы мұрасы. – Алматы, 2006, -224 
б. 
18.
Жанұзақ Т. Қазақ онамастикасы. Атаулар сыры 3. – Алматы, 2007, -544 б. 
19.
Аманжолов С. Вопросы диалектологии истории казахского языка. – Алма-Ата, 
1959, -452 б. 


65 
20.
Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. – Москва: Наука, 
1980, -395 с.
21.
Мухамедова З.Б. Исследования по истории туркменского языка XI-XIV. – 
Ашхабад, 1973, -234 с. 
22.
Древнетюркский словарь. – Москва: Наука, 1969, -676 с. 
23.
Қашқари М. Түркі сөздігі: Үш томдық жинағы. 1-том.– Алматы: Хант, 1997, -
590 б. 
24.
Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. – Москва: Наука, 
1978, -350 с.
25.
Қондыбай С. Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары. – Алматы, 2000, -126 б.
26.
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы, 1966, -240 б. 
27.
Қондыбаев С. Маңғыстау географиясы. – Алматы, 1997, - 135 б. 
28.
Савина В.И. Словарь географических терминов и других слов, формирующих 
топономию Ирана. – Москва, 1971, -345 с. 
29.
Абдрахманов А. К вопросу о методах этимологического исследования 
топонимов Казахстана//Тюркская ономастика. – Алма-Ата, 1984, С.120-131. 
30.
Қондыбай С. Есен-қазақ. – Алматы: Үш қиян, 2002, -352 б. 
31.
Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. – Алматы, 1975, -208 б. 
32.
Қашқари М. Түрік сөздігі: Үш томдық. 3-том. – Алматы: Хант, 1998, - 599 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет