«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


Т.Жанұзақов: «өгіз – көнетүркі тілінде «өзен», «су»  мәнін білдіретін сөз болған», – дейді [18, 66 б.]



Pdf көрінісі
бет38/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

 
Т.Жанұзақов: «өгіз – көнетүркі тілінде «өзен», «су» 
мәнін білдіретін сөз болған», – дейді [18, 66 б.].
 
Бұл пікірді Э.Мурзаев нақтылай түседі: 
«Негізінен, окуз сөзі «ағып жатқан су» мағынасын береді» [9, 195 б.]. 
Сонымен Бесөгіз 
атауы 
– «ағынды сулы бес құдық» немесе 
«көп су»
деген мән береді. Маңғыстауда 
өгіз
сөзімен 
байланысты бұдан басқа 
Өгіз, Өгіз-Ереулі
деп аталатын құдық, жер атаулары кездеседі. 
Өгіз-
Ереулі 
аталатын құдық атауындағы өгіз – 
«су»,
ал ереулі – 
С.Аманжоловтың 
«Вопросы 
диалектологии и истории казахского языка» атты еңбегінде

«елірген, шыйрыққан, 
тыпыршыған» деген мәндегі диалекті сөз деп келтірілген [19, 478 б.]. Сонда атау «
ағыны 
қатты су, құдық»
деген мағынада қолданылады. 
Боздақ 
– Манатаның шығысындағы қыр мен сай атауы және Маңғыстау ауданындағы 
ауыл, құдық, қорым. Атау боз (сын есім) және дақ (тау, зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы 
жасалған. Негізінен, 
боз
деп – көде, селеулі өсімдікті дала, жыртылмаған, құнарлы тың 


62 
жерлерді айтады. Ал 
дақ 

 
қазіргі тіліміздегі тау сөзінің көне 
дағ
формасы болуы мүмкін

«Дағ – «тау» [20, 117 б.].
 
Атау биік қырдың сарғыш бозаң тартып тұруымен байланысты 
қойылған тәрізді. 
Доңға 
– Түпқараған ауданындағы жер аты. «Бұл атау көне түркі тілінде домба//томба 
– «жота», «дөң», «төбе» деген сөз» [18, 65 б.]. Сонда Доңға – «дөң, төбе» дегенді білдіреді. 
Домба, томба
//
доңға 
сөздеріндегі
 м
//ң орын алмастырғыш дыбыстар қатарына жатады.

Елеғажы 
– Үстірттегі бір топ құдық. Атау Елек (сын есім) және ажы (аджы) (сын 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. 
 Елек 
сыңарындағы
 Е/И «ылғыл, су» 
мәнін беретін 
имитатив

Ал

лек бір нәрсенің бар екенін, молдылығын білдіретін көне жұрнақ.
Аджы
(көне түріктің сөзі) //
ажы
–суы ащы, бірақ мал ішуге жарамды құдықтарға қарата айтылып, 
солай жер атауы болып қалыптасып кеткен: 
Ажы
– Э.Севортянның сөздігінде: «ащы, ащы 
су, шипалы су» делінген [68, 89 б.]. Сонда Елеғажы атауының топонимдік мағынасы: «ащы 
сулы құдық» дегенді білдіреді. Өлкеде 
ажы 
сөзімен жасалған 
Қарашажы – «Қараштың 
ащы құдығы», Қосажы – «қос ащы құдық» 
мәніндегі т.б

құдықтар кездеседі. 
Егіз
– Маңғыстау ауданындағы құдық атауы. 
Егіз
сөзі Э.С. Севортянның сөздігінде 
«биік, ұлы» деген мағыналарда қолданылған. «Егиз производное, образованное с помощью 
древнего именного аффикса 
(а) з
от глагола 
ег
или 
еги 
– «
подниматься», «возвышаться» 
[11, 
224 б.]. Егіз – «суы мол, бас құдық» немесе «биік жердегі құдық» – деген мағына беретін 
тәрізді. 
Жазыгүрлі
– Қарақия ауданындағы құдық, қорым. Атау жазы (зат есім) және гүрлі // 
ғұрлы (шылау) сөздерінң бірігуі арқылы жасалған.
Жазы – 
көне түркі тілінде
«дала, жазық 
жер, иен дала
» мәніндегі сөз [21, 102 б.]. Ал гүр+лі, түбірі гүр – көнетүркі сөздігінде, «мола» 
[22, 195 б.]. Сонда атаудың мағынасы: «моласы бар жазық жердегі құдық». 
Иірдің ойы
– Маңғыстау ауданындағы көлдеу ойпаң. Топонимге «Жер атауы су 
иіріліп, көп жатуына орай аталған» деген түсінік берілген. Ал біздің ойымызша, «Иірді» 
көнетүркі тіліндеге
Йир
(жер) сөзімен байланысты деп қараймыз [23, 73 б.].
 
Жер сөзінің 
Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштерінде йір, йер варианттарында кездесуі осы ойымызды 
нақтылай түседі. Сонда 
Иірдің ойы – «жердің ойы, ойығы, ойыс жер» 
мағынасын білдіреді. 
Көгез
– Маңғыстау ауданындағы жер аты. Атау екі компонеттен құралған: 
көк+ез
(дұрысында, үндестік заңына сәйкес – 
өз
). Өз – М.Қашқарида – «аңғар», «шатқал» деп 
берілген. 
Көгез 

 
«
көк (көк шөбі мол) шатқал
» мағынасындағы атау. 
Қарашасаура
– Маңғыстау ауданындағы аңғар. Атау қараша (сын есім) және саура 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Өлкетанушы Ә.Спан: «
саура
– «биік жартасты 
жарып шығатын тұщы су көзі» – деп анықтама береді [17, 217 б.]. Ал көне түркі тілінде: сау 
сөзінің – «таза, ауызсуы» деген мағынасы кездеседі [22, 480 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет