«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


ТҮРКІТАНУШЫ ҒАЛЫМ ҒҰБАЙДУЛЛА АЙДАРОВ



Pdf көрінісі
бет18/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

 
ТҮРКІТАНУШЫ ҒАЛЫМ ҒҰБАЙДУЛЛА АЙДАРОВ:
КӨНЕ ТҮРКІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫР ЖАЗБА
ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТІЛІ
 
Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы 
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы, Тіл білімі институтының 
Тіл тарихы бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, 
Алматы, Қазақстан 
 
Отандық түркология іліміне, әсіресе құпиясы мен сыры мол көне жазулардың 
табылуы мен танылуына, зерттелуіне үлес қосқан отандық көрнекті түркітанушы Ә. 
Марғұлан, Ш. Уәлиханов, Қ. Жұбанов, Ғ. Айдаров, С. Аманжолов, А. Ағыманов, М. 
Жолдасбеков, Ғ. Мұсабаев, Қ. Өміралиев, Б. Нұрмұғамбетов, Н. Сауранбаев, Т. Томанов,
т.б. ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Әсіресе көне жазуларды зерттеуде, 
оның сырына терең бойлаған 
Ғұбайдолла Айдаровтың
орны ерекше. Ғалымның өмірі 
мен қызметі жайлы мәлімет берген ғалым Б. Әбілқасымовтың айтуынша, Ғұбайдолла 
Айдаров С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында 
оқып жүргенде көне түркі, ескі ұйғыр және моңғол жазуларына қызығады. Осы жазуларды 
оқып, үйренуге бел байлайды. Санкт-Петербург университетінің түлегі, көне түркі 
жазуларының білгір мамандарының бірі – ғалым Ц.Д. Номинханов Ғұбайдолла Айдаровқа 
VI-VIII ғасырлардағы түркі тайпаларының өздеріне тән жазуы болғанын айтып, жас 
жігітке құпия жазудың сыр-сипатын үйрете бастайды. Ол кез Ц.Д. Номинханов ҚазМУ-
дің Қазақ тілі кафедрасының доценті еді. Сонымен қатар Ғ. Айдаров С.Е. Маловпен тығыз 
байланыс жасай жүріп, орхон-енисей жазуларын еркін оқи алатын дәрежеге жетеді [1].
Түркітанушының тілтанымдық шеңбері өте кең болуы аса маңызды. Себебі сөз 
тарихын зерттеудің аса бір қиындығы – көне жазба ескерткіштерді, тасқа қашалған 
жазудың түр-түрін танып-талдау керектігінде. Ескіліктегі көне түркі, көне ұйғыр, армян, 
ескі гот, латын, араб т.б. жазулардың барын ескерсек, ғалымның осы аталған жазуларды 
жетік меңгергендігін ғылыми еңбектерінен байқаймыз. Ғалымның белгілі бір жазба 
ескерткіштің жазуын талдағанда ескі кельт пе, соғды жазуы ма, ескі гот па, ескі славян 
жазуы ма, индогот жазуы ма, грек жазуы ма, фин халықтарының ерте кездегі жазуы ма? 
Осы сияқты жазулардың ара-жігін ажыратып, өзінің ғылыми топшылауларын келтіріп 
отырады. Мәселен, ғалым Кошо-қайдам алқабындағы Орхон өзенінің бойынан табылған 
Білге қаған ескерткішінің екі тілде жазылғандығын (түркіше, қытайша) анықтайды. 
Сондай-ақ, ғалым Орхон жазуымен жазылған ұсақ-түйек бірсыпыра ескерткіштердің 
барын айта келіп, олардың таңбалары, ұйғыр, араб жазулырамен аралас келгендігін де 
айта кетеді. Ғалымның Тоныкөк ескерткішіндегі 
йабыз
(жауыз), 
бад
(жаман), 
баз


40 
(бейбітшілік), 
шад
(шат), 
чынтан
(ағаш түрі), 
барқ
(жай, сарай) сөздерін соғды тілінен, 
кунчуй
(бикеш), 
сенүң
(әскери), 
табғаш
(қытай) сөздерін қытай тілінен, 
мар
(ұстаз) сөзін 
санскрит тілінен енген деп көрсетеді. Ғалымның осындай ғылыми ізденістеріндегі 
графикатанушылық қасиеті, көп тілді білуі
шетел ғалымдарын да тамсандырған.
Ғалымның көне жазуды өте жетік меңгергенінің және жеңіл оқуының арқасында әр 
ескерткіштің мерзімі, көлемі, құрылымы, тілі, жанры, стилі деген сияқты тағы басқа 
ерекшеліктері тұрғысынан талдап қана қоймай, ескі ме, жаңа ма? Қай өзеннің бойындағы 
жазу жақсы сақталған? Жақсы сақталуының себебі неде? деген мәселелерге де назарын 
аударып, ғылыми тұрғыдан негіздеп отырады. Мәселен, ғалым туған жері Маңғыстаудың 
тарихын бейнелейтін ескерткіштерге экспедиция жасап, зерттеулер жүргізеді. Маңғыстау 
түбегінде кездесетін ескерткіштердің бірі – ескі мен құлпытастар туралы ғалым: 
«Құлпытастар ерте заманда түркі тайпалары қолданған балбалдардың өзгерген түрі. 
Балбалдарды ескерткіштер ретінде VI-VIII ғасырлардағы түркі тайпалары да, қарлұқтар 
да, қыпшақ-половцылар да кеңінен қолданды. Орта Азияға мұсылман дінінің бірте-бірте 
еніп, кең өріс алуына байланысты жанды нәрселердің суреттерін бейнелеуге тыйым 
салынды. Сөйтіп, балабалдардың орнына құлпытастар пайда болды. Кейбір жазулар түркі 
тілінде жазылса, кейбір жазулар қазақ тілінде жазылған», – дейді [2]. Сөйтіп ғалым 
құлпытастың бетіндегі жазуды оқиды: 
Ұшбу қобди құтлығ болғай Қырымқұл, Қыдырша-оғылына 
 
Ғұбайдолла Айдаров Талас, Енисей, Орхон өзендерінің бойынан табылған 
жазуларды лингвотекстологиялық талдау жасай отырып, тұңғыш рет қазақ тіліне 
аударады. Аударма 1990 жылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет