«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


ПРОФЕССОР ҒҰБАЙДОЛЛА АЙДАРОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРКІ



Pdf көрінісі
бет17/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

ПРОФЕССОР ҒҰБАЙДОЛЛА АЙДАРОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРКІ 
ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЛЕКСИКАСЫ МӘСЕЛЕСІ 
 
Аталған мақала
АР 08855980 «Қазақ тілінің тарихи сөздігі» 
 атты ҚР БҒМ бекіткен гранттық ғылыми
жобасының аясында жазылды.  
 
Сарекенова Қарлығаш Құрманғалиқызы 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 
Нұр-Сұлтан, Қазақстан 
Тіл қай дәуірде болмасын, сол қоғамның қал-жағдайынан, қоғамдық қарым-
қатынасынан, әлеуметтік танымынан хабардар беретіні ақиқат. Өйткені тіл – қоғаммен қатар 
өсіп-өнетін, көнеріп, қайта жаңаратын немесе өлетін жанды организм. Әлемдегі барлық 
тілдер секілді, қазақ тілі де жаралғаннан бері бірнеше ғасырда көптеген өзгерістерге ұшырап, 


35 
мыңдаған сөздеріміз көнеленсе, сандаған жаңа сөздер (неологизм) пайда болып, түрлі 
өзгерістерді басынан кешуде. Және сонау көне заманнан бері базалық лексиканы құрайтын 
көптеген түркі тілдеріне ортақ негізгі сөздердің де тілімізде алар орны ерекше. 
Тарихи тұрғыдан келгенде, V-ІХ ғасырларды қамтитын Көне түркі дәуірі тұрғысынан 
алғанда, қазақ тілінің қалыптасу тарихының бұл кезеңі түркі әлемінің өркендеу дәуірімен, 
яғни Түркі қағанатының құрылуымен және сына жазулы Орхон, Енисей және Талас жазба 
ескерткіштерінің жасалуымен сәйкес келетіні белгілі. Ал бұл дәуірдің басты ерекшелігі 
ретінде ғалымдар түркілердің өз тарихын, өздері жайлы мәліметтерді өздері жазып 
қалдырғанын, өзара жақындық белгілеріне қарай түркі тілдерінің қыпшақ, оғыз, ұйғыр 
(қарлұқ) тайпалық тілдік бірлестіктерге жіктеле бастағанын, тіптен қырғыз, ұйғыр тәрізді 
жеке тілдердің қалыптасу процесі бой көрсеткенін айтады. Мұны С.Е.Малов, Ғ.Айдаров, 
А.Аманжолов, Қ.Сартқожаұлының зерттеулері бойынша сол дәуірден бізге жеткен Орхон-
Енисей руникалық жазба мұралары мен көне ұйғыр тіліндегі ескерткіштері айғақтайды. 
Соның бірі – Ғ.Айдаровтың Ә.Құрышжанов және М. Томановпен бірге дайындаған «Көне 
түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1971) атты оқу құралы [1]. Бұл еңбектің «Орхон-Енисей 
жазу ескерткіштерінің тілі», «Көне ұйғыр жазу ескерткіштерінің тілі» деген бөлімдерін 
F.Айдаров жазған. 
Осы Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің тілін зерттеуде қазақ тіл білімі үшін 
Ғұбайдолла Айдаровтың ғылыми еңбектері өте маңызды орын алады. Осы жерде «Отандық 
түркология тарихында соқтықпалы соқпақсыз заманда тыңға түрен салған, жасқанып 
мұқалып қалмай, өз бетімен өрге ұмтылып, табанды ізденістерге барған, Орхон 
мұраларының қазақ тіліне қатысын зерделеп ізашар еңбек жазған, көрнекті ғалым, тіл 
білімінің алдыңғы алыптар буыны өкілдерінің бірі – бүгіндері 100 жылдық мерейтойы 
аталып отырған, Қазақстанның ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, филология 
ғылымдарының докторы, профессор Ғұбайдолла Айдаров. Ол отандық түркологияда көне 
түркі бітік жазбаларын алғаш зерттеп, мезгіл өзгерісінің хабаршысы болған қарлығаштардың 
бірі еді [2], деп айтылған «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан Д.Қыдырәлінің 
«Түркологияға түрен салған тарланбоз» деген мақаласында. 
Ғ.Айдаров «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» атты еңбегінде, ең алдымен, онда 
қолданылған алфавитті анықтап алу керектігіне тоқталып, өзіне дейінгі Г.И.Спасский, 
М.А.Кастрен және Г.Вамбери, Н.А.Аристов, Н.Г.Малницкий, В.Радлов, С.В.Киселев, 
И.А.Батманов, С.Г.Кляшторный, П.А.Мелиоранский, В.В.Бартольдтің пікірлерін саралай 
отырып, олардың айтқан пiкip-болжамдарын әлі де болса зерттеп, анықтай түсу керек 
екендігін айтып, өзі Орхон жазуының сол кездегі түркі тілінің дыбыстарын бейнелеуге 
қолайлы жазу болған деп қорытындылайды. 
Фонетикалық жағынан дауысты, дауыссыз дыбыстарды қарастырады. Дауысты 
дыбыстардың бойынша ескерткіштерде төрт таңба сегіз дауысты дыбысты өрнектеуге 
қолданылғанын мысалдар арқылы көрсетсе, дауыссыз дыбыстарды – жалаң дауыссыздар, қос 
дауыссыздар, дыбыс тіркестері – деп топтастырып қарастырады. Ал дыбыстардың алмасуы 
бойынша дауысты дыбыстардың алмасуына – 8, дауыссыз дыбыстардың алмасуының – 12 
түрін келтіреді. Сондай-ақ буын және сингармонизм мен ассимиляцияға да ескерткіштер 
бойынша талдаулар жасайды. 
Морфология бөлімі бойынша, ең алдымен, Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сөздерді 
құрамына қарай түбір сөздер, туынды сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер және күрделі сөздер 
деп бөліп, сөз тұлғаларын анықтап береді де, тек содан кейін сөз таптары әрқайсына жеке 
тоқталады. Зат есімдерді де, алдымен, бір буынды және көп буынды негізгі зат есім мен 
туынды зат есімдерді ажыратып береді. Туынды зат есімдер бойынша, зат есім тудыратын 
өнімді жұрнақтарды мысалдармен келтіреді. Одан кейін зат есімнің көптік жалғауларына, зат 
есімнің тәуелдену ерекшеліктеріне және септік жалғаулары айқындалады. Орхон-Енисей 
ескерткіштері тілінде жеті түрлі септік бар. Қазipri кездегі түркi тілдерімен салыстырғанда, 
көне түркі жазбаларының тіліндегі септік жалғаулардың тұлғалық және мағыналық кeйбip 
айырмашылықтары бар екенін көрсетеді, әйтсе де Ескерткіштердің орнатылғанына мың 


36 
жылдан астам уақыт өткеніне қарамай, ондағы септіктер осы заманғы түркі тілдеріндегі 
септіктерден көп ерекшеленбейді деп қорытындылайды. 
Сын есім бойынша сапалық сын есімдер мен қатыстық сын есімдерді бөліп көрсетеді. 
Сапалық сын есімді үш топқа – заттың түр-түсін білдіретін, заттың көлемі мен аумағын 
білдіретін, заттың сапасын, сыр-сипатын білдіретін – деп топтастырады, ал қатыстық сын 
есімдерге қатысты сөз тудыратын алты түрлі жұрнақтарды көрсетеді. Одан кейін 
ескерткіштердегі сын есімнің шырай түрлері мен сын есімнің қандай сөйлем мүшесі 
болатындығы туралы анықталады. 
Сан есім бойынша ескерткіштерде мағынасына қарай бес түрлі – есептік, реттік, 
жинақтау, болжалды, аралас – сан есімдер қолданылатынын анықтап, оның ішінде аралас сан 
есімдер (йеті иегірмі (он жеті), үш отыз (жиырма үш)), В.В.Бартольдтың пікірінше, XI 
ғасырдағы «Құтадғу білігтен» кейінгі кездегі түркі тілдерінде кездеспейді деп 
тұжырымдалса, Орхон-Енисей жазуларына ерекше мән берген С.Е.Малов мұндай санау 
тәртібінің сары ұйғырлар тілінде әлi де қолданылатындығын айтады деп қорытындылайды.
Есімдіктер бойынша, ескерткіштер тілінде мағынасына қарай алты түрлі – жіктеу, 
сұрау, сілтеу, өздік, болымсыздық, жалпылау – есімдіктері қолданылғаны айқындалған. 
Етістіктер бойынша, алдымен, негізгі етістік пен туынды етістіктерді, оның ішінде 
есім негізді туынды етістік пен етістік негізді туынды етістіктерді ажыратып, олардың негізгі 
жұрнақтарын көрсетеді. Одан кейін болымды және болымсыз етістікті, етістіктің жіктелуін, 
көсемше (төрт түрлі қосымша), есімше (осы шақ, келер шақ, өткен шақ), етістер (өздік етіс, 
өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс), етістіктің райлары (ашық рай (осы шақ, келер шақ, 
өткен шақ), шартты рай, бұйрық рай, қалау рай) және күрделі етістіктер көрсетіледі. 
Үстеулер бойынша, олардың басқа сөз таптарымен салыстырғанға, көп емес екенін 
анықтап, негізгі және туынды үстеулерді көрсетеді де, мағыналық жағынан қазіргі қазақ 
тіліндегідей мезгіл үстеу, мекен үстеу және амал үстеулерінің кездесетініне аздаған 
мысалдар келтіріледі. 
Шылаулар бойынша, Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде шылаудың сегіз түрі 
қолданылғаны анықталған. Олар: тегі (дейін, шейін), үчүн (үшін), өтрү (соң, үшін, 
сондықтан), бірле (-менен), кісре (соң), сайу (сайын), йеме (және), да (де, та, те) шылаулары. 
Одағай бойынша, ескерткіштер тілінде одағайлардың кездеспейтінін көрсетеді. 
Синтаксис бойынша, Орхон-Енисей жазба нұсқаларында қaзipгi түркі тілдерінде бар 
сөйлемдердің барлық түpi кездеседі. Олар мағынасына және айтылу ерекшеліктеріне қарай 
хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдер екені көрсетіледі. Сөз тіркесі бойынша, салаласа және 
сабақтаса байланысқан, сабақтаса байланысқан сөз тіркестерінің қиысу, меңгеру, матасу, 
қабысу, жанасу секілді байланысу түрлері түгел кездесетінін мысалдар арқылы көрсетеді. 
Одан кейін сөйлем мүшелеріне жеке-жеке тоқталады да, олардың орын тәртібін де 
ескерткіштер тілі бойынша түсіндіріп береді. Сонымен қатар сөйлемнің бірыңғай 
мүшелерінің де кездесетіні анықталады. Ескерткіштерде жай сөйлемдер мағыналық және 
тұлғалық жағынан бipiмeн-бipi байланысып, аяқталған күрделі ойды білдіретін құрмалас 
сөйлемдер де, оның салаласа және сабақтаса байланысқан түрлері бар екенін де мысалдар 
арқылы дәлелдеп береді. Және төл сөз бен төлеу сөздер және Орхон-Енисей жазба 
ескерткіштері тілінің тыныс белгілері ретінде қос нүктенің қолданылғанын ғалым анықтап 
береді. 
Ал енді профессор Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің, оның ішінде Орхон-
Енисей жазба ескерткіштерінің тілінің лексикалық ерекшеліктері бойынша, сөздерді 
мағынасы жағынан бірнеше топқа топтастырады: 1. 
Адам және семьялық қатынастарға 
байланысты сөздер: (ата – ата; ечү – әже, үлкен туыс; қатун – қатын, қыз – қыз, іні – iнi, сіңлі 
– сіңлі, келін – келін, йеген – жиен, оғул – ұл т.б. 2. Табиғат құбылыстарымен байланысты 
сөздер: йер – жер, тағ – тау, қар – қар, таш – тас, ай – ай, күн – күн т.б. 3. Қоғамдық-
әлеуметтік атаулар: ел – ел, қан – қан, қаған – қаған, бег – бек, тарқан – дәреже, бай – бай, 
қул – қүл, күң – күң, чығай – кедей т.б. 4. Шаруашылық атауларымен байланысты сөздер: 
бедіз – ою, өрнек, ағыл – қора, қорған – қорған, барк – жай, алтун – алтын, күмүс – күміс, 


37 
темір – тeмip т.б. 5. Әскери лексика: сү – әскер, сүңүс – соғыс, уруш – ұрыс, қылыч – қылыш, 
сүнүг – cүңгi т.б. 6. Жан-жануардың аттары: ат – ат, айғыр – айғыр, тай – тай, інгек – сиыр, 
буқа – бұқа, барс – барыс, бөpi – бөpi, қасқыр, қой – қой, учуқ – құс, қаз – қаз, тақығ – тауық 
т.б. 7. Анатомиялық атаулар: баш – бас, адағ – аяқ, көз – көз, боғуз – тамақ, қулғақ – құлақ, 
йүрек – жүрек, сач – шаш, тыл – тіл, өд – өт т.б. 8. Белгілі біp кеңістік ұғымымен байланысты 
сөздер: ара – ара, арт – арт, шег – шек, узе – үстіне, қоды – төмен т.б. 9. Ecкi діни 
нанымдармен байланысты сөздер: теңрі – тәңрі, умай – әйелдердің құдайы, ыдуқ – қасиетті 
т.б. 10. Этникалық атаулар: басмыл (Балық қаласы маңын мекендеген халық), аз (Енисей 
өзені маңын жайлаған халық), оғуз – оғыздар, қарлуқ – қарлықтар, қыбчақ – қыпшақтар, 
соғдақ – соғдылар, тардуш – тардұш, табғач – табғаш, татар – татар, татабы – татабы, төліс – 
төліс, түрк – түріктер, түргес – түргештер, үйғур – ұйғыр, чігіл – чигілдер, чік – чиктер, тезік 
– тәжіктер, тоқры – тоқарлар, усун – үйсін т.б. 11. Топонимикалық атаулар: Байбалық – қала 
аты, Болчу – өзеннің аты, Epтic – Epтic, Кем – Енисей өзені, Көгмен – Саян таулары, Қара 
құм – Қара құм, Орқун – Орхон өзені, Селеңе – Селенга өзені, Тоғла – өзеннің аты, Алтун 
йыс – Алтай таулары, Йенчү – Сырдария өзені, Өтүкен – жер аты, Teмip қапығ – Темір қақпа 
т.б. 
Көне түркі жазба ескерткіштерінің лексикасын мұндай тақырыптарға бөліп қарау 
тарихи лексикология аспектісінен қарағанда, өте ыңғайлы. Себебі тарихи лексикологияның 
зерттеу объектісі – лексика және оның пайда болу жолдары мен даму заңдылықтары. Тарихи 
лексикология тіл тарихына, сол тілде сөйлеуші этностың (халықтың, ұлттың) бастан 
кешірген қоғамдық формациялары мен этникалық қалыптасу, дамуының ұзақ жолына 
қатысты тілдік фактілердің шығу тегін, қалыптасу кезеңдерін, туыстас тілдердің қатарынан 
алатын орнын, басқа тілдерге қатыстылығын ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеуді мақсат 
етеді. Демек, тарихи лексикологияның жалпы лексикологиядан айырмашылығы – ол тіл 
фактілерін зерттеуде тарихи принципке сүйенуінде [3]. 
Түркі тілдерінің тарихи лексикологиясын жүйелі зерттеу, зерделеу жайы бүгінгі 
түркологияның ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Түркі ішілік интеграцияда жалпы 
түркі тіліндегі ақпарат кеңістігін қалыптастыру аса маңызды. Мәселен, татар тілінің тарихи 
қырларын түркі лексикологиясы тұрғысынан зерттеп жүрген ғалым А.Р. Рахимова нақты бір 
түркі тілі лексикасының қалыптасу көздері мен генетикалық қабаттары мәселесін шешу 
үшін, мынадай тақырыптар бойынша лексиканы салыстыра зерделеу керектігін айтады: І. 
«Табиғат»; ІІ. «Адам»; ІІІ. «Қоғам»; IV. «Таным». Олардың әрқайсысын лексикалық-
тақырыптық топтарға бөлуге болатынын көрсетеді. Мысалы: І. Табиғат. 1. Жансыз табиғат: 
1) Жер және күн жүйесі; жер бетінің құрылымы; 2) Су: су субъектілерінің түрлері; 3) Жер 
климаты: ауа; жаңбыр мен қар; бұлт және тұман; жел, дауыл және су тасқыны; 4) Жарық 
және энергия: күн сәулесі мен жылу; от. 2. Жануарлар дүниесі: 1) Өсімдіктер; өсімдіктер 
анатомиясы; 2) Жануарлар: жануарлардың, құстардың, балықтардың анатомиясы. ІІ. Адам. 1. 
Адам денесінің құрылымы. 2. Адам өмірі: 1) Баланың дүниеге келуі; 2) Адамның өсуі және 
жетілуі; 3) Ауру; емдеу; дене жаттығулары; 4) Қартаю және өлім. 3. Адамның сырт бейнесі: 
1) Дене құрылымы, сымбаты, сырт келбеті т.б. [4]. Осылайша, тақырыпқа топтау оған дейін 
де Э.Р.Тенишев жауапты редактор болған «Сравнительно-историческая грамматика 
тюркских языков» деген еңбекте жүзеге асырылған болатын [5]. Біз ғалым А.Р. Рахимованың 
көзқарасын құптай отырып, осы мәселеге түркітанушы-ғалым Ғ.Айдаровтың Көне түркі 
жазба ескерткіштерінің лексикасы тұрғысынан талдау жасасақ. Мұның өзі көне түркі тілінен 
жеткен сөздер қандай лексикалық тақырыптарды қамтыды, олар тұлғалық не сөзжасамдық 
қалпы қандай болды деген мәселелерді қозғайтыны анық. Әрине, ескерткіштер көне 
түркілердің лексикасын толық ескермегені белгілі, оны ғалым Ғ.Айдаровтың өзі де: 
«ескерткішті жазушылар тек өздеріне керекті сөздерді ғана пайдалануы, тілдің өзге көп 
элементтерінің ескерткіштерге енбей қалуы әбден мүмкін нәрсе» деп ескертеді [1]. Дегенмен 
бұл ескерткіштердегі деректер қазіргі тілдермен ортақ болған лексикалық бірліктерді 
анықтауға, лексикалық параллельдердің тұрақтылығын анықтауға мүмкіндік береді деп 
ойлаймыз. Бұр ретте, Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі мен Көне ұйғыр жазу 


38 
ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілінде қаншалықты жалғасын тауып, сақталды, тарихи 
тұрғыдан лексикалық параллельдер қандай сипатта өрбіді деген мәселені қазақ тілі 
мысалында қарастырып көреміз.
Лексика – тілдің даму дәрежесін аңғартатын басты белгілердің бipi десек, лексиканың 
нeгiзi болып есептелетін негізгі сөздік қор әлденешеленген замандар бойы жасалып, 
қалыптасқан тілдің ең көне белгілерін көрсетеді. 
Көне ұйғыр жазуының қолданыла бастағанынан бepi мың жылдан көбірек уақыт өтті, 
алайда жазу нұсқаларында кездесетін сөздердің күні бүгін көптеген түркі тектес тілдерде 
кездеседі. Біз оларды төмендегі топтардан анық байқаймыз: 1. Адамға байланысты атаулар: 
ақа (аға, үлкен ер туыс); апа (апа, шеше, үлкен туыс), iнi (iні), қыз (қыз), оғул (ұл), баш (бас), 
адағ (аяқ), көңүл (көңіл, жүрек). 2. Табиғатқа байланысты атаулар: йір (жер), темүр (темір), 
сув (су), таш (тас), тағ (тау). 3. Қоғамдық өмiрге байланысты атаулар: бай (бай), бег (бек, 
бастық), іл (ел, халық), кул (құл), күн (күң). 4. Мал және басқа айуанаттарға байланысты 
атаулар: ат (ат), буқа (бұқа), йонт (жылқы), есек (есек), уд (сиыр), ыт (ит). 5. Егiншiлiкке 
байланысты атаулар: екін (егін), еңіз (жыртылған жер), бағ (бақ, сад), борлық (үзім), күнчід 
(күнжі), уруғ (ұрық), тарығ (тары). 6. Заттардың сапасы мен сынын көрсететiн атаулар: ағыр 
(ауыр), йаңы (жаңа), қара (қара), кічіг (кіші), улуғ (үлкен). 7. Есімдіктер: мен (мен), біз (біз), 
ол (ол), олур (олар), нече (неше, қанша), мунча (мұнша), барча (барша), бу (бұ, бұл), өзүм 
(өзім). 8. 3аттың саны және сан ретiн көрсететiн сөздер: бip (бip), ікі (екі), үч (үш), йіті (жeтi), 
секіз (ceгiз), отуз (отыз). 9. Әрекет пен қимылды көрсететін сөздер: ал (ал), бip (бер), біті 
(жаз), кел (кел), тоғ (ту), йоры (жүр), сөк (сөк). 10. Бұлармен қатар ерте заманнан келе жатқан 
төмендегідей сөздер де кездеседі: iмдi (енді), тақы (тағы), йана (және), кідін (кейін), соң 
(соң), бурун (бұрын). 
Бұл айтылғандардан байқайтынымыз, Көне түркі жазба ескерткіштері мен Көне ұйғыр 
жазу ескерткіштерінің лексикасы бірдей емес екен. Әрине ұқсастықтар көбірек. Себебі уақыт 
айырмашылығы көп емес, десе де профессор Ғ.Айдаровтың топтастыруы бойынша Көне 
түркі жазба ескерткіштерінің лексикасы тақырыптық топтар бойынша жіктелсе, Көне ұйғыр 
жазу ескерткіштерінің лексикасын топтау тақырып бойынша басталады да, одан кейін сөз 
таптары бойынша топтастырылады. Лексикалық ерекшеліктер, негізінен, дыбыстардың 
алмасуынан ғана байқалады. 
Ал, жалпы лексика бойынша Көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі лексиканың 
семантикалық топтары да көрсетіледі, яғни ескерткіштер тіліндегі синонимдер, омонимдер 
мен антонимдерге және аздап болса да тұрақты тіркестер кездесетініне мысалдар келтірілсе, 
Көне ұйғыр жазу ескерткіштерінің лексикасы бойынша, кірме элементтер ұшырасатыны 
айтылып, оларға да мысалдар келтіріледі: «Яғни көне ұйғыр ескерткіштері тілінің Орхон-
Енисей жазба нұсқаларының тіліне қарағанда, бipaз жетілгені байқалады. Сондай-ақ мұнда 
басқа тілдерден енген сөздер де кездеседі. 
Бақсы (будда тілінде монах), нысан (парсы тілінде белгі), ном (грек тілінде қасиетті 
кітап, заң), үнер (парсы тілінде шеберлік, өнер), шатранч (парсы тілінде шахмат) т.б.» [1]. 
Қорыта айтқанда, Орхон мұраларының қазақ тіліне қатысын зерделеп ізашар еңбек 
жазған, көрнекті ғалым, Қазақстанның ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, филология 
ғылымдарының докторы, профессор Ғұбайдолла Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштері 
мен Көне ұйғыр ескерткіштерін қазақ тілінде сөйлетіп қана қоймай, олардың 
грамматикасымен қатар лексикасына да терең талдаулар жасау арқылы, қазіргі қазақ тілі де 
өзге туыстас түркі тілдері сияқты алтай, хун, көне түркі дәуірлерінен бастау алып, бірнеше 
тайпалық одақтардың тілдік дәстүрлерінің бірігуінен қалыптасқан, базистік лексикасында 
жалпытүркілік баба тілдің, көне түркі тілінің элементтерін молынан сақтағанын ғылыми-
теориялық аспектіде нақты тілдік деректер арқылы негіздеп берді. 


39 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – 
Алматы: Мектеп, 1971. – 272 б. 
2. Қыдырәлі Д. Түркологияға түрен салған тарланбоз // Егемен Қазақстан. – 2021. 17 
маусым. https://egemen.kz/article/278816-turkologiyagha-turen-salghan-tarlanboz-%E2%80%93-
ghubaydolla-aydarovtynh-tughanyna-100  
3. Қайдар Ә. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы проблемалары мен міндеттері. // 
Ғылымдағы ғұмыр. 7 томдық. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014. – т. 1. – Б. 437-463. 
4. Рахимова А.Р. Сравнительная тюркская лексикология и татарский язык // Ученые 
записки Казанского государственного университета. – Том 148, кн. 2. Гуманитарные науки. – 
Казань, 2006. 
5. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Лексика. 2-е изд., доп. – 
М.: Наука, 2001. – 822 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет