62
жерлерді айтады. Ал
дақ
–
қазіргі тіліміздегі тау сөзінің көне
дағ
формасы болуы мүмкін
.
«Дағ – «тау» [20, 117 б.].
Атау биік қырдың сарғыш бозаң тартып тұруымен байланысты
қойылған тәрізді.
Доңға
– Түпқараған ауданындағы жер аты. «Бұл атау көне түркі тілінде домба//томба
– «жота», «дөң», «төбе» деген сөз» [18, 65 б.]. Сонда Доңға – «дөң, төбе» дегенді білдіреді.
Домба, томба
//
доңға
сөздеріндегі
м
//ң орын алмастырғыш дыбыстар қатарына жатады.
Елеғажы
– Үстірттегі бір топ құдық. Атау Елек (сын есім) және ажы (аджы) (сын
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған.
Елек
сыңарындағы
Е/И «ылғыл, су»
мәнін беретін
имитатив
.
Ал
–
лек бір нәрсенің бар екенін, молдылығын білдіретін көне жұрнақ.
Аджы
(көне түріктің сөзі) //
ажы
–суы ащы, бірақ мал ішуге жарамды құдықтарға қарата айтылып,
солай жер атауы болып қалыптасып кеткен:
Ажы
– Э.Севортянның сөздігінде: «ащы, ащы
су, шипалы су» делінген [68, 89 б.]. Сонда Елеғажы атауының топонимдік мағынасы: «ащы
сулы құдық» дегенді білдіреді. Өлкеде
ажы
сөзімен жасалған
Қарашажы – «Қараштың
ащы құдығы», Қосажы – «қос ащы құдық»
мәніндегі т.б
.
құдықтар кездеседі.
Егіз
– Маңғыстау ауданындағы құдық атауы.
Егіз
сөзі Э.С. Севортянның сөздігінде
«биік, ұлы» деген мағыналарда қолданылған. «Егиз производное, образованное с помощью
древнего именного аффикса
(а) з
от глагола
ег
или
еги
– «
подниматься», «возвышаться»
[11,
224 б.]. Егіз – «суы мол, бас құдық» немесе «биік жердегі құдық» – деген мағына беретін
тәрізді.
Жазыгүрлі
– Қарақия ауданындағы құдық, қорым. Атау жазы (зат есім) және гүрлі //
ғұрлы (шылау) сөздерінң бірігуі арқылы жасалған.
Жазы –
көне түркі тілінде
«дала, жазық
жер, иен дала
» мәніндегі сөз [21, 102 б.]. Ал гүр+лі, түбірі гүр – көнетүркі сөздігінде, «мола»
[22, 195 б.]. Сонда атаудың мағынасы: «моласы бар жазық жердегі құдық».
Иірдің ойы
– Маңғыстау ауданындағы көлдеу ойпаң. Топонимге «Жер атауы су
иіріліп, көп жатуына орай аталған» деген түсінік берілген. Ал біздің ойымызша, «Иірді»
көнетүркі тіліндеге
Йир
(жер) сөзімен байланысты деп қараймыз [23, 73 б.].
Жер сөзінің
Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштерінде йір, йер варианттарында кездесуі осы ойымызды
нақтылай түседі. Сонда
Иірдің ойы – «жердің ойы, ойығы, ойыс жер»
мағынасын білдіреді.
Көгез
– Маңғыстау ауданындағы жер аты. Атау екі компонеттен құралған:
көк+ез
(дұрысында, үндестік заңына сәйкес –
өз
). Өз – М.Қашқарида – «аңғар», «шатқал» деп
берілген.
Көгез
–
«
көк (көк шөбі мол) шатқал
» мағынасындағы атау.
Қарашасаура
– Маңғыстау ауданындағы аңғар. Атау қараша (сын есім) және саура
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Өлкетанушы Ә.Спан: «
саура
– «биік жартасты
жарып шығатын тұщы су көзі» – деп анықтама береді [17, 217 б.]. Ал көне түркі тілінде: сау
сөзінің – «таза, ауызсуы» деген мағынасы кездеседі [22, 480 б.].
Достарыңызбен бөлісу: