«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


Ал ра/рә – «өте, аса» мәнін  береді [13, 122 б.]. Сонда атаудың мағынасы: «суы өте таза, ауызсулы бұлақ»



Pdf көрінісі
бет39/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

 
Ал ра/рә – «өте, аса» мәнін 
береді [13, 122 б.]. Сонда атаудың мағынасы: «суы өте таза, ауызсулы бұлақ».
 
Құртты 
– Маңғыстау ауданындағы жер, қоныс атауы. Көнетүркі тілінде құрт: 
қасқыр, бөрі
мағынасында қолданылған. М.Қашқари: 
«
Құрт – бөрі, қасқыр. Түрік 
халықтарының бәрі осылай дейді. Оғыздар да бөріні құрт дейді» деген мәлімет береді [23, 
400 б.].
 
Сонда 
құрт
сөзіне 
–ты
(сын есім тудыратын жұрнақ) қосылып, сол жер қасқырдың 
көптігіне байланысты аталған.
 Құртты – «қасқырлы жер» 
мағынасындағы атау дейміз. 
Құрық –
Қарақия ауданының әкімшілік орталығы. Халықтық этимологияда жер 
атауын «жылқы ұстайтын бас жағында ілмек жібі бар ұзын ағашқа» байланысты қойылған 
деген пікір кездеседі. Ал көнетүркі тілінде Гуррук (
куруг «құрғақ»)
«көне, суы тартылған 
құдыққа» қатысты айтылған [21, 182 б.]. Сондай-ақ көнетүркі сөздігінде де куруг – «құрғақ, 
кепкен» деп берілген [22, 469 б.]. Осы тілдік деректерге сүйене отырып, атау: «суы жоқ көне 
құдыққа байланысты қойылған» дейміз. Бұрынырақта жер аты 
Жыланды құрық
(суы жоқ, 
жыланы бар құдық) деп те аталған екен. 
Оғланды – 
Қарақия ауданында орналасқан киелі орын. Оғландыда Бекет ата мешіті 
мен бейіті орналасқан. «
Оғлан 
көне түркі тілінде
 
– сәби, бала, ұл; оғул + ан кішірейту 
мәніндегі жұрнақ» [24, 411 б.]. Атау
 
оғылан (зат есім) + ды (бір нәрсенің бар екенін 
білдіретін жұрнақ) туынды сын есім жасайтын жұрнағының қосылуы арқылы жасалған.


63 
Аңыз бойынша, ол – бала әулие делінеді. С.Қондыбай Оғыланды атауы туралы: «С.Поляков 
«оғлан сөзінің осы аймақта жиі кездесетініне мән бере отырып, осы атты иеленген тарихи 
соңғы адам Тоқтамыс ханның әкесі, XIV ғасырдың 50-60 жж. Маңғыстаудың билеушісі – 
Түйеқожа-оғлан екендігін атап өтеді. Ал Әбіш Кекілбаев Оғыландының әлгі Түйеқожа-
оғланмен байланысты болу ықтималдығын ескерткен болатын» – дейді [25, 39 б.].
 
Себебі 
орта ғасырларда әскер басыларын, хандарды оғлан атау дәстүрі болған. Осы пікірлерге 
сүйенсек, атаудың мағынасы: «хан (Түйеқожа хан (оғлан)) жерленген қорым» тәрізді. 
Отар 
– Бейнеу ауданындағы құдық. Бұл сөздің этимологиясын Э.В. Севортян: «от 
«шөп»+ а – 
шөпті ота

р
етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ, сөздің мағынасын: 
«жайылым, өріс, ауылдан жырақтағы мал жайылатын жер», – деп көрсетеді [11, 488 б.]. 
Сонымен қатар М.Қашқариде де мұндағы «от» түбірінің мағынасы «шөп, өсімдік» екенін 
айтылады [23, 63 б.]. Өлкеде осы от (шөп) түбірінен жасалған:
Отар салпы, Оталған, 
Ақотты нар,
Отайберген 
деген жер-су атаулары кездеседі. Сонда атау: 
«
жайылым, өріс, 
ауылдан жырақтағы мал жайылатын жердегі құдық» деген мағынаға толық сәйкес келеді. 
Сынды 
– Бейнеу ауданындағы құдық. Т.Жанұзақ:
 
«сын сөзі – «тау жотасы», «жал», 
«асу» мәнін береді деп көретеді [18, 78 б.]. Ал көне түркі тілінде 
сын 
– мола» [11, 503 б.]. 
Сонда атаудың мағынасы: «моланың жанынан қазылған құдық». 
Тұзбайыр
– Ақтау жотасының Батыс Үстіртпен шектескен тұсындағы тұзды көл және 
Маңғыстау ауданындағы құдық. Атау тұз (зат есім) және байыр (зат есім) сөздерінің бірігуі 
арқылы жасалған. Көне түркі тілінде: «байыр – «төбе, көтеріңкі, биік жер» деп аталған [24, 
37 б.].
 
Атаудың мағынасы: «тұзды, сортаң биік төбе» немесе «тұз шөккен (байырлаған) көл 
болуы да мүмкін. Өңірде бұдан басқа 
Қосбайыр 
атауы да кездеседі.
Тұщықұй
– Маңғыстау ауданындағы жер, қора, құдық. Атау құрамындағы 
құй 
сөзінің 
этимологиясын А.Ысқақов былайша түсіндіреді: «Құй деген сөз көне түркі және моңғол 
тілдерінде 
құд – құды – құйы – құй
болып келетін, қазіргі қазақ тіліндегі 
құдық
деген 
мағынада қолданылатын сөзбен төркіндес, яғни
құй
сөзі жоғарыда айтылып өткен көне 
түбірінің бір түрі» [26, 132 б.]. Бірқатар түркі тілдерінде құдықты 
құй-кьую
дейді. Ноғайша 
қуйы
, құмықша 
къую
, түркменше 
гуйы. Құй
сөзі өлкеміздегі құдық атауларында сақталып 
қалған: 
Ақшақұй,
 Үшқұю,
Сайқұй
т.б. құдық атаулары кездеседі. «
Құд (-ық)
– 
 құй – құйы
сөздеріндегі 
д
мен 
й
дыбыстарының алмасып келуі түркі тілдерінде бар құбылыс. Құдық 
дегендегі -
ық
жұрнағы – етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ» [26, 132 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет