ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АБАЙ ТАҚЫРЫБЫ
Оралова Гүлзира Сапарқызы
филология ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті,
Қызылорда, Қазақстан,
Абай ақынның ұлағатын ерекше сезіммен бойына жиып, өзінің сөз өнеріне деген
ерекше ықыласын қалыптастырған Шәкәрім ақындықты ерекше қастерлі жол деп санаған.
Абай ақын
туған халқының ары мен айбыны жолында рухани жол бастаушысы,
шамшырағы болып, ұлт әдебиетінде де әлем әдебиетінде де адамзатты шындыққа, білімге,
ізгілікке, еркіндікке шақырған кемеңгер ойшылы болды. Абайдың асқан даналық сөздерін,
жасынан естіп, бойына сіңірген, ел алдында қандай мәселе болсын әділдігімен,
шешендігімен, ақындығымен, өнегелі сөздерімен үлгі болған ақынның өнерін үйренушілер
ең алдымен өзінің айналасы болғанын білеміз.
Шәкәрім
Құдайбердұлы
Абайдан
тәлім-тәрбие,
өнеге
алып,
ұстазының
шығармаларымен қатар өсіп, оның адами, интеллектілік қасиетін, философиялық өсиет-
өнегесін бойына жинай отырып, Ақылбай, Мағауия, Әріп, Әсет, Көкбай, Уәйіс, Нармамбет
секілді қазақ әдебиетінде Абай дәстүрін дамытып және жаңашылдықпен жалғастырды. Сөз
өнерінің көркемдік деңгейлігін шығармашылығымен танытқан Шәкәрім Абай жүрген
соқпақпен жүріп, халқының мұңын жырлап, әдебиет пен мәдениетте, әлеуметтік өмірде өз
өлшемін салған талантты суреткер болды.
Шәкәрімге Абай поэзиясы, Абай әлемі бала кезден таныс. Шәкәрім
шығармаларындағы Абай тақырыбының орын алуы Абайдай тарихи адамның ой-пікірін,
сана-сезімін, көңіл-күйін ұғына алуында еді. Кеңестік кезеңде «Абай мектебі, оны зерделеу»
тақырыбы құпталмады. Оған себеп Абай ақынның айналасындағы шәкірттеріне деген
кеңестік идеологияның «ескішіл», «шығысшыл», «халық жауы» деген көзқарастардың
басым жатуында еді. 1950 жылдардан кейін ғана Абай ұстаздық еткен әдеби мектеп, оның
шәкірттері «Абай төңірегіндегі ақындар» деген атаумен талдаулар жасалып, айқындала
бастаған.
Абай шығармашылығын зерттеуде тысқары жатқан тақырып аясында Айқын
Нұрқатов өзінің монографиялық еңбегінде «Творчестволық тұрғыдан алғанда Абайдың
ақындық әдеби мектебі болғаны даусыз. Абай кезіндегі және одан кейінгі дәуірдегі
реалистік қазақ әдебиетінің даму жолдарымен тұтас алып қарау шарт»,- [1] деп ақын
қалыптастырған әдеби мектеп, оның дәстүрі және оны жалғастырушыларды тереңірек
зерттеп, кең ауқымда ғылыми зеттеу жасалу қажет екендігін ұсынды. Қазақ әдебиетіндегі
Абай дәстүрін жалғастырушыларды Абай төңірегіндегі ақындармен ғана шектеп қоймау
қажетін ұғындырады.
Қ.Жұмалиев «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» деп
аталатын еңбегінде: «Қазақтың ұлы ақыны Абайдың зор еңбегінің бірі-жастарды, әсіресе,
болашақ ел өмірімен байланысты ақын-жазушыларды тәрбиелеу»,-дейді [2]. Ғалым Мағауия
мен Ақылбайдың әдеби шығармаларын зерттеу нысанына алып, романтикалық сарындағы
дастандарын талдап, сюжетті оқиғаға құрылған романтикалық шығарма тууына тікелей
ықпал еткен Абай екендігіне назар аудартқан болатын.
Шәкәрім туынылары адамзатқа ой тастар асыл қазына, көркемдік мұра. Шыққан тегі,
өскен ортасы–Абайдың тағылымы болған Шәкәрім өзінің шығармашылық өнерінде Абай
ақынның ұстанған бағытымен дамып, Абай жасаған көркемдік ерекшеліктердің ұлт
әдебиетінде қалыптасуына өзінің лирикалық, философиялық, эпикалық, публицистикалық
шығармалары арқылы өлшеусіз үлес қосты. Екі ақынның да шығармаларындағы тақырып,
идея ұштасып, үндесіп жатыр. «Әрбір поэтикалық шығарма ақынды билеген құдіретті
ойдың жемісі» деп В.Г.Белинский атап көрсеткендей екі ақынның да ұлылығы,
шығармаларының үндестігі өздері өмір сүрген кезеңнің көкейтесті мәселелерін тап басып,
87
халқы мен бүкіл қоғам басындағы нақты жағдайды сезіне біліп, келелі ойлар қозғап, сол
парасаттылық, даналық ойларын поэзия тілінде шебер шеткізе білуінде.
Шәкәрім Абай ақын ұстанған реалистік дәстүрді шығармаларының идеясына,
көркемдік нысанына айналдырды. Өлең сөзінің мәнді мағыналы болуын, халық мұңын
жырлауын ақындық борышы санаған Шәкәрім ұстазы үйреткен өнегемен да өлеңнің
еріккеннің ермегі емес, оның қоғамдық, танымдық маңызға ие болуына, әсемділігіне, оның
мазмұн мен пішін бірлігін үйлестіруге назар аударды. А.Нұрқатов:«Абай өлеңдерінен халық
өмірінің кең көріністерін ғана байқап қоймаймыз, оның арманы мен үмітін танимыз» [1,40]-
десе, Б.Әбдіғазиев: «Халық бейнесі–Шәкәрім лирикасындағы тұлғалы бейне»[3,38] дейді.
Абай мен Шәкәрім шығармаларынан сезіліп тұратын халық тағдыры, гуманистік ойлар
ақындар шығармашылығы арқылы қалыптасқан реалистік сипат.
Шығармаларындағы негізгі идея–туған халқын еңбекке, білімге, мәдениетке, адамгершілікке,
әділдікке шақырып, махаббатты, достықты жырлады, әлеуметтік теңсіздікті сын тезіне алды,
әйел теңдігі мәселесінің жыршысы болды. Шәкәрімнің Абай мен оның дәстүрін дамытушы
еңбегі кейінгі толқын халық ақындары поэзиясында да көрініс тауып жатты.
Қазақ әдебиетi тарихындағы ақындық мектептердің шығармашыл өкiлдерiнiң барлығы да
ұлттық сөз өнерi тарихындағы көрнектi шығармашылық тұлғаларды өздеріне үлгi етіп,
жырларына қосты. Мекендеген жерлерiнiң шалғайлығына қарамастан Абай дәстүрі-ұлт
әдебиеті мен мәдениетінің даму тарихында көркемдік жалғасын тапқан асыл арна болды.
Ақынның озық идеясы, көркемдік шеберлігі Сыр өңірі ақыны Н. Жұбатұлының
шығармашылығынан да орын алды. Мысалы, Н.Жұбатұлының «Абайдың 37-қара сөзiне
құрылған өлең», «Ұлы ақын Абайға», «Абай ақынды еске түсiру» деп аталатын
шығармалары бар. Бұл өлеңдерде әдебиет тарихындағы Абай дәстүрін, оның
шығармаларындағы тақырып ауқымдылығы, ақындық өнердегі мазмұн байлығы мен
шеберлігіне деген ұлттық мақтаныш, сезiмi жырланған. Міне, Абай дәстүрін дамытушылар
мен ақынды шығармашылығына үлгі етуші тұлғалар қазақ елінің бар аймағынан
табылатындығы даусыз.
Н.Жұбатұлының «Абайдың 37-қара сөзiне құрылған өлең» атты туындысы ақынның
ойшылдығын, даналығын терең сезiммен пайымдаған философиялық түсiнiктеме-нәзира
үлгісінде жазылған туынды. Абайдың «Отыз жетiншi сөз» [4,116-136] өлеңінде ақынның
ойшылдығын, даналығын терең сезiммен пайымдаған ойлары сыршыл поэтикалық тiлмен
өрнектеледi. Мысалы, Абай: «17. Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын –
ағалар, артқы толқын – iнiлер, кезекпенен өлiнер, баяғыдай көрiнер; 18. Бақпен асқан
патшадан, мимен асқан қара артық; сақалын сатқан кәрiден – еңбегiн сатқан бала артық»
[4,116, 136] – деп нақыштаған. Нұрсұлтан ақын кемеңгер ақынның осы ой-тұжырымдарын
поэтика тілінде өз көзқарастарын астастырып айқындап көрсетеді:
Дүния деген шалқар көл,
Арқыраған заман – жел.
Алдың – кәрi, артың – жас,
Қарасаң байқап жиында.
Алдың – кәрiп, артың – көр,
Баяғыдай көрiнер.
Арманың үшiн қайрат қыл,
Арыңды сатпа тиынға.
Бағымен асқан патшадан,
Адамдық арын сақтаған.
Ақылмен асқан қара артық
Жiгерi болса бойында.
Сақалын сатқан кәрiден,
Арамдыққа жерiген.
Еңбегiн емген бала артық,
Тiл боларлық айылға [4,54-55].
88
Н.Жұбатұлы «Ұлы ақын Абайға» өлеңiнде халқымыздың тарихи, ұлттық санасын
жаңғыртатын, ұлттық сезімін қалыптастыратын тәлімдік жырлар тудырған ақынның көркем
әдеби тұлғасын былайша суреттеген: «Көк теңiздей шыңырау, ақылы түпсiз тереңiм», «Нұры
толған толықсып аспанның жарық айындай», «Адамның ойшыл алыбы, елден ерек бiр дара,
көктегi күннiң жарығы» және т.б. көркем бейнелеулер арқылы Абайдың қазақ поэзиясын түр,
мазмұн, жаңалықпен байытқан, ұлттық рухани мәдениет тарихындағы ұстаздық тұлғасын
даралап жыр етеді:
Сайраған бақтың бұлбұлы,
Жарыққа қанат сермеген.
Қазақтың асқар, құнды ұлы
Айтып болмас тiлменен.
Сөйлер сөздiң шеберi,
Сандуғаштай сайраған.
Нақыштап салған бедерi,
Көз тартады жайнаған.
Өлеңнiң асқар Алтайы,
Қазаққа көркем түр берген.
Алтайдың сала алқабы,
Мың құбылып гүлденген.
Сөзiң күндей жарқырап,
Биязының көгiнде.
Дене шiрiп таусылар,
Ақыл өлмес тегiнде.
Қазаққа ортақ сен жалғыз,
Өлдi деуге сенем бе?
Көктегi күмiс – көп жұлдыз,
Бәрi де сенен төменде [4,79-80].
«Асқан дана – адамзаттың зерегi, шөлдегендi бал суына суардың» «Абай ақынды еске
түсiру» деген туындысында Абайдың жалпы адамзатты ойлаған гуманистiк даналығын,
қайраткер тұлғасын, ақындығын, халқының тағдырына алаң болған қамкөңiлiн бейнелеп
суреттейді.
Ерте тұрып елдi ояттың ұйқыдан,
«Тұр – деп – мына ұйқыдағы сиқыңнан!»
Қара түнде мыңмен жалғыз алысып,
Көз аша алмай өттiң сабаз қиқудан [4, 81].
Осылай ақындар – қазақ тарихының әр кезеңдерiнде барлық аймақтарымызда өмiр
сүрген шығармашылық тұлғалардың тарихи сабақтастығын жырлайды.
Абай мен Шәкәрім шығармашылығының халқымызға берер рухани азығы, кейінгі
толқынға өткенді танып, болашаққа ізгілендіретін рухани күш деп танимыз. Оқырман Абай
мен Шәкәрім шығармаларынан адам бойынан табылу керек адамгершілік қасиеттер ме
тұрпайы мінездің ара салмағын ажыратып, Алланы танып, Аллаға деген ыстық ықылас пен
таза сезімнің болуын қастерлейді. Абай ақын секілді Шәкәрім шығармаларында да сатира,
мысқыл өлеңдер өтімді де қымбат құрал ретінде жұмсалады.
М.Базарбаев: Шәкәрім өлеңнің эстетикалық әсерін өте жоғары бағалайды, оған
ғажайып арбағыш күш бітіре, формасы жағынан мың құбылтып, түрлендіріп жазған үлгілері
көп»,-деп ақынның лирикасының көркемдік қуатына баға береді. Шәкәрім өлең құрылысы
7,8 буынды жыр үлгісінде, 11 буынды қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас, ерікті ұйқас түрінде
келіп отырады [5,39]. Абай мен Шәкәрім шығармаларында публицистикалық, сатиралық,
портреттік, пейзаждық формалары мол ұшырасады. Шәкәрім лирикасындағы философиялық
терең мағыналы ой-тұжырымдары, өткір, сыншыл ойлар легі Абай дәстүрінің жалғасы.
М.Әуезов «...Абайдың өзіндік ақындық ерекшелігі-адамдық, әлеуметтік турашыл
және шыншыл бітімі-оған жалғыз ғана жалтарып айтқан мысалдарды місе қылғызбас еді.
89
Сол себепті ол Лермонтов үлгісінде немесе Некрасов, Салтыков-Шедриндер дәстүрінде
қоғамдық жаманшылық, масқаралықтарды туралап шаншады. Басқа соғып, көзге шұқып
отырып айтуды ақынның айқын жолы деп біледі»,-[6.,202] дeген.
Абай:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ барды, ертегіні термек үшін
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-деп толғанса, Абайдан нәр алған Шәкәрім:
Адам үшін-еңбегім
Өмірден барлық тергенім
Қалағанын қарап ол
Мұрам сол, жастар, бергенім,-деген екі ақын шығармаларындағы үндестік қазақ
жұртын мәдениетке, өнерге, білім алуға, еңбекке баулуға тартуды мақсат тұтты.
Ә.Қоңыратбаев: «Абайдың өлең өлшемі мен тіліндегі жаңалығы қазақ поэзиясында
бұрын-соңды болмаған құбылыс. Ол өз бағыты мен стиліне бұрынғы поэзия тілі емес,
мазмұндық-формалық дәстүрді қарсы қояды. Сөйтіп эстетикалық өлшем жасайды»,- деген
пікірі Абай мен оның дәстүрін жалғаған шәкірттеріне де ортақ қасиет деп тануымызға
болады [7,194]. Шәкәрім де Абай секілді адам бойындағы адамдық қасиеттер адамгершілік,
адалдық, ар, намыс, ұят тәрізді ұғымдарды философиялық терең толғауларында көркем де
бейнелі кейіптеулермен өрнектейді. Сондай-ақ Шәкәрім ақынның «Үш анық» деп аталатын
философиялық трактаты да Абайдың қарасөздеріндегі философиялық ой өзегімен үндеседі.
Онда діни ұғымдар мен қағидаттарды, жантануды рухани моральдық ұстанымдар
тұрғысынан, ұғындыруға ойларын негіздейді. Абай кейіптеудің поэтикалық үлгілерін шебер
қолданса,оның үлгілерін Шәкәрім туындыларынан да табамыз. Мәселен, «Ашу мен ынсап»
өлеңінде адам бойында кездесетін жағымды жағымсыз қылықтарды, мінез ерекшелігін
кейіптеу тәсілінде сөйлетеді. Елеусіз көрінетін жайға мағына астар беріп, сабырдың аяңдап
келуі, тілін алғызу, сынатып, құптату ақыл, еріншек, ашу қорқақ, сабыр деп аталатын
мінездерді пернелеу тәсілімен жан беріп, адам өзінің бойындағы сапалық қасиеттерді
дамыту, қалыптастыру керектігі бейнелейді.
«Қазақ әдебиетіндегі Абай тақырыбы» әлі де болашақтағы зерттеулерге қосылатын
қомақты дүние деп есептейміз. Шәкәрімнің
«Абайға» деп аталатын туындысында құлазыған
көңіл табы сезіліп тұрады. Абай шығармаларында да элегиялық өлеңдер кездеседі. Абайдың
бір алуан элегиялық өлеңдері ұлы Әбдірахман өлімімен байланысты туған.
Абайдың мыңмен жалғыз алысқан жалғыздығын Шәкәрім ерекше сезінген:
«Кім жалғыз бұл жалғанда – есті жалғыз,
Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.
Жалтақтап жалғыз Абай өткен жоқ па,
Қазақтан табылды ма соның пары?!» - [8] деген жолдардан ақын ішкі сезімдерін
ақтарып Абайдың әлеуметтік өмірдің кейбір тұстарына риза болмай, қарсы күресуге дәрмені
жоқ әлсіздік, жалғыздық бойлаған күйін, оның ортасынан биік тұлға болғандығын
танытқысы келген қажу, налу сарыны байқалады.
«Абай марқұм өткен соң, өзіме айтқан жырларым» деп аталатын 32 шумақтан тұратын
ұзақ өлеңі Абайдың «Есіңде бар ма жас күнің» деген өлеңінің құрылымымен жазылған.
Элегиялық сарынмен жазылған бұл туындыда риторикалық сұрауға ақын өзі жауап беріп,
ақынмен мұңдасады, сырласады, жете алмаған арманын, түсіне алмаған айналасына нали тіл
қатады:
...Өзiң кiмнен кем едiң,
Кiм үшiн уайым жеп едiң?
Күдерiңдi үздiң бе‚
Сүйенiшiм мықты деп едiң?
Қанеки, қайтып келдi ме,
Жаныңа жәрдем бердi ме?
90
Жалаңдаған жалмауыз,
Жан-жағыңнан көрдi ме?
Өлеңдегі эллегиялық сарын, образ жасау ерекшелігі, риторикалық сұраулар, көңіл-күй
лирикасындағы ішкі толғаныс, көңілдегі үлкен ойды салмақтайды.
Хақ мұсылман кім болар –
Айтса сөзі шын болар.
Рахым, ұят, ар, ынсап –
Төртеуі болса, дін болар.
Төртеуінің бірі жоқ,
Бойында иман нұры жоқ.
Құры айтқанмен бола ма,
Мұсылмандық түрі жоқ
Абай ақынмен сырласқан осы өлең жолдарынан біз мұсылмандық философиясының
өмір мен өлім, тәубаға келу имандылық жолға бастайды деген тәрбие тағылымындағы
тұжырымын айқын танимыз.
Түркі халықтары ақындарының шығармаларынан да Абай тақырыбын, Абайдың
көркемдік өрнек үлгілерін көптеп кездестіреміз. Абайдың құдіретін танытатын, уақыт өткен
сайын тарихи мәні артатын ақындық, ұстаздық шеберлігін ашатын дүниелер әлі де
жазылады. Шәкәрім шығармашылығын зерделей қараған сайын Абай мен Шәкәрімнің
арасындағы шығармашылық байланыстың тереңдігі жарқырай түседі. Қазақ тарихында
ертеде болған оқиғаны негіз еткен, әлеуметтік астары терең «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-
Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» эпикалық туындылары Абайдың дастаншылдық дәстүрін
меңгеріп, суреткерлік шеберлігін жаңа деңгейде жалғастырған
шығармашылық өсу, даму
деп танимыз.
Абай орыс әдебиетінің озық үлгілерін, шығыстық дәстүрді қазақ поэзиясына әкеліп,
шығармашыл тұлғалардың дүниетаным көкжиегін дамытқаны, өз әсерін тигізгені сөзсіз.
Шәкәрім Абайша осы батыс пен шығыстың озық үлгілерін қазақ әдебиетіне әкеліп, оған
жаңаша көзқарас қалыптастырды, дамытты, өзіндік мазмұн өрнегімен түрлендірді.
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әр түрлі асылы көп өтпей жатқан...
Мынау Абай-бір ғалым жол шығарлық,
Замандасы болмады сөз ұғарлық.
Енді бізге ақылын көрсетіп тұр,
Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан
Алмасақ үміт үзер тағы жастан,
Өлсек те ұмтылалық осы бастан,- [8] деген өлең жолдарымен ұлтымыздың рухани
жол бастаушысы болған Абайдың ұлағатын танытып, шығармаларынан тәлім алуды
насихаттайды. Ақынның шығармашылығы қазақ әдебиетінің ғана мұрасы емес, қоғамның,
ұлттың дамуына, ұлттық сананың жаңғыруына әсер ететін дәрежедегі шығармалар.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.А.Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі. – Аламаты: Жазушы, 1966.-348 б.
2. Қ.Жұмалиев. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. –
Алматы:ҚМКӘБ, 1960-364 б.
3. Б.Әбдіғазиев.Асыл арна. Алматы: Қазақ университеті», 1992.-127б.
4. Жұбатұлы Н. Сөз сөйле, қызыл тiлiм, тұрма босқа. – Қызылорда:Тұмар, 2005.–204
5.М.Базарбаев. Өлең сөздің-патшасы, сөз сарасы.– Алматы:Жазушы, 1973, 256 б.
6. М.Әуезов. Абай Құнанбаев. – Алматы:Ғылым, 1967.- 391 б.
7. Ә.Қоңыратбаев. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1994.-312б.
8. Шәкәрім шығармалары. – Алматы:Жазушы, 1988,-396 б.
|