«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет51/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

Қамарова Нағбду Сұлтансихқызы 
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті,
филол.ғ.к., профессор, Ақтау, Қазақстан
Адамның тылсым сырларын лирикалық өлең көрсете алады. Объективті өмір 
шындығы ақиқатты субъективтік сана елегінен өткізілді. Лирикалық «меннің» сезімі арқылы 
терең түйсік аңғарылады. Кейде тұтас бір буынның өзекжырды сыры ақын тебіренісімен 
жарыққа шығады. Міне, осылайша адамның терең жан күйінің лирикада бүкпесіз, шынайы 
бейнеленуі тура психологизм болады. 
Мысалы Фариза Оңғарсынованың мына бір шумақтарында бүркемеленіп тұрған 
жабық сыр жоқ: 
Басқа түскен қайғыңды, 
Ешбір адам жан салып бөліспейді. 
(дос боп жүрсін, сен күнде көріс мейлі), 
Күйзелетін сен ғана, егілетін
Тек сен тартар азап қой ол іштегі. 
Мүсіркесіп кетеді,іші қайраң, 
Қайғы уынан өртен сен, өл, іш, мейлі: 
ешкім сонда ол уға қолын созып. 
Мен ішем деп жартысын бөліспейді 
[1, 247]. 
Өлеңге тереңірек мән беріп, оқи отырып, поэтикалық өрнегі, сезім шынайылығы, 
ақиқат тереңдігі, эстетикалық әсерлігі жағынан үлкен поэтикалық дүние екеніне көз 
жеткіземіз. Өлең тереңіне бойлай отырып, ақын психикасын ұғынамыз.
Адамның тылсым сырларын нағыз лирика ғана ашып көрсетеді. Лирикалық «Мен» 
арқылы терең түйсік аңғарылады. Кейде тұтас бір буынның өзекжырды сыры ақын 
тебіренісімен жарыққа шығады. Ф.Оңғарсынова терең сырлы өлеңдерінде тура 
психологизммен бірге жасырын психологизмге көп ден қояды. Бұл тәсіл – ақынның ерекше 
шеберлігі. Ақын жанының тереңінде тұнған сезімді тек көкірек көзімен ғана көру керек: 
Елесің қуантардай, 
сен жайлы ой кешемін. 
Өзіңе дым да айта алмай, 
Құрбыңмен сойлесемін. 
Қолыңды алам да мен, 
Қысуға қысыламын. 
Гүлімді саған деген,
Мен оған ұсынамын
[1, 96]. 
Мұнда бозбала психологиясы жасырын психологизм арқылы ашылады. Ғашығының 
елесі қуантып тұрған бозбаланың кездескенде ештеңе айта алмай, құрбысымен сөйлесетіні 
қалай? Немесе алған гүлін басқаға ұсынатыны несі? Бұл – нағыз ғашық халі. 
 Кездесем жеке мүлдем,


82 

Кетер деп сыр жалғасып,

Байқамай өтемін мен, 
Жаныңнан жылдам басып
[1, 205]. 
Алдыңғы шумақтардан жігіт жанын байқасақ, бұл шумақтағы сезім –қыз сыры. Қанша 
көруге ынтықса да, жанынан жылдам басып, байқамай өту де – қыздың сүйген жігітіне сыр 
бермеуі. Қыз жанының жұмбақ сырын мына мысалдардан да аңғарамыз: 
Жиында жұртқа жарқылдап, 
Көзге ілмей сені тұрамын
,
немесе
 
Қыздардан өрлік қалған ба - 
Құлай сүйсе де шектелген: 
Сен алғаш сүйіп алғанда, 
Ашуланған боп кеткем мен...
[1, 199].
 
Бойжеткен қыздың пәк көңілі, ақ жүрегі көрінеді. Ол бірақ сыртқа байқалмайды. 
«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл» деген Абай афоризмінің көрінісі.

Білем әлі жүректер ұғысарын
бірақ көрсем жалынды басып-жаншып, 
асқақ қарап өтуге тырысамын, 
сенен өзге біреуге ғашық жансып. 
...Жұртқа жұмбақ болды да мендегі елес, 
Біреулерге бұл күнде мазақ та өзім... 
Махабаттың күйігі-ерлер емес, 
Әйел ғана шыдайтын азап-төзім
[1, 73]. 
...Бір ғажайып күш сенің бойыңдағы, 
Жүрегімді балқытып, төктірді нұр 
[1, 24]

-
деген жолдардан басқаның жанын сезіну әрекеті қылаң берсе, 
Соншалық ұғысқаннан бірімізге- 
Біріміз тіл қатпай-ақ өкпеледік 
[1, 63], -
деп ой түйілетін жасырын психологизм аңғарылған бұл екі жолда етене жақын адамдардың 
ұғысуы, тіл қатпай өкпелеуімен қатар бір-біріне еркелеу сезімдері де байқалады.
Лирика жайлы тың еңбектердің басым көпшілігінде лирикалық образ сезім мен 
толғаныс образы ретінде көрінетіні баса айтылады. «Лирик ақынның образы – ақынның 
өзінен басқа ешкім де емес, - дейді неміс философы Ф.Ницше, - тек бұл оның әр қилы 
формада обьективтенген тұрпаты, сондықтан осынау ұлан-ғайыр әлемнің кіндік-тұтқасы 
ретінде ол «Мен» деп сөйлеуге әбден хақылы; бірақ бұл «Мен» эмприкалық реальды 
«меннің» өзіне ұқсамайды, ол – жалпы әр нәрсенің тегінде, негізінде жатқан бірден-бір 
мәңгілік қасиет, ақиқат мән ретінде көрінеді» [2, 73-74], Лирик ақын – лирикалық кейіпкер 
рөліндегі бейне, бүкіл жан дүниесімен лирикалық бейненің танымы. Ақын – лирикалық 
кейіпкер рөліндегі бейне, бүкіл жан дүниесімен лирикалық бейненің танымы. Лирикалық
образды зерттеген ғалым Т.Шапаев: «Лирикадағы басты образ – лирикалық қаһарман. Бұл 
образдың түп негізі - ақынның өзі болғанмен, лирикалық кейіпкер – жинақталған, 
дараланған, яки толық мағынасындағы әдеби бейне санатына көтерілген, ақынның ғана емес, 
оның замандастары атынан сөйлеу хақына ие болған тұлға. Ақын мен лирикалық кейіпкер – 
біртұтас тұлға» [3, 22], - деп өте дәл тұжырым жасайды. 
Лирикалық бейненің ақын болмысынан тұлғанатыны – белгілі жайт. Дегенмен ылғи 
да ақынның нақ өзі бола бермейді. Мысал ретінде Ф.Онғарсынованың «Ақбөбек жырларын» 
алайық. Ақбөбек пен Қайыптың мұңды махаббаты туралы аңыз Маңғыстауда кең таралған. 
Өнерпаз кедей жігіт Қайыпты сүйген бай қызы бір түнде онымен қашып кетеді де, тауда үш 
күн паналайды. Қайып аң аулап кеткенде, қуғыншылар Ақбөбекті қолға түсіріп, Форт-
Александриядағы (қазіргі Форт-Шевченко қаласындағы) түрмеге қамайды. Қайып жиһан 
кезіп кетеді. Сондағы Ақбөбектің мұңы былай беріледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет