«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет53/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

...Асықтым әр таңға мен
Жүзіңді көрем бе деп. 
Бұл қайғым тарқар демен, 
Өмірде сенен бөлек. 
Тіл қатсаң жігіттерге, 
Қызғандым аласұрап. 
Күңкілшіл күдіктен бе –
Сенделдім дара шығып...
[1, 205].
.
«Қыз сыры» аталатын лирикасында да бойжеткеннің ішкі жан-дүниесі әдемі өріледі. 
Бұл айтылған лирикалық кейіпкер жанының толқындары – ақынның өз басынан кешірген 
сезім сәттері.
Ақын өз сырын оқырманына еш кібіртектемей жайып салады. Тыңдаушысы да, 
құптаушысы да, сырлас-мұңдасы да – оқырманы. Өлең жолдарын оқи отырып, тура ақын 
жанын, мінезін танимыз. 
Ішкі монолог тәсілінің әдебиеттің барлық жанрында да белгілі бір көркемдік қызметі, 
өзіндік ауыр жүгі бар. Автор лирикалық толғаныспен тебірене отырып, кейіпкерлеріне өз 
жан толғанысын береді. Ақтарылған шынайы сыр қабылдаушысының да жан-жүрегін, көңіл-
күйін тербейді. Өйткені «лирикасыз монолог тумайды», [6, 321] - деген И.Сельвинский сөзі 
монологтың маңызын айқындап береді. Ал лирикалық өлеңдегі көрінісіне Фариза ақыннан 
бір мысал алайық: 
Мен қашанғы ішімнен шыңғырамын, 
Қашан, қашан басылар бұл құмарым. 
Ей, адамдар, айтсаңшы біреуің кеп, 
Қандай емнен жазылар жынды жаным?
[1, 303] 
Ақын алай-дүлей сезімін осылай өлеңге түсірген. Ішкі монологты лирикалық 
«меннің» баламасы деуге де болады. Фариза ақынның тағы бір өлеңіндегі ішкі монологқа 
құлақ түрейік:
О, жасаған! Сүйе алар жүрек беріп,
Неге маған сүюді мұң еткенің, 
Дәл осындай қасірет тілеп пе едім? 
[1, 279]
 


85 
Мұнда ақынның лирикалық «Мені» мұң шағып тұр. Осылайша 
лирикалық 
өлеңдердің көбінесе ішкі монологқа, кейде ішкі диалогқа құрылу себебі, бұл – автордың 
өзгеше өрелі тыңдаушысын іздеп шарқ ұрғаннан туындайтын құбылыс. Лирикадағы мұң 
барлық ақында бірдей болғанымен, оның жеткізілуі әр қалай. Қазіргі қазақ әдебиетінің 
кемелденуіне байланысты, көркемдеу құралдарының, бейнелеу үлгілерінің молаюына 
байланысты ішкі монолог түрленіп қолданылып, шығармаға көркемдік нәр береді. Бұл тәсіл 
көбіне психологиялық талдау ретінде беріледі. Ф.Оңғарсынованың «Әйелдің монологы», 
«Бақыттының монологы», «Бойжеткеннің сөзі», «Жастық шақ монологы», «Қоштасу» («Қыз 
Жібектің соңғы сөзі); «Жантолының монологы», «Жастық шақ туралы элегия», «Кек немесе 
келіншектің ызасы», «Аңсау немесе жесірдің зары», «Мұқтаждық немесе жетімнің 
монологы» сияқты лирикалық өлеңдердің сезімдік психика циклі – эстетикалық өріс емес, 
зерттеу. Ақын өзін ғана зерттеп қоймайды, жалпы адам жанын зерттейді, лирикалық 
кейіпкерін де танытады. Жоғарыда аталып өткен ақынның монологтары – лирикалық 
кейіпкердің, атап айтсақ, бойжеткеннің, Майраның, Жантолының, Қыз Жібектің, т.б. атынан 
айтылады. «Әйелдің монологынан» үзінді келтірейік: 
Сенің от құшағыңда 
дүнинені ұмытып талықсыдым. 
Жүрегімді өртеді жан ыстығың...
Бірақ өзің айныдың. 
Ұмыттың да жастықтың жұмақ күнін, 
сен мысқылдап, мен дағы жылап тұрдым. 
Өмір деген бұрқанған дарияға 
бұрымымнан ұстап ап лақтырдың. 
Сонда ғана есейіп бұл жалғанда
Бәрі алдамшы екенін бір-ақ білдім
[5, 262]. 
Лирикалық кейіпкердің жан айқайын ақын дөп басып, дәл көрсете білген. Алдамшы 
сезім жетегінде кеткен әйел үні ақын жүрегінен сүзіліп шыққан. Бұл – кейіпкер пішініндегі 
ақын сөзі. Сонымен бірге лирикалық кейіпкердің ішкі рухани дүниесі лирик ақынның
дүниетанымын да байқатады. Кейіпкер психологиясын танымдық тұрғыдан тану өлең өрімін 
табиғи тұтастықта талдауда шеберліктің шынайылық сипатына саяды. Бірсыдырғы 
мазмұндау, қарадүрсін, қарабайыр жүйелеу жыр әлемінің жүйесін жасытып, жемісін желілей 
алмайды. Нағыз психологиялық өлең – шын ақынның өмірден көрген-түйіндерінен туған 
терең толғаныс, әсерлер. 
Қорыта айтқанда, Ф.Оңғарсынованың ақындық «мені» мен болмысы бір бейнеге еш 
сыймайды. Ақын бірде өршіл рухты, асқақ мақсатты болса, бірде қылаудан да әлсіз нәзік 
сезім иесі болады, ол сарғаяды, сағынады, қайғы шегеді, ал ең бастысы – сүйеді. Сондықтан 
да Фариза ақынның лирикасы толып тұрған әртүрлі «мендер» десек болады. Қуатты жыр, 
салмақты жыр, сыршыл жыр. Әр жырда ақын әр күйде, ал әр күй – бір «мен».
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Оңғарсынова Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалар. 1-т. – Алматы: Жазушы, 
1978. – 252 б. 
2. Ницше Ф. Соч. в 2-томах. Т.1. – Москва: Мысль, 1990. – 831 с. 
3. Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. – Алматы: Жазушы, 1989. – 191 б. 
4. Оңғарсынова Ф. Толық шығармалар жинағы. Т.ІV. Алматы: Сардар, 2015. – 320 б. 
5. Оңғарсынова Ф. Шілде. Алматы: Сардар, 2019. – 480 б. 
6. Сельвинский И. Я буду говорить о стихах. – Москва: Советский писатель, 1973. – 
503 с.

 


86 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет