жинақы,таза,ұқыпты жүріп,сөйлеген сөзі мәнді,ойлы,әдемі,салмақты келіп,асықпай
,байыппен сөйлеуі керек.Бала еліктегіш болғандықтан,жақсыны да,жаманды да тез
қабылдайды.
Қазір талантты тәрбиешілер өз білімін жетілдіруге,өз саласын
жан-жақты зерттеп,ғылыми үлес қосуына мүмкіндіктер туып отыр.
Тәрбиешілер курстарға,семинарларға,үйірмелерге қатысу арқылы да білімін,шеберлігін,іскерлігін арттырады.Тәрбиешілер үшін мезгіл-мезгіл оқу,тәрбие ісінің көкейкесті мәселелеріне арнап педагогикалық дәрістер,баяндамалар ұйымдастырылады.Жыл сайын
өткізілетін қалалық,аудандық конференцияларда тәжірибе алысып,шеберлігін ұштауға мүмкіндіктері бар.Тәрбиешілердің білімін көтеру мүмкіндік тудыратын әдістемелік бірлестіктердің маңызы аса зор.Әдетте әдістемелік бірлестіктерде тәрбие жұмысының әдістемесі талқыланып,пікір алмасады
Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі. Оқу-тәрбие ісін жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік тудыратындай етіп ұйымдастыра білген тәрбиешіні шебер тәрбиеші дейді.Тәрбиешінің шеберлігі талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес,бірақ ол-дәрігер мен музыкантты шеберлікке баулитындай етіп үйретуді қажет ететін мамандық (А.С.Макаренко).Шебер тәрбиешінің жұмысы өз ісін терең білумен,белгілі стилі мен даусы дауыс ырғағынан,тәжірибеде тексерілген әдіс-тәсілдер жиынтығынан,күнделікті оқу-тәрбиенің мақсат,міндетін анықтауынан байқалады.Шебер тәрбиеші тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін,не үшін істейтінін,қандай дәрежеге жеткісі келетінін саналы,анық және дәл біледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі қағидалары: 1. Дамыту қағидасы Іс-әрекеттің әр түрінде баланың эмоцияналды, рухани-адамгершілік, ақыл-ойының дамуы мен өздігінен дамуын бағдарлайды, ынталандырады және қолдау көрсетеді, мектеп жасына дейінгі баланың дербестік, бастамашылық, шығармашылық қабілеттіліктерінің көрінуіне жағдай жасайды.
2. Табиғатқа сәйкестілік қағидасы Балаларды тәрбиелеу мен оқыту табиғат пен әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысын ғылыми түрде түсінуге және мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа сәйкестілік қасиеттерін, жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігіне негізделеді.