Тәрбиешіге қойылатын талаптар:
Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;
Арнаулы білім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі керек;
Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;
Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы керек;
Жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;
Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге,
тәлім –тәрбие берерліктей болуы тиіс.
Жаңашыл педогог Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей талап қояды: педогог- тәрбиеші әріптестеріне мейрімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, әріптестерімен қарым қатынас жасаудың әдебін, дауыс сарынын, жылы үнін игеру керек, әріптестерінін табысына қызғанышпен , күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті , әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестерінежоғарыдан менсінбей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің
ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білу керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс.
Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар: - Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптастыра алатын,адамгершілігі жоғары,мәдениеті,ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын,
- әдебиет пен өнердің,техниканың даму жайын жақсы білетін,оны түсіндіре алатын адам болуы керек.Тәрбиешінің мәдениеттілігінің көрсеткіші-әдептілігі,қоғамдық орындарда өзін сыпайы,еркін,ортаға лайықты ұстай білуі,өнегелі тәртібі,сүйкімділігі,адамдармен өзара сыйластыққа,адалдыққа негізделген қарым-қатынасы.Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді,сыйлайды,құрметтейді,оған жақын жүргісі келеді,оның балалар арасында беделі зор болады.
- Тәрбиешінің жеке басының үлгісі жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі,
өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді.Сол себептен де ол үнемі
Достарыңызбен бөлісу: |