Қазіргі заманғы зерттеулер көрсеткендей,мектепке дейінгі кезең-бала өмірінің ең бақытты сәті ғана емес,бұл сонымен қатар адамзат дамуының ешкім түсініп болмайтын ең бір ауқымды әлеуеті



бет6/7
Дата19.10.2022
өлшемі6,98 Mb.
#153878
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
zamanaui-tәrbieshіge-қoyylatyn-talaptar

Заманауи тәрбиеші
Балаларды сүйеді
Балаға балабақшада психологиялық қамқорлық жасайды
Баланың ойнауына , еңбек және білім алуына жағдай туғызады
Баланың дамып жетілуіне ат салысады
Өз білімін көтеруімен шұғылданады
Білімін жетілдіреді.
Тәрбишінің артистігі: дегеніміз-түрлі қиын жағдайларға кездескенде тапқырлық көрсету.Баланың көзін жеткізетін іс-әрекет,тәсіл,ұтымды әдістауып,шеберлік көрсете білу.Өз сезімін,ішкі жан-дүниесін басқарып,ұжыммен қарым-қатынас үстінде ерік-жігерін икемділікпен іске асыру.Бұл мәселені кезінде А.С.Макаренко көтерген:"Педагогика ғылым ғана емес,өнер де,сондықтан педагог өз бойына артистік шеберлікті қалыптастыруы керек".Балаларға суық,ызалы,ашуланшақ тәрбиешілерге қарағанда,әзілді түсінетін,жайма-шуақ,шыншыл,өмірге шаттана қарайтын тәрбиешілер ұнайды.Тәрбиешінің жұмысқа шат көңілмен,ширақ қарауы балаларды сергітіп,жұмысқа жұмылдыра түседі.
К.Д.Ушинский: "...тәрбиеші өзін өткен мен болашақтың арасында тірі дәнекермін,шындық пен жақсылықтың құдіретті жауынгерімін деп біледі және ол өз ісінің сырт қарағанда қарапайым екендігін,бірақ тарихтың ұлы істерінің бірі екендігін,бұл істен көптеген ұрпақтар нәр алатынын түсіндіреді" деп жазды.Еңбектеген баладан ғұлама ғалымға дейін ұстаз алдынан өтеді.Мемлекет қайраткерлері де тәрбиеші-педагогтерден тәлім-тәрбие алады.Педагог адамзат қоғамы жасап шығарған байлықты жас ұрпаққа үнемі сіңіріп отырады.
Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны. Ата аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны, формасы. Әдістеріне тоқталамыз. Отбасы –бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеумен , қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адасдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасына барлығы жақсы болған жағдайда-балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық- баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық,әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділігі ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру өз нәтижесіне жетеді. Осы орайда, балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны төмендегідей:
а) Ата-аналармен педагогикалық, психолоиялық біллімдерін көтеру; (Дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастрыу, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар, т.б.);
б) Ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру; (ата-аналар жиналысы, бірлескен шығармашылық жұмыстар, материалдық-техникалық база жасауға көмектесу);
в) Балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата-аналар комитеті , ата-аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер клубы).
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың пеагогикалық мәдениетін көтеруге балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуметін арттыруға бағытталған болуы керек.
Ата-аналармен жұмыстың әдістері : бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама жүргізу.
ата-аналармен ашық және сенімді қарым-қатынастарды:
адал және ашық қатынас;
тәрбиелеуде өзара келісілген мақсаттар;
ашық екіжақты ынтымақтастық негізінде құру.
 
Тәрбиешілердің әдіскерлік дәрежесің көтеру,мамандығын арттыру,аудандық,
қалалық,облыстық оқу бөлімі жайында ұйымдастырылатын семинарлар мен
үйірмелерде жүзеге асырылады,онда жүздеген тәрбиешілер әрбір 5 жылда мамандығын арттырып отырады.
Балабақшада тәрбиешілердің білімін жетілдіру,мамандығын арттыру тікелей
педагогикалық мәжілістерде,педагогикалық кітаптарды талдау арқылы 
меңгерушінің,әдіскердің басшылығымен іске асады.
Балабақшаның барлық қызметкерлері қатысатын ашық тәрбие сағаттарының
үлкен маңызы бар.Одан кейінгі өткізілетін бірқатар әдістемелік талдаудың 
да тәрбиешілердің әдіскерлік шеберлігін арттырудағы мәні ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет