Азықтың ауыз қуысында қорытылуы
Жан жануарлардың ас қорыту процестері ауыз қуысында азықты қабылдау, оны ұнтақтау, сілейкеймен шылау, корыту және жұту сияқты кезеңдерден қалыптасады.
Ауыз куысына түскен азық механиқалық, биохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Азық бірден механикалық ұнтақталады, араласады, сілекей әсерінен жұмсарып ериді және ферменттердің әсерімен органикалық заттар ыдырайды.
Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің (шықшыт, бұғақ және алқым) өзегі ашылады. Алқым безі сопақша пішінді келіп, төменгі жақтың астында бірінші мойын омыртқаға дейін созыла орналасады.
Бұғақ безі тілдің астында, оның екі бүйір жақ шетін алып жатады. Бұл бездердің өзектері тілдің астына ашылады.
Шықшыт безі сопақша пішінді болып келеді де, төменгі жақтың арт жағын ала, құлақтың астында орналасады. Бұл бездің өзегі жоғары ұртта 3-5 азу тістердің тұсында ашылады. Аталған бездермен қатар ауыз қуысында көптеген майда бездері бар мүше – тіл.
Таңдай бездері орналасады. Сілекей бездері сірнелі және шырышты клеткалардан түзілген, олар альвеолалық, немесе түтікше-альвеолалық құрылым тән.
4-Жұмыс. Сілекей құрамындағы муцинді анықтау
Сілекей ауызға түскен азықты ылғалдап, оны шайнауды оңайлатады, азықтың дәмін анықтауға мүмкіндік береді, сілекей құрамындағы муцин шайналған азық ұнтағын жабыстырып, оны жентектейді, жұту процесін жеңілдетеді.
Сілекей түссіз, иіссіз, оңай көпіретін, әлсіз сілтілік реакциялы, тығыздығы 1,002-1,012-ге тең тұтқыр сұйық. Оның құрамында 99-99,4 пайыз су және 0,6-1,0 пайыз құрғақ зат болады. Амилаза (птиалин) және глюкозидаза (мальтаза) ферменттерінің болуына байланысты сілекей көмірсуларды ыдырату процесіне қатысады. Амилаза крахмалды мальтозаға, ал мальтаза оны глюкозаға дейін ыдыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |