Гайденгейн тәсілімен қарын сөлін алуға жасалатын ота көрінісі.
Қарын сөлінің химиялық қасиетін зерттеу.
Жұмыс барысы: Арнайы қарандашпен 4-пробирканы нөмірлейді: 1-не 2мл таза қарын сөлін; 2-не қайнатылған 2мл қарын сөлін; 3-не 2мл ас содасымен сілті реакцияға дейін титрленген қарын сөлін; 4-не 2 мл 0,5-дық HCl ерітіндісін құяды. Барлық түтіктерге 0,1г фибрин (ет) салып, бар түтіктерді 38º С-де жылылықта су моншасына 30 – 40 минутқа салады, уақыт өткен соң түтіктерді алып, оның ішіндегі фибрин бөліктерінің қалай өзгергенің бақылау мақсатында, биуретт реакциясын жасау арқылы гидролиз қарқынын анықтайды.
17-кесте. Қарын сөлінің белокқа әсерін тексеру амалы.
Қосылатын заттар атауы:
|
Түтіктер-пробиркалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2 мл. таза қарын сөлі
|
+
|
-
|
-
|
-
|
2 мл. қайнатылған қарын сөлі
|
-
|
+
|
-
|
-
|
2 мл. ас содасы қосылған қарын сөлі
|
-
|
-
|
+
|
|
2 мл. 0,5% HCl ерітіндісі
|
-
|
-
|
-
|
+
|
0,1 гр. Фибрин (ет) кесінділері
|
+
|
+
|
+
|
+
|
38ºС-де су моншасына 30 – 40 минутқа салады
|
+
|
+
|
+
|
+
|
Биуретт реакциясын жасау үшін, түтіктегі қоспаға 1мл 10% NaOH және 3-4 тамшы 1%-CuSO4 ерітіндісін қосып, араластырады. Егер онда ыдырау нәтижесінде ақуыз болса көкшілт-күлгін түс, ал пептид қоспасы бар болса-қызғылт түске боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |