Тәжірибе барысы:Бұзауды (қойды) шықшыт сілекей безіне қойылған фистуламен, бірнеше сағат бойы азықтандырылмаған күйі станокқа бекіндіреді. Ағынды тесігіне резеңкелі шұңқұр ыдысты разрядты шамдарымен бірге немесе сорғышы бар пластмассалы шұңқұр ыдысты бекітеді. Бастапқы 6-8 мин аралығындағы сілекей бөлудің бастапқы аясын (екі минут аралығында) орнату керек.
Жануарды бөлінген сілекейді ескере отырып екі минут аралығында кезек-кезек азықтандырады: сұлы ұнымен,сұлымен,азықтық қызылшамен (үлкен дана).Әр бір келесі тітіркендіргіш немесе ынталандырғыш азықты секрециның бастапқы деңгейі қалпына келгеннен кейін ғана беру керек.