Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет66/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

 
Бекіту сұрақтары: 
1. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасаңыз. 


2. Мин империясының саяси жүйесіндегі қайшылықты жағдайлардың алғышарттарын 
ашып көрсетіңіз. 
3. Реформаторлық қозғалыс және оның нәтижелері? 
4. Шаруалар соғысы: себептері, барысы, салдарлары? 
ХІІІ ТАРАУ 
КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЖАПОНИЯ 
 
Жапония тарихындағы «өзара соғысушы провинциялар» дәуірі. 
Асикага сегунатының соңғы, жүз жылдық дәуірі (1467-1568) ортағасырлық 
Жапония тарихында «Өзара соғысушы провинциялар дәуірі» деп аталды. Бұл 
дәуір сегун вассалдарының оған қарсы және өзара күресімен ерекшеленді. 
Дәуірдің ең басында, 1467-1477 жж. елдің орталығындағы Киото ауданында 
жүрген үздіксіз соғыстардың нәтижесінде («Онин жылдарындағы соғыс») 
қала қиратылып, көптеген мәдени құндылықтар жойылды. Асикага үйінен 
шыққан сегундар астанаға бақылауынан айырылып қалды, бұл жерде күшті 
қалалық өзін-өзі басқару қалыптасты. Жетекшілік жергілікті провинция 
билеушілері - князьдерге өтті. Өз князьдіктерінің территориясында олар 
шаруашылық және саяси өмірге толық бақылау орнатты. 
Бұл кезде князьдердің табыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерді. 
Егер ерте орта ғасырларда вотчинадан түсетін табыс жалпы мемлекет 
табысының 50%-дан артық бөлігін құраса, ал ХҮІ ғ. басында ол 29%-ға 
дейін төмендеп қалды. Осыған шамалас табысты князь саудагерлерден 
керуендер мен өткелдерден өткені үшін салатын салықтан алып отырды. 
Қолөнер, сауда бірлестіктерінен түсетін табыс барлық князь табысының 43%-
н құрады. Бұл жағдай княьдердің қолөнер өндірісінің дамуына мүдделігін 
арттырды. 1549 жылы Исидэра замок маңы қаласында, Оми провинциясында 
елдегі ең алғашқы еркін рынок пайда болды. Бұл жерде, қолөнершілер мен 
саудагерлерді тарту үшін рынок салығы жойылды.
Князьдіктерде өндірілетін өнім жергілікті сұранысты ғана өтеп қойған 
жоқ, сонымен қатар басқа аудандарға да шығарылды. Егер бұрын провинция 
қолөнер-сауда бірлестіктері орталық ауданның көтерме саудагерлерінің 
дзаларымен белгілі дәрежеде байланысты болған болса, ХҮІ ғ. жергілікті 
дзалар көтерме саудамен айналысатындардан тәуелсіздігін алуға тырысты. 
Князьдер өз территориясында Киото көпестерінің ықпалын жоюға тырысып,
өздерінің ресми саудагерлеріне жеңілдіктер жасады.
Қытаймен сыртқы сауда алым төлеу формасында болғанымен, үлкен 
табыс әкеп тұрды. Сондықтан да феодалдар арасында оған бақылау орнату 
үшін кескілескен күрес жүрді. 1434 жылы алтыншы сегун, Есинори 
Қытаймен сауда келісімен жасап, ол 1547 жылға дейін әрекет етті. Бұл 
келісім бойынша он жылда бір рет, алым беру түрінде Қытайға сауда 
миссиясы жіберіліп тұратын болды. Осы келісім әрекет етіп тұрған кезде 
Қытайға жалпы саны 50 кемеден тұратын 11 миссия жіберілді, оның жетеуі 
үкімет бақылауында (бакуфу), ал қалғандары храмдар мен жергілікті 
князьдердің бақылауында болды. Князьдердің ішінде князь Оути ерекше 
көзге түсті, оның иеліктері Хонсю аралының батысында болды, оны 


еуропалықтар Король Ямагути деп атап кетті. Оның бәсекелесі, өзінің 
вассалы Мори Мотонари, 1555 жылы Ицукусима түбінде болған шайқаста 
сюзеренінің әскерін талқандап, оның иеліктерін басып алды. 
Моридің бәсекелесі елдің солтүстік-шығысындағы князь Такеда 
Сингэн болды. Ол өз жерінде салмақ бірлігін ретке келтіріп, металл теңгелер 
шығарды, өз жерінде жүрген сауда үшін, діни культ үшін алым салық жинап 
отырды. Такеда өз заңын шығарып, әскери устав қабылдады, тәртіп бойынша 
нағыз самурайдан өз қылышымен бір сәтте айрылыспау талап етілді.
Такэда князь Уэсуга Кенсиннің иеліктерін жаулап алды, сондай-ақ 
қазіргі Тумма, Сидзуока, Айти префектураларында орналасқан жерлерді 
өзіне қосып алды. Ол Киотоны басып алғысы да келді, бірақ арманына 
жетпей қайтыс болып кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет