Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет64/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Реформалар жолындағы күрес. 
XV-XVI ғғ. межесінде байқалған 
билеушілер тобының іріп-шіруі мен сыртқы саяси жағдайдағы сәтсіздіктер
қызметші шонжарлардың бір тобы арасында және билікке қатысты бар 
оқымыстылар сословиесі арасында жағдайды өзгертуге деген ұмтылыстарды 
туғызды. Әсіресе цензорат қызметкерлері мен Ханьлинь академиясының 
конфуциандық оқымыстылары ерекше қам жеді. Оппозициялық көңіл-
күйлер императорға дәстүрлі түрдегі шағымдар жасау (петициялар) түрінде 
көрініс тапты, бұл хаттарда қалыптасқан жағдай сынға алынды. Алайда сарай 
қандай да бір айтарлықтай өзгерістер жасай қоймады. Ерекше қайтпас 
арызшыларды тұтқындап, жазалап отырды, қуғын- сүргінге ұшыратты.
1572 жылы сарайда шексіз билікке Хатшылық басшысы Чжан 
Цзюйчжэн ие болды, ол реформаларды жақтады. Оның экономика 
саласындағы реформалары айтарлықтай маңызды болды. Саяси салада да 
бірқатар өзгерістер орын алды. Әкімшілік аппарат жұмыстарының 
нәтижелілігі қатаң бақылауға алынды, сарайдың шенеуніктерді қабылдауы 
қалпына келтірілді, армияның командалық құрамы күшейтілді. Алайда 1582 
жылы Чжан Цзюйчжэн қайтыс болып, оның реформалары тоқтап қалды. 
Реформалар жолындағы күрестің тағы бір жарқын беті Дунлинь 
тобымен байланысты болды. Бұл топты құрған Дунлинь академиясының 
оқытушысы өз маңына жақтаушыларын топтастырды. Олар саяси тақырыпта 
шығармалар мен памфлеттер жазып, халық арасында таратады, 
бұрынғысынша 
императорға 
хаттар 
жазды. 
Қозғалыстың 
нақты 
бағдарламасы болмағанымен, дунлиньдіктер саяси қатынаста нақты 
талаптар қоя білді: императордың мемлекеттік істермен айналысуы, уақытша


билеушілер мен әтектерді аластату, парақорлықпен күрес, армияны нығайту 
т.б. Экономика саласында салықтар мен міндеткерліктерді азайту, жеке сауда 
мен кәсіпшілікке бақылауды төмендету, мемлекеттік монополияларды жою 
т.б. жақтады. Өздері қолдаған мұрагер Гуан Цзун билікке келген кезде олар 
өз реформаларын іске асыруға қол жеткізді. Бірақ 2 айдан кейін Гуан Цзун у 
беріп өлтіріліп, реформаторлар биліктен аластатылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет