жалғасты. Осы жылы португалдықтар жергілікті билеушілерді сатып алу
жолымен Макао қаласы мен портын өз қолына алады.
XVII ғ. басында солтүстік шекарада жаңа қауіп туындады, бұл жолы
қауіп төндірген манчжур тайпалар одағы болды. 1618 ж. манчжур ханы
Нурхацы соғыс бастап бұл соғыста қытайлықтар бірқатар жеңілістерге
ұшырады, Ляо мен Маньжурияның оңтүстігіндегі бірқатар жерлерінен
айырылды. Бірақ олар маньжурлардың тікелей Қытай жеріне қарай жылжуын
тоқтатты.
ХҮІІ ғ. 20-жылдары Қытай жағалауына оңтүстік Тайваньды басып алған
голландықтар келеді, бірақ континентке кіре алмайды. Дәл осы кезде
Гуанчжоу тұсында ағылшындар пайда болды. Сауда жүргізу құқығын алу
мақсатымен олар Хумендегі қытай бекіністерін атқылады. 1603 ж. және 1639
ж. Филиппинде орнығып алған испан конкистадорлары қытайлықтардың
қырғынын ұйымдастырды. Мин үкіметі олардың құқықтарын қорғаудан бас
тартты.
1618 ж. Пекинге томскілік казак Иван Петлин басқарған орыс миссиясы
келді. Ресейге әкелген Қытайдың сарай хатында елшілік пен сауда орнату
ұсыныстары айтылған болатын. XVI ғ. аяғында Қытайда әр түрлі елден
келген христиан миссионерлері орныға бастады. Өздерінің тікелей
міндеттерімен бірге олар елшілік қызметті қатар атқарды, еуропалықтардың
Қытайға енуіне ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: