ҚОРЫТЫНДЫ.
Қортындылай келе Бөкей Орда елі мен оған жақын орналасқан аудандар еліміздің ата тарихының қайнар көзі немесе Жайық өңіріндегі кішкене бөлшегі саналады. Кім-кімде туған елінің ата тарихын білмесе, қастерлемесе, тарихқа деген отаншылдық құрметі қалыптаспаса, бұл дүниеде адал адам болмайтынын баршамыз жақсы білеміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы 24 тамыз күні Ұлытау төрінде журналистерге берген сұхбатында «Қазақтың тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ»,-деп осыдан тура екі жыл уақыт бұрын қадап айтқан болатын. Бірнеше ғасыр мен әлденеше мыңдықтарға жалғасқан ел тарихы жөнінде құнды да маңызды пікір айтқан Елбасы сөзінде үлкен тәрбиенің көзі жатыр. Шын мәнісінде де, жүріп өткен жолымыздың бәрінде де, ата-бабаларымыздың ізі сайрап жатыр. Сол жолда қасиетті Орда елінің тереңде жатқан бай тарихын меңгеріп, әрі алдымен өзімізден білім мен тәрбие алып жатқан өскелең ұрпаққа, одан қалды өзіміз бен қатар еңбек етіп жүрген замандастарымызға үлгі өнегемізді көрсетіп қайтқан жайымыз бар.
Сапар барысында тарихқа талғам мен қарап құрмет қалыптастыру мен бір мезетте спорттың бұқаралығын арттырып, облысымыздың шеңберінде өзге ағайындардың велосипед тебуге деген қызығушылықтарын ояту болатын. Сол жолмен іс-сапарға шыққан туристер тобы, Орда өңірін бетке алған жолда туристік походтар ұйымдастырып, алыс жолға шыққанда ауыз бірлікте, ынтымақтастықта татулық жағдайында бір үйдің балаларындай тату тәтті тұрмыс күйттедік. Осындай сапарлардың адам баласын бірлік пен татулыққа тәрбиелеуге қосатын үлесі қомақты деген ойдамыз.
“Тәрбие бесіктен басталады”- дегендей болашақ ұрпақты алдымен тарихи сауатты, спорт жағынан шыныққан шымыр, елжандылық рухы биік азамат етіп тәрбиелеу жолында педагог атаулы үшін осындай жорықтардың тигізетін септігі молынан болмасына кім кепіл. Әрі туған өңіріміз бен өлкеміз үшін отаншылдық пен елжандылықты халық арасында кеңінен нәсихаттап, вело спортының маңызын жоғарылатуда осындай тарихи-жорықтардың тигізер септігі биік деп есептейміз.Туристер жорығы туралы экспедиция мүшесі Миржан Қарабалиннің авторлығы мен Казталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №33 (8333) санына «Шерлі де, шежірелі Орда» тақырыбымен мақала басылып шықты.
Бағытта кездескен қауіпті жерлер (кедергілер, құбылыстар)
Велосипед пен келе жатқанда қауіпсіздік техникасы мен сақтық ережелерін сақтаған жөн, себебі жолда неше түрлі жағдайлар кез болуы мүмкін. Жолда жүріп келе жатқанда абай болу қажет. Әсіресе Казталов-Жәнібек бағытындағы көлік жолы бойында жолда авто мәшинелер көп кездеседі. Шапшаң жылдамдық пен келе жатқан авто көліктерден мұқият болу шарт. Өнеге елді мекенінен кейін Мұратсай бағытындағы жайын жолда жүріп тұрудың қиындығы бар. Әсіресе Мұратсай мен Орданың арасында жердің құмды болуына байланысты велосипедтің қозғалысы туристерге қиындық келтірді. Әрі елді мекендер арасының қашықтығы, далада су көздерінің сиректігі тағысын-тағы кедергілер адам баласының аса сақ болуын талап етеді.
Ү.Жорық қорытындысы
Маршрут ұзақтығы 6 күн және І- ші қиындық категориясындағы жорыққа сәйкес келді. Маршруттың жалпы ұзындығы 280 км. жорық Казталов аудандық БЖТ және ЭО-нің қосымша білім беру педагогтары қатысты. Топ мүшелері жорық барысында қауіпсіздік ережелерін сақтап, жинақы жүрді. Жорық Бөкей Ордасы елінің тарихын терең танып білу, өлкетану және вело туризмі техникасын жетік меңгеру мақсатында ұйымдастырылды. Маршрут жоспар бойынша ойдағыдай өтті. Топ мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерді толықтай атқарып шықты. Велосипед пен жолда жүру техникасын барынша меңгеріп, далалық жағдайда кездесетін қиындықтарды жеңуге дағдыланып, өздерінің туристік біліктіліктерін жетілдірді деуге толық негіз бар.
Топ мүшелері барған елді мекендермен танысып, ауыл тұрғындармен кездесулер өткізді. Топ мүшелері өлкетану бағытында барған ауылдарынан құнды өлкетану ақпараттарын жинақтады. Экспедиция өлкеміздің табиғаты тамаша жерлерінде ұйымдастырылды. Атап айтсақ жолда кезіккен Әжібай, Тереңкөл, Күйгенкөл, Мұратсай ауылдық округтеріндегі игі істер мен Хан Ордасы елінің ғасырлардан бері қалыптасқан бай тарихы вело туристер тобын ерекше қызықтырды. Жорықта жиналған және зерттелген материалдар слетте қолданылады. Басқа жорықшылар тобына кеңесіміз жаз кезіндегі құбылмалы ауа-райын ескере отырып, қандайма-қандай туристік жорықтарға аса сақтық пен мұқият шығуға, жол бойы қажет болады деген құрал-жабдықтарды толықтай ұмытпай алып шығуға кеңес береміз.
Жеке құрал- жабдықтар
Топтық құрал- жабдықтар
№
|
Атауы
|
Саны
|
1.
|
4 орындық шатыр
|
2 дана
|
2.
|
Шәйнек
|
1 дана
|
3.
|
Тамақ пісіретін құралдар.(темір ілмек,)
|
1 дана
|
4.
|
Брезент қолғап
|
1 дана
|
5.
|
Туристік балта
|
1 дана
|
6.
|
Пышақ
|
2 дана
|
7.
|
Тақтай
|
1 дана
|
8.
|
Фонарик
|
1 дана
|
9.
|
Карта,сызбалар
|
1 дана
|
10.
|
Компас
|
2 дана
|
11.
|
Ара
|
1 дана
|
12.
|
Фотоаппарат
|
1 дана
|
13.
|
Полиэтилен-6м.
|
1 дана
|
14.
|
Дастархан
|
1 дана
|
15.
|
Термос
|
1 дана
|
16.
|
Төсеніш
|
6 дана
|
17.
|
Шырпы
|
6 дана
|
18.
|
Дәрігерлік қобдиша
|
1 дана
|
19.
|
Жөндеу құралдары
|
1 дана
|
Дәрігерлік қобдиша
№
|
Атауы
|
Саны
|
1
|
Стерильді бинт
|
2 дана
|
2
|
Мақта
|
200 гр
|
3
|
Лейкопластырь
|
2 дана
|
4
|
Термометр
|
1 дана
|
5
|
Йод
|
1 дана
|
6
|
Маргонцевка
|
1 дана
|
7
|
Зеленка
|
1 дана
|
8
|
Медициналық сприт
|
200 гр
|
9
|
Ас содасы
|
1 дана
|
10
|
Аммиак
|
1 дана
|
11
|
Анальгин
|
2 дана
|
12
|
Парацетамол
|
2 дана
|
13
|
Антигриппин
|
2 дана
|
14
|
Нафтизин
|
1 дана
|
15
|
Валидол
|
1 дана
|
16
|
Жгут
|
1 дана
|
17
|
Қаз майы
|
100 гр
|
Жөндеу құралдары
№
|
Атауы
|
Саны
|
1
|
Балға
|
1 дана
|
2
|
Қысқаш
|
2 дана
|
3
|
Отвертка (набор)
|
1 дана
|
4
|
Резина желімі «Лодка»
|
1 дана
|
5
|
Желімдеуге арналған резина
|
1 дана
|
6
|
Ине
|
1 дана
|
7
|
Жіптер
|
1 дана
|
8
|
Сым
|
1 дана
|
9
|
Изолента
|
2 дана
|
10
|
Қайшы
|
1 дана
|
11
|
Егеу
|
1 дана
|
Өлкетану жұмыстары мен материалдары
Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округі
Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылы
Күйгенкөл ауылдық округінің жер схемасы
Географиясы мен топонимиясы.
Күйгенкөл - Жәнібек ауданындағы ауыл, әкімшілік округ орталығы.Аудан орталығы- Жәнібек ауылынан шығысқа қарай 72 км. жерде, өзімен аттас көлдің жағалауында, ақжусан, еркекшөп, көкпек, қаражусан өскен бозғылт- қоныр, сортаңдау қоныр топырақты қуан шөлейт белдемеде орналасқан. Тұрғыны 0,88 мың адам (2004), іргесі 1963 жылы Т.Жароков атында қой өсіру кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Ауыл 1993 жылға дейін Ворошилов деп аталған.
Күмәнді Долана- раушангүл тұқымдасына жататын бұта немесе ағаш. Биіктігі 3м. Бұтағы қызғылт-қоңырқай, жас шыбығы бедерлі. Тікеннің ұз. 0,5-1,5 см. Жапырағы жалпақ, жұмыртқа тәріздес. Сағағының ұз. 1-3 см.Гүлінің диам. 1,5 см. Жемісі шар тәрізді немесе қысқа эллирс тәрізді. Жемісінің диам. 11-14 мм. Жайық ө. Аңғарынан Барановка кенті, Нарын құмына дейін тараған. Тұқымы және тамырымен көбейеді. Мамырда гүлдеп,құркүйекте жеміс береді. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Күйгенкөл-қыстау. Жасқайрат ауылының солтүстік-шығысында 14 км. жерде. Жәнібек ауданында. Ащыөзек өзен аңғарында. Маңында Қызылоба, Бесқашар, Ғайса, Бақа қыстаулары орналасқан. Сұрғылт қоныр, сортаң топырақ жамылғысында жусан, бетеге аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.
Күйгенкөл ауылының тарихы
Күйгенкөл ауылы тарихының жарқын беттерінің бірі –ауылдың 1955 жылы миллионер колхоз деп танылуы болды.Колхоз төрағасы Өтепқали Сақыпов еңбектегі ерлігі үшін екі рет «Еңбек қызыл Ту»орденімен марапатталып, ХІХ сьезде делегат болды. Күйгенкөл совхоз болып 1963 жылы қайта құрылды. 1993 жылға дейін Ворошилов ауылы деп аталды. Күйгенкөл ауылдық округінің құрамына 1994 жылы 4 сәуірде Жасқайрат,Көлтабан,Өнеге кірді. Орталығы-Жасқайрат ауылы .Қой өсіру шаруашылығымен айналысқан Күйгенкөл ауылы жерлес ақын Т.Жароковтың есімімен аталды. Қазір онда 46 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауылдық округте Ө.Сақыпов атындағы орта мектеп, бастауыш мектептер, Мәдениет үйі, дәрігерлік емхана мен фельдшерлік-акушерлік пункт бар.
Күйгенкөл ауылдық кітапханасының тарихы
Күйгенкөл ауылдық кеңесі ХІХ партия сьезі атындағы колхозда 1954 жылы «Қызыл отау» деген атпен құрылды. Сол жылдардан бастап кітапхана көпшіліктің сүйікті орнына айналып, қоғамдық өмірге белсене қатысып, рухани қазыналар ордасы бола білді. 600-дей кітап қорымен ашылған кітап қоры бүгінде 19 мың данаға жетіп ауыл тұрғындарының рухани дәрежесін көтеруде қызмет көрсетуде
1954 жылдан 1959 жылға дейін Күйгенкөл ауыл советі ХІХ партия сьезі атындағы колхозда «Қызыл отау» меңгерушісі болып Рысқалиев Асан жұмыс істеді.
1968 жылдан 1976 жылдары совхоздың кітапханасында кітапханашы болып Жұматова Табила жұмыс істеген. Ол істеген жылдары кітап қоры 6000 данаға жетіп, оқырман саны 300, кітап берілімі - 3000 данадай болды.
1971 жылы «Ең үздік кітапханашы» атағын алды. Ұлы Жеңістің 30 жылдығына «Ер есімі, ел есінде» стенд шығарып , осы көрме үшін облыстық мәдениет бөлімінен мақтау қағазымен марапатталған. Облыстық әйелдер сьезіне бірнеше рет қатысып, 1974 жылы кітапхана облыстан «Үздік кітапхана» атағына иеленді
1976 жылы Күйгенкөл ауылдық кітапханасына 6000-ға жуық кітап қорымен Губашева Тойған қабылдап алғанда, 300 оқырман есепте тұрған. Тойған өз ісінің шебері, білікті маман ретінде бірнеше мәрте облыстық мәдениет бөлімінің аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен мақтау қағаздарымен марапатталған. 2006 жылы облыстық Ж.Молдағалиев кітапханасынан «Мамандығын мәртебелі еткендер» 2-ші шығарылымына енді. 2009 жылдан зейнеткер жасында.
1972 жылғы кітапхананың сыртқы көрінісі.
60 жылдар шамасында Қазақ Совет әдебиетінің Орал облысындағы апталығы кезінде Ғабит Мүсірепов, Хамза Есенжанов, Қуандық Шаңғытбаев, Ғафу Қайырбеков, Сағи Жиенбаев бастаған ақын жазушылар тобы Жәнібек ауданында болып, Күйгенкөл аулының кітапханасында оқырмандармен кездесті.
1960 жылы Ғ.Мүсірепов Күйгенкөл ауыл тұрғындары арасында қолтаңба беруде.
1978 жылы ақын Т.Жароковтың 70 жасқа толуына байланысты ақынның жанұясы мен ақындар Жұбан Молдағалиев пен Хамит Ерғалиевтер ауылда үлкен шарада оқырмандар кездесулері ұйымдастырылды.
1981-82 жылдары көрнекті жазушы Тахауи Ахтанов пен жерлес ақынымыз Ақұштап Бақтыгереевалар болып ақын ескерткішіне тағзым етіп ауыл тұрғындарымен кездесті.
Ақын Жұбан Молдағалиев ауыл кітапханасында болып кітапхана меңгерушісі Губашева Тойған апайға «Кітап жаршысы бола бергейсін» деп тілек қалдырып, кітапханаға 3 томдық жинағын /өлеңдер/ тарту еткен.
1988 жылы ақын Т.Жароковтың 80 жасқа толуын ауыл жұртшылығы ақынның жанұясымен және ақын Сағынғали Сейітов пен жазушы Әкім Таразының қатысуымен атап өтті. Осы кеште «Ақын, азамат, патриот» стендісі шығарылып, «Халқы сүйген қаламгер» атты кітап көрме, альбомдар шығарылды.
1988 жылы Ә.Тарази ауыл кітапхнасында қолтаңба қалдыру сәтінен.
1998 жылы ақын Т.Жароковтың 90 жылдығына арналған кездесу өтті. Оған ақын Айтқали Нәріков филология ғылымының кандидаты ғалым Серікқали Шарабасовтар қатысты. Баяндамалар оқылып, Т.Жароков поэзиясы тұжырымдалды. Кездесуде облыс ақыны Мұтиғолла Ғаниев, талапкер ақын Нұрлан Сәдіровтер жүрек жарды жырларын оқыды.
Күйгенкөл ауылына өнертанушы ғалым, профессор, күйші Айтжан Тоқтағанов, жерлес ақын Қайрат Жұмағалиевтер келіп, Т.Жароков ескерткішінің жанында оқырмандармен кездесіп қолтаңбасын қалдырды.
2003-2005 жылы «Ауыл жылы» жариялануына байланысты ауылдық кітапханада «Ауылым-асыл қазынам» көлемді көрме жасақталып, ауыл оқырмандары арасында ауылға арнап шығарған өлеңдерінен «Ауылым-арналады саған өлең жырым» атты сайыс өткізілді. «Ауылым атамекенім» атты альбом жасақталып, оған ауылдың өткені мен бүгінгі кезеңдерінің суреттері жинақталып ауыл тарихы жазылды. Кітапханада осындай мәдени көпшілік жұмыстардың өтуіне байланысты оқырман саны 780-ге, кітап берілімі - 25000 данаға жетті. Кітапхананың осындай дәрежеге жетуіне аудандық орталықтандырылған кітапхана мамандарының әдістемелік көмектері мен әдістемелік құралдары көптеп қолданылды.
2007 жыл 26 желтоқсанда Күйгенкөл ауылдық кітапханасы «Модельді ауыл кітапханасы» статусын алды.
Достарыңызбен бөлісу: |