Қазталов аудандық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығы



бет2/13
Дата28.01.2018
өлшемі3,11 Mb.
#34653
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Шартты белгілер:

- түнеген жер

ІІІ Саяхатты ұйымдастыру

Жорықты ұйымдастыру алдында әзірлік жұмыстары жүргізілді: жорықтың өтетін уақыты белгіленді, жорықтың маршруты анықталып, жол сызбасы жасалынды. Жорыққа қатысушылардың тізімі анықталып бекітілді. Жорықшылар қауіпсіздік ережесімен таныстырылды. Жолға керек жеке және топтық құрал-жабдықтарды жинастырды. Тамақтану ас мәзірін жазып, күнделікті тағамдардың мөлшерін анықтадық. Жорықшылар медициналық тексеруден өткізілді. Жолға керек медициналық қобдишаны дайындадық, қайықты жөндеу құралдарын алдық. Кездескен көріністерді фотоға түсіру үшін фотоаппарат алынды. Велосипедтер мен жол дорбалар дайындалып, қатысушылардың топтағы міндеттері бөлінді. Вело жорығының маңызы, денсаулыққа пайдасы (дәріс) оқылды, түсіндірілді.

Жорықшыларға Хан Ордасы жөнінде төмендегідей мәліметтер берілді:

1801 жылғы 11 наурызда Ресей патшасы I Павелдің рұқсаты мен Бөкей Нұралыұлы бастаған 5 мың түтінге Жайық өзенінің оң жақ бөлігіне өтуге рұқсат берілді. Ішкі Орда жері Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі 850000 шақырым аумақты алып жатыр. Орда топырағында 1803 жылғы деректерге қарағанда мұнда 7500 түтін, ал 1825 жылы 10490 үй есепте болды. 1845 жылғы статистикаға мән берсек: 52129 қоныс Орда өңірінде түтін түтетіп үлгерген. 1771 жылы Жоңғарияға үдере көшкен Еділ қалмақтарынан босаған Жайықтың оң жақ бөлігі 30 жыл бойы мал мен адам тұяғынан босап, біраз демалып тыныққан болатын. Алғашқы қоныстанушылар легі Бөкей Ордасы хандығының іргесінің қалануына себепкер болды. Алғашында елді сұлтандық дәрежеде басқарып келген Бөкей 1812 жылы хан атағына ие болды. Араға үш-ақ жыл ғана салып, 1815 жылы қайтыс болған кезде артында інісі Шығай және үш ұлы Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей қалды. Ата дәстүрі бойынша билік үлкен ұлы Жәңгірге тиесілі болатын. Бірақ небары 14 жастағы Жәңгір әлі хан тағына отыруға лайықты емес еді. Сондықтан билік Шығай сұлтанның қолына өтті. Хандықты 1815-24 жылдар аралығында Шығай сұлтан басқарған соң жасы толысқан Жәңгір (шын аты Жиһангер) 1824 жылы Орал қаласы маңындағы Хан тоғайында Ішкі Орданың ханы болып сайланды. 1845 жылғы 11 тамыз күні Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болғанға дейін 22 жыл бойына билікті өз қолында ұстады. 1827 жылы 12 биден тұратын билер кеңесі құрылып, Жасқұста хан ставкасы салынды. Ішкі Орда әлеуметтік-экономикалық жағынан өркендеп, аталмыш өңірде хан тоғайы, мешіт, дәріхана, мектеп салынып, елде дінге, медицинаға, халық ағарту ісіне аса зор мән беріле бастады. Әсіресе халық арасында кеңінен таралған жұқпалы аурулардың алдын-алуға аса зор мән берілді. Оның сыртында жұртшылық арасында айырбас саудасының ықпалын жоғарылатып, халықтың күнделікті тұрмысын түзеу мақсатында 1832 жылы Орда топырағында алғаш болып, сауда жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Намазын қаза қылып көрмеген Хан Жәңгір жұма сайын сұлтандар мен бірге мешітке барып, ата-бабаларының аруағына зиярат етуді дәстүрге айналдырған. Рамазан айы мен Ораза кезінде таң атқанша мешітте болған. Оқу жылында 3 рет мектептегі сабақтарға өзі қатысып, өз қаражаты есебінен жылма-жыл 10 баланы Ресейдің жоғарғы оқу орындарына жіберіп отырған. 1845 жылы өмірден өткен ханның артында 6 ұлы 3 қызы қалған.



ІҮ.Маршруттың техникалық сипаттамасы


Жорық күні: 1 күн. 25.07.2016жыл.

Жүрген жол:Казталов-Бірік-Нұрсай35км +29 +18

Маршрутың шығу уақыты: 11 сағ.00 мин

Түнеуге тоқтау уақыты: 21 саг. 12 мин

Жүру уақыты– 3сағат 0 минут

Орташа жылдамдығы – 10 км/сағ
25 шілде күні аудандық БЖТ және ЭО-нің қосымша білім беру педагогтарынан жасақталған тобымыз «Казталов-Хан Ордасы» жорық басталатын күні Казталов ауылынан күндізгі сағат 11:00-де аудандық БЖТ және ЭО-ның базасынан 5 велосипед жорығымызды бастадық. Казталов-Бірік-Нұрсай бағытындағы алғашқы 35 шақырым жолды жүріп өттік. Ауа-райы жақсы, жел жоқ, сапар барысында ауыл тұрғындарымен әнгімелесіп, ауыл туралы қысқаша мәліметер алдық. Бірік ауылы Сарыөзеннің сол жақ жағасында орналасқан, ауылда 150 үй және 2004 жылы салынып, бітіп пайдалануға берілген типтік жобадағы екі қабатты орта мектеп бар. 2009 жылы Әжібай ауылына мемлекеттік «Таза су» бағдарламасы бойынша су құбыры тартылып, ауыл көшелеріне су колонкалары орнатылды. Одан бөлек Әжібайда 2007 жылы ауыл балалары үшін есігін айқара ашқан «Ақтілек» балабақшасы және типтік жобадағы екі қабатты Мәдениет үйі мен соңғы үлгіде салынған әкім аппаратының ғимараты халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Ал Нұрсай ауылына аялдағанымызда бұл ауылдан да оңды өзгерістердің куәсі болдық. «Жұмыс пен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде күрделі жөнделіп жатқан орта мектеп үйін, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға тартылып жатқан ауыз су желісінің жұмыстарын көзіміз бен көрдік. 2010 жылы салынып бітіп пайдалануға берілген ауылдағы Мәдениет ошағы да заманға сай бой түзеген әсем ғимараттардың бірі екен.
1 фото 2 фото





Жорық күні: 2 күн. 26.07.2016 жыл.

Жүрген жол: Нұрсай-Күйгенкөл 70 км +30 +19

Маршрутың шығу уақыты: 09 сағ.15 мин

Түнеуге тоқтау уақыты: 19 саг. 125 мин
Жүру уақыты– 7 сағат 30 минут

Орташа жылдамдығы – 10 км/сағ

Сағат 7 30 ұйқыдан тұрып таңғы асымызды әізірлеп ішіп, шатырларымызды жинап, сағат 9-да жорығымызды жалғастырдық.Таңертеңгі ауа райы біздің термометр



+160С көрсетіп тұр және оңтүстік жақтан жай жел соғып тұрды.Біз шамамен 10 шақырым сағатына жүріп табиғаттын көркемділігін қарап, Казталов-Жәнібек бағытындағы күре жол бойындағы табиғаттың флорасы мен фаунасына экологиялық көзқарасты ұлғайтып және суретке түсіріп күнделікке енгіздік. Жол сапар барысында жердің ойлы-қырлы екендігін, биік таулы, жартасты жерлердің көп екендігін байқадық. Жол бойында Казталов ауданы аумағындағы «Ащысай өзені» үстіндегі көпірде, және Жәнібек ауданы шекарасында командамыз бен фото суретке түсіп, дерек қорымызды молайтып отырдық. Оның сыртында жол бойы кезіккен Құрсай, Көлтабан елді мекендерін бағыттайтын жол белгілеріне фото суретке түсіп, шағын ауылдар жайлы тарихи деректер жинақтадық. Күйгенкөл ауылында (бұрыңғы Т.Жароков атындағы совхоз) 2007 жылы салынып бітіп пайдалануға берілген Ө.Сахипов (сол өңірде 1950 жылдары ел басқарған колхоз төрағасы) атындағы екі қабатты типтік жобадағы орта мектеп үйіне аялдап, мектеп тарихы мен таныстық. Мектеп алдында және мектеп ауласындағы дауылпаз ақын Тайыр Жароковқа арнап тұрғызылған ескерткіш кеуде тұғырдың алдында естелікке фото суретке түстік. Жалпы ауыл өмірінің өркендеп, бүгінгі заман талабына сай тұрмыс күйттеуге ұмтылған ауылдықтардың тамаша тірлігіне саяхат барысында толықтай көз жеткіздік. Сөзімізге кешегі өтпелі кезеңде еңсесін түсірмей, ешқандай тұрғын үйлері бұзылмаған Күйгенкөл ауылының жалпы сыртқы көрінісі, заманға сай жаңғырған жеке дүкендер мен әкім аппараты мектеп сынды үкімет ғимараттары нақты дәлел бола алады. Ауыл төңірегіндегі сай-саланы жағалаған мүйізді ірі-қара мен қой-ешкінің әдемі дауыстары мен ширақ қимылдары Күйгенкөлдіктердің ата кәсіп-мал шаруашылығын өркендетуге бет бұрғандықтарын дәлелдеп тұрғандай. Аты аталған ауылдағы «Бағлан» сауда дүкенінен таусылуға жақындаған кейбір азық-түліктеріміз бен басқа да қажетті заттарымызды сатып алып, қорымызды толықтырдық. Туристер тобының механигі А.Тілепқали аялдаған елді-мекендерде аз-кем ахауы бар велосипедтерді жөндеп, іске қосып отырды.

3 фото 4 фото







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет