Жорық күні: 3 күн. 28.07.2016 жыл.
Жүрген жол: Күйгенкөл а.-Өнеге а 27 км
Маршрутың шығу уақыты: 09 сағ.45 мин +16 +14
Түнеуге тоқтау уақыты: 17 саг. 30 мин
Жүру уақыты– 3 сағат 45 минут
Орташа жылдамдығы – 10 км/сағ
Түндегі дауылды жаңбырдан кейін, таңертең Сағат 7: 30 ұйқыдан тұрып, айналамызды жинастырдық, таңғы асымызды әзірлеп ішіп, шатырларымызды жинап, экспедицияның жетекшісі А.Сарсембиев барлық команда мүшелерін жинап, бүгінгі күні істелетін жұмыстар жөнінде шағын нұсқаулық берді. Сағат 9-да жорығымызды жалғастырдық. Ауа райы +15°С жел жоқ. Жол жүру барысында Күйгенкөл ауылы маңындағы алма бағының үстінен өттік. Өнеге- Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округіне қарасты шағын елді мекен. Шағын ауылда тұрғын халық үшін бастауыш мектеп, ауылдық клуб пен кітапхана, ФАП қызмет жасайды. Елді-мекенді Жәнібек-Казталов бағытындағы Республикалық маңызы бар көлік дәлізі және жергілікті маңызға ие Өнеге-Бисен-Сайқын бағытындағы облыс ішілік жол тарабы қиып өтуде. 30-40-қа тарта тұрғын үйі бар шағын ауылдың тұрғындарының негізгі кәсібі төрт түлік мал өсіру ісі екен.
5 фото 6 фото
Жорық күні: 4 күн. 28.07.2016жыл.
Жүрген жол: Өнеге ауылы- Мұратсай ауылы 24 км
Маршрутың шығу уақыты: 09 сағ.30 мин +18 +12
Түнеуге тоқтау уақыты: 18 саг. 00 мин
Жүру уақыты– 4 сағат 10 минут
Орташа жылдамдығы – 3-4 км/сағ
Сағат 07.30- да ұйқыдан тұрып, айналамызды жинастырдық, таңғы асымызды әзірлеп ішіп, шатырларымызды жинап, Бөкей Ордасы ауданының аумағына қарай жолға шықтық. Казталов-Жәнібек бағытындағы көлік жолы бойымен жүріп келген велосипедшілер тобы Өнегеден сол жақ қапталдағы далалық жолға түсіп, Мұратсай ауылын бетке алған экспедиция тобы Өнегенің төңірегіндегі зиратқа бет сипап, жорығымызды әрі қарай жалғастырдық. Жолай кездескен қазіргі замандағы шаруа қожалықтары қоныстанған қос бірдей малшы-шопан қыстақтағының үстінен өтіп, діттеген уақытымызда Мұратсай ауылдық округіне де, табанымыз тиді. Ежелден құмды өңір саналатын өңірдің ісі де, сөзі де ірі екен. Ауылдастың бақуатты тірлігі ауылға кіріп келе жатқан қақпадан-ақ көзге оттай есті. Әкім аппараты, мектеп, дәрігерлік амбулатория, жатақхана сынды әлеуметтік ғимараттар түгелге дерлік жаңарып, заманауи жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кеңестер Одағының батыры жерлесіміз Ахмедияр Хусайынов атындағы орта мектеп-балабақшасының жанынан жылыжайға дейін ашылып, жас ұрпақтың биология, технология пәндерінен алған білімдерін өндірістік тәжірибемен сабақтастырып, білім ұясынан еңбек тәрбиесін алуларына дейін ойластырылғанын көріп, қуанып қалғанымызды жасыра алмаймыз. Мұратсай ауылындажергілікті халық үшін тіс емдейтін жеке «Стоматологияға» дейін жұмыс жасайды екен.
7 фото 8 фото
Жорық күні: 5 күн. 29.07.2016 жыл.
Жүрген жол: Мұратсай ауылы – Хан Ордасы ауылы 50 км
Маршрутың шығу уақыты: 08 сағ.30 мин +27 +21
Түнеуге тоқтау уақыты: 19 сағ. 15 мин
Жүру уақыты– 7 сағат 30 минут
Орташа жылдамдығы – 5-6 км/сағ
Ауа- райы ашылды.. Сағат 8.30- да таңғы аспен тамақтанып велосипедтерімізді жөнге келтіріп, заттарымызды тиеп,келесі көрсетілген бағытымызға қарай жолға шықтық . Құм азды-көпті кедергі жасап, велосипедтеріміздің жүрісін тежеген мен алған бағытымыздан қайтпай кедергілерді артқа тастап, алға қарай жылжи бердік. Мұратсайдан шыққан соң, даладағы малшы-шопан қыстағына кезіктік. Өрісте жайлып жүрген малы үшін жер құдықтан су сорып, жатқан шаруа адамына жолығып, жөн сұрастық. Аптығымызды басып су ішіп, бактерімізге жолымызға қажетті су құйып алдық. Онан соң Әжен елді-мекеніне аялдадық. Шағын ғана түтіні бар ауылдағы ағайынның да тірлігі уақыт талабына сай алға қарай ілгерілеп келе жатқанына көз жеткіздік. Жаздың шаруаға қолайлы мерзімін ұқыпты пайдалана білген шағын елді мекен тұрғындарының құрлыс жұмыстарын жүргізіп, шөп тасып, үй жөндеп жатқан әдемі тірліктеріне жол бойы өтіп бара жатып, куә болдық. Нарын құмы бойымен жылжыған вело жорықшыларға келесі болып кезіккен елді-мекен Қарасу ауылы. Хан Ордасы ауылдық округіне қарасты бұл елді-мекен бұрыңғы «Орда» қой совхозының мал фермаларының бірінің орталығы болған шағын ауыл екен. Мұнда да, шамамен 30-дан астам тұрғын үй, бастауыш мектеп, ФАП, клуб ғимараттары бар. Шағын ауыл болса да, газ құбырына қосылған құм бойындағы шағын ауылда да, болашақ бар екеніне көз жеткіздік. Келесі болып, Хан Ордасы ауылына тірелген жорық мүшелері алдымен ауылға 3 шақырым қашықтықта орналасқан Жәңгір хан, Дәулеткерей, М.С.Бабажанов сынды ұлт қайраткерлеріне 1997 жылы Ақтаудың керамзит тасынан тұрғызылған кесенелерге аялдадық. Хан кесенесі мен дәулескер күйші Дәулеткерей бабамыздың және этнограф ғалым М.С.Бабажановтың мәңгілік мәкәндары болған тарихи мекендерге аялдау барысында тарихымызға қатысты Орда топырағындағы бірқатар жәйттарға осы жерде душар болып, өз көзіміз бен көрдік. Орда ауылына кіре берісте қаз-қатар сапқа тұрған велосипедшілер тобы жол бойы қалыптасқан әдетімізше фото суретке түстік. Бүгінгі замандағы тың технология негізінде тұрғызылған заманауи су жаңа қонақ үйге орналасып, ас пісіріп, кешкі тамағымызды іштік. Бөкей Ордасы аудандық БЖТ және ЭО-нің иелігіндегі қонақ үй Хан тоғайының етегіндегі құмды жерге 2013 жылы бой көтерген. Туристер мен саяхатшылардың мекеніне айналған Орда ауылына еліміздің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыз бен қатар алыс-жақында орналасқан шет мемлекеттерден де, саяхаттап келушілер қатары көбею үстінде екен. Қонақ үйге бір түнеп шыққаннан кейін екінші күні тарихи мекенге саяхатымыз басталды. Алдымен Бөкей Ордасы аудандық тарихи-өлкетану мұражай кешенін аралап таныстық. Бірнеше ғимараттан тұратын тарихи мекенді аралау кезінде Казначейство, Тәуелсіздік сарайы, Хан үйі сынды өзгеде ел шежіресіне қатысты ескі орындарды өз көзіміз бен көріп, халқымыздың бай тарихи мұрасына қатысты ақпараттарға көз жеткіздік. Мұражай кешенінің ауласы мен аула сыртында естелікке фотоға түсіп, бірқатар тарихи деректерге қанық болдық. Мұражайдан соң Жәңгір хан орта мектебін, Мәдениет үйін аралап, білім мен мәдениет ошағының аулаларындағы тарихи қайраткерлерге арнап тұрғызылған ескерткіштерге тәу етіп, естелікке фотоға түстік. Жәңгір хан, Сейтек Оразалыұлы, Бисен Жәнікешев, Мәншүк Маметова сынды ұлтымыздың ұлыларына арналып тұрғызылған ескерткіш бюсттарда да, біраз тарихи мән-мағына жатқанын жаза кетудің әбестігі жоқ деген ойдамыз. Туристік саяхатымызды аяқтап, вело механигіміз Аманер Тілепқали велосипедтерімізге аз-кем жөндеу, майлау жұмыстарын жүргізген соң, өз ауданымызға қарай жолға шықтық.
9 фото 10 фото
Жорық күні: 6 күн. 30.07.2016 жыл.
Жүрген жол: Хан Ордасы ауылы-Өнеге ауылы
Маршрутың шығу уақыты: 08 сағ.30 мин +23 +31
Түнеуге тоқтау уақыты: 13 саг. 15 мин
Жүру уақыты– 3 сағат 30 минут
Орташа жылдамдығы – 10 км/сағ
Таңғы асымызды ішіп, ауқаттанғаннан кейін 30 шілде күні Өнеге ауылы бағытына жолға шықтық. Нарын құмының бойы мен Орда ауылының тарихи-сәулеттік жағынан тамаша жерлерін, Хан Тоғайын, және ауыл маңындағы 3 шақырым жердегі Хан кесенесі сынды тарихи нүктелерді тамашалап, келген жолымыз бен кері жолға шықтық. Жолай кездескен Қарасу, Әжен сынды шағын комплектілі ауылдардың және ауылдық округ орталығы Мұратсай ауылының үстінен өтіп, Мұратсай су қоймасына аялдадық. Сол жерде палатка құрылып, аз-кем суға шомылып, тынықтық. Даладан ас мәзірін дайындау үшін отын әкелініп, от жағылып, табиғат аясында табиғи тамағымызды іштік. Сол жерде су көзінің іргесінде өліп жатқан балықты көріп, өлескені фото суретке түсіріп алдық. Заттарымызды жинақтап, Мұратсайдан 25 шақырым қашықтықтағы Өнеге елді мекеніне далалық жайын жолдар мен жол тарттық. Өнегеге жеткен соң, вело жорықшылар тобы (топ басшысы А.Сарсембиев) велосипедтерін, іс-сапар кезінде қолданған өзге қажетті заттарын жинақтап, Сол Өнеге елді мекенінде велошылар жорығы өз мәресіне жетіп, (Казталовтан Жәнібек бағытына қарай 114 км) ауылға (Казталов) аудан орталығынан барған авто көлікке барлық туристер мінгізіліп, бір апта бойы жолда жүрген жас турист-өлкетанушылар үйлеріне қайтты.
Қорытынды, шешімдер, ұсыныстар.
Қорытынды:
Маршрут кезінде вело кедергіден қатысушылардың бәрі түгелдей өтіп шықты. Жол бойы ешқандай қауіпті, не қолайсыз жайттар болған жоқ. Жорық барысында жорыққа қатысқан ұстаздар мен машықкерлер туған өлкенің табиғатымен, Ащысай өзені мен Мұратсай су қоймасының жағдайымен және туған өлкенің тарихи құндылықтарымен танысып, экологиялық және тарихи зерттеулер жүргізіп, туған өлкеге деген көзқарастары қалыптасты деген ойдамыз.
Шешімдер:
Маршрут техникалық жағынан І қиындық категорияға жатады деуге болады. Маршрут бойындағы кедергілер жорық мүшелерімен толықтай өтілді, сондықтан бұл маршрутқа жаңа бастап, шығып жатқан жас турист-өлкетанушы-велосипедшілерге арнайы әзірліксіз шығуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |