Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Коммерциялық банктердің несие саясаты



бет34/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
4.4. Коммерциялық банктердің несие саясаты
Коммерциялық банктердің несие саясаты нарықтық қа­тынастар жағдайында несие беру тәжірибесін жетілдіру, банк ссудаларының қайтарылуын қамтамасыз ету, банк­тер­дің тәуекел шығындарын жоюы мақсатында жасалады.

Коммерциялық банктер несие саясатының жалпы қа­ғи­даларын (меморандум) әзірлеп-жасайды, оның басты мақсатын және несие берудің негізгі бағыттарын қалып­тас­ты­рады. Банктер тәуекелге жол бермеуге, сапалы несие қоржынын қалыптастыруға мүдделілік танытады.

Несие саясаты несие беру және ресімдеу, оны басқаруға жауап беретін стандарттар мен параметрлерді анықтайды. Ақылды несие саясаты несие қатынастарын дамытуға арналған несие стратегиясы мен тактикасын жасаудағы директорлар кеңесі мен несие бөлімі қызметкерлерінің дұрыс әрекетін атап көрсетеді. Банктің айқын несие саясаты несие тәуекелдерін дұрыс басқаруда негізгі бағыт сілтеуші болып саналады.

Коммерциялық банктер ішкі несие саясатын жасау кезінде белсенді болуға тиісті, өйткені несие операциялары банктердің негізгі қызметі болып қатысады.

Несие саясатын анықтау кезінде несие стратегиясын клиенттердің құрамы ретінде, сол сияқты оларға берілетін ссудалардың (көрсетілетін қызметтердің) спектрі ретінде ұйымдастыру көзделеді. Банктің несие саясатының мақсаты құқықтық реттеудің белгілі бір элементтерін, қаржыларды алу мүмкіндігін, рұқсат етілетін тәуекел дәрежесін, несие қоржынының балансын қамтуы тиіс.

Банк тәжірибесінде несие саясатына мыналар өз әсерін тигізеді: капиталдың болуы, ссудалардың жекелеген түрлерінің тәуекел дәрежесі, депозиттердің тұрақтылығы, ссудалардың пайдалылығы, жалпы экономикалық ахуал, банк қызметкерлерінің тәжірибесі, банктен қарыз алушы­лар­дың несиені қажетсінушілігі, банкті басқарудың сапасы және т.б.

Несие саясатын айқындау кезінде директорлар кеңесі мен банктің жоғары деңгейдегі қызметкерлерінің алдында жол беруге болатын тәуекел деңгейі мен банктің кірістілігін анықтау қажеттілігі туындайды. Кез келген коммерциялық банктің несие саясатында өзі қызмет көрсететін ауданның (аймақтың) несиеге деген қажеттілігін қанағаттандыруы аса маңызды болып табылады, олай болмағанда банк өз мағынасын өзінен өзі жоғалтады.

Коммерциялық банктің несие саясатының негізгі элементтері саналатындар: қызмет жасау ауданы (жағра­пия­лық бағыты), несие түрлері мен саланы (клиенттерді) таңдау, қолайлы түрде қамтамасыз ету мен несие төлеу қа­бі­леті, ссуданы қайтару мерзімдері және олардың тәуекел­мен өзарабайланысы, банктің өтімдігі, несие берудің ең жоғары шектен асып кетуі, есеп шоттағы өтемақы қал­ды­ғы, қарыз алушыға ссудалар берудегі банк міндеттемесі, ссуда қоржынының көлемі.

Коммерциялық банктердің несие саясаты банк ме­недж­ментінің маңызды бағыттарының мазмұнын ашатын мынадай жағдайлар арқылы қалыптасады:

1. Несие қоржынын қалыптастырудағы банктің мақсаты (несиелердің түрлері, қайтару мерзімдері, несие көлемі, несиелердің сапасы);

2. Несие комитетінің (қызметкерлердің) несиенің ең жоғары сомасы мен түрлерін анықтауға өкілеттігі;

3. Қызметкерлердің міндеттері және ақпараттар беру, тексеру, бағалау және клиенттердің несиеге тапсырыстары бойынша шешімдер қабылдаудағы олардың құқығы;

4. Несие процесі үшін қажетті құжаттардың жиыны (қаржылық есеп, шарттар, кепілдіктер, міндеттемелер және т.б.);

5. Қабылдау ережесі, бағалау және несиемен қам­та­ма­сыз етуді жүзеге асыру;

6. Пайыздық ставкалар саясатын сипаттау, ставкалар мен комиссияларды белгілеу, несиелерді қайтару жағдай­ла­ры;

7. Несиелер сапасының стандарттарын, несие салым­да­ры­ның ең жоғары мөлшерін сипаттау, проблемалық несие­лерді анықтау және талдау.


Түйін
1. Несие беру – бұл нәтижесінде несие берушіден қарыз алушыға дейін берілетін ссуданың қозғалысын білдіретін процесс.

2. Тауар-материалдық құндылықтар, аяқталмаған өндіріс шығындары, есеп шоттардағы ақша қаражаттары тү­ріндегі өндірістік айналым қорлары мен айналым қор­ла­ры­ның құрамды бөліктері банктің несие беру объектілері болып саналады.

3. Коммерциялық банктер, мемлекеттік, жеке меншік, бірлескен, акционерлік кәсіпорындар мен тұрғын халық несие қатынастарының субъектілері болып қатысады.

4. Банк ссудалары: қарыз алушылардың типтері, пайдалану мерзімдері, қамтамасыз ету сипаты, пайдалану жағдайлары бойынша жіктеледі.

5. Банк несиесін берудің қағидалары – қайтымдылық, ақылылық, жеделдік, мақсатты бағыттаушылық, жеке тұр­ғы­дан келушіліктен тұрады.

6. Несие берудің қалдық, айналым, қалдық айналым, ашық несие беру бағыттары сияқты әртүрлі әдісі өмір сүреді.

7. Несие беру әдістері: ашу мақсаттары және айна­лым жасаумен өзарабайланыс бойынша контокорренттік ссудалық есеп шоттардың формаларын байланыстырады.

8. Банктің несие саясаты: меншікті капиталдың бо­луы, активтердің сапасы, банктің кірістілік деңгейі, эко­но­ми­каның жалпы жағдайы, несие ресурстарына сұраныс пен ұсыныс сияқты факторлармен айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет