Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



бет66/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
10.5. Валюталық операциялар
«Валюталық операциялар» түсінігінің маңызы мен мазмұнын ашып көрсету үшін аталмыш тақырыптың негізгі, басты терминдеріне анықтама беру қажет. Ең алдымен, бұл шетел валютасы болып табылады. Шетел валютасы өзіне, айналымдағы және тиісті мемлекеттегі заңды төлем құралы болып саналатын банкнот, қазына­шылық билеттер, металдар түріндегі ақша белгілерін; шет мемлекеттердің ақша бірліктеріндегі және халықаралық немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаржыларды енгізеді.

Валюталық операциялар түрінде меншік құнының жә­не өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуімен байланысты операцияларды оның ішінде төлем құралы түрінде шетел валюталары мен шет ел төлем құ­жат­тарын пайдаланумен; халықаралық ақша аударым­да­рын жүзеге асырумен байланысты операцияларды түсіну көзделеді.

Валюталық операциялар процесінде арақатынасы банк­тің валюталық позициясын айқындайтын шетел валю­та­сына банктердің белгілі бір талаптары мен міндет­те­ме­ле­рі пайда болады.

Егер талаптар мен міндеттемелер сәйкес келетін болса, онда валюталық позиция жабық болып саналады, егер талаптар мен міндеттемелердің теңсіздігі өмір сүретін болса, онда банкте ашық позиция пайда болады.

Егер валюта сату бойынша талап міндеттемеден артып кетсе ашық валюта позициясы ұзақ (ұзын) болып саналады және егер, міндеттеме талаптан артып кететін болса, онда қысқа болады. Ашық валюта позициясы валюта тәуекелімен байланысты және банктерге немесе фирмаларға қосымша пайда әкелумен қатар шығынға да батыруы мүмкін.

Қолма қол валюта операциялары, негізінен, «спот» жағдайында жүзеге асырылады. Бұл – келісім жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күніне жүзеге асырылатын есеп айырысуларға валюталарды тез арада жеткізу операциясы. Тез жеткізілетін («спот») валюта операциялары барлық валюталық келісімдердің шамамен 90%-ын құрайды. «Спот» жағдайындағы операцияларды жүргізу кезінде банк кли­ент­терінің шетел валютасына қажеттіліктерін қам­тама­сыз ету, капиталдың бір валютадан екінші валютаға құй­ы­луы, пайда алу мақсатында арбитраждық (төрелік) ке­лі­сім­дер мен операцияларды жүргізу оның негізгі мақсаттары болып саналады.

Келісім жасаған күнгі бағам бойынша болашақта жеткізу және есеп айырысу арқылы валюталарды сатып алу-сату жедел (шұғыл) келісімдер деп аталады. Әдетте, олар бағамдардың (курстардың) өзгеруінен сақтандыру үшін немесе алыпсатарлықпен алынған пайданы бол­дыр­мау үшін қолданылады. Валюталық операциялардың келесі түрлері «форвард», «фъючерстік операциялар», «опцион», «своп», «арбитраж» жедел операцияларға жатады.

Жедел банкаралық келісімдер «форвард» атауын алған. Келісім жасау мезетінде валютаның бағамы, мерзімі және сомасы белгіленеді, сонымен бірге мерзімі келгенге дейін (әдетте – 1-6 ай) шоттар бойынша ешқандай сома өткізілмейді. Негізінен, банктердің көпшілігі олардың шоттарында әріптестерінің белгілі сомаларының бол­ған­дығын (ақшамен қамтамасыз ету талап етілмесе де және келісім (мәміле) кез келген көлемде болуы мүмкін болса да) артық көреді.

Жедел келісімдердің (мәмілелердің) ерекшеліктеріне мәміле жасау күні мен мәміле орындау арасындағы уақыт интервалының өмір сүретіндігін жатқызуға болады және осы­ған орай валюта бағамы келісім жасау күніне анық­та­ла­ды.

Жедел мәмілелерді (келісімдерді) – конверсиялық, сақ­тандыру және алыпсатарлыққа бөліп қарау қабыл­дан­ған, сонымен бірге мұндай бөлу жеткілікті шекте шартты болып саналады. Бұл мәмілелердің әрбірінде дерлік алыпсатарлықтың элементтері бар деуге болады.

Контракт жасау кезінде ұлттық және шетел валюта бағамдарының, төлем валюталарының өзгеру мүмкін­дік­тері ескеріледі.

«Форвардтық» мәмілелер алыпсатарлық операция­лар­ды жүргізу үшін ыңғайлы құрал болып саналады, өйткені мұндай операциялар үшін қандай да бір өтімді құралдарға ие болу міндетті болып саналмайды.

Жедел алыпсатарлық мәмілелер үлкен пайда да әке­луі мүмкін, сол сияқты үлкен шығынға да батыруы мүмкін, тіпті бірқатар жағдайларда банктерді немесе фирмаларды банкроттық жағдайларға да ұшыратады.

Валюталық фъючерстер қазіргі уақытта келесідей биржаларда: Сингапур Халықаралық ақша биржасында (SIME), Лондон Халықаралық қаржы фъючерстерінің биржасында (LIFFE) және Чикагодағы Халықаралық ақша рыногында (IMM) жүзеге асырылады.

Соңғы жылдары фьючерлік мәміле көлемі айта қалар­лық­тай күрт өсті (әсіресе ММ-де), сонымен бірге олардың LIFFE биржасында енгізілгендігіне қарамастан, олар Еуро­па­да аса кең көлемде даму ала қойған жоқ. Бұл бірінші ке­зекте, Еуропаға тән болып саналатын, «форвард» база­сын­да жақсы дамыған, тиімді қызмет істейтін валюта саудасы­мен неғұрлым икемді жұмыс жасай білумен түсіндіріледі.

Валюталық фьючерс – бұл биржада жүзеге асыры­ла­тын мәмілелердің стандартталған көлемімен және төлем жасау күндері көрсетілген шетел валюталарымен жедел валюталық операциялар.

«Форвард» операцияларынан оның өзгешелігі қазіргі уақытта бірнеше валюта ғана фьючерлік мәмілелердің объектілері болып саналатындығы. LIFFE-де АҚШ долларына қарсы швейцарлық франк, неміс маркасы,йен мен фунт стерлингтер осындай валюталар болып саналады.

Форвардтық операциялардан оның тағы бір ерек­ше­лі­гі сатып алушының немесе сатушының валюталық фью­черс контрактысы бойынша банкпен емес, қарсы (контр) әріп­тес түрінде қатысушы – биржалардың Клирингтік пала­тасымен өзараәрекет жасайтындығынан көрінеді. Клирингтік палата сатушылар мен сатып алушылар ара­сын­дағы операцияларды жүзеге асыруда делдал ретінде қатысады.

Валюталық фьючерстердің форвардтық операция­лар­дан үшінші өзгешелігі, фьючерлік мәмілелер жасау ке­зін­де клирингтік палатаға жасалған келісімді орындау кепілі тү­рінде қолма қол түрде кепілдік депозитін салудан тұ­ра­ды. Бұл кепілдік депозит бағамының қолайсыз қозғалы­сы­нан туындайтын кез келген шығынды жабуды қамтама­сыз етеді. Биржадағы әрбір мәміле үшін бастапқы кепілдік депозит пен оны ұстап тұру үшін депозит белгіленеді.

Жоғарыда келтірілген барлық операцияларда біз болжамдық баға берулерді есепке алғамыз жоқ. Әдетте қосымша үстемелер немесе шегерімдер (жеңілдіктер) контрагенттердің хабардар болу дәрежесіне қатысты болады және шарт предметі болып саналады. Осыған байланысты таңдау мәмілелеріне айрықша орын беріледі.

Опцион (латынша – «optio» - таңдау) күні бұрын келіскен күнге немесе келісілген уақыт кезеңі ішінде белгіленген баға бойынша белгілі бір активтерді сатып алу немесе сату құқығын (опцион сатып алушы үшін) беру туралы екі жақты шартты білдіреді.

Валюталық опцион келесідей формаға ие екі делдал (дилерлер) арасындағы шартты білдіреді:




Уақыт

Клиент нөмірі

Опцион

Қатысушы

Контрагент

Сатып алу

Сату

Контракт

Жеткізу мерзімі

Типі

«СТРАЙК-БАҒА»

Сыйақы

Саны

Аталмыш шарт бойынша опционды делдалдың (ди­лер) бірі жазып береді, ал екінші делдал оны сатып алады жә­не опцион шартында қосымша ескертілген мерзім ішін­де, опционды жазып берген (сатып алатын опцион) тұл­ға­дан бағам бойынша валюталарды белгіленген бағам бой­ын­ша сатып алуға немесе бұл валютаны оған сатуға (сатуға опцион) құқық береді.

Сөйтіп, опцион сатушысы валютаны сатуға міндетті (немесе сатып алуға) болып саналады, ал опцион сатып алушысы мұны жасауға міндетті емес, яғни валютаны сатып алуы немесе сатып алмауы да мүмкін.

Бұдан көзделетіндей, опцион – сатып алушыны айыр­бас бағамының қосымша ескертілген «страйк» бағадан жоғары қолайсыз өзгеру тәуекелінен қорғайтын валюталық тәуекелдерді сақтандырудың формасы болып саналады және айырбас бағамы ол үшін қолайлы болып табылатын бағытта «страйк» бағадан жоғары деңгейде өзгеретін жағдайда оған кіріс алуға мүмкіндік береді.



Страйк бағамен салыстырғанда айырбас бағамының өсуі (яғни ағымдағы) «апсайд» (ағылшынша – «upside» - жо­ғары жағы) деп аталады. «Страйк» бағамен салыс­тыр­ған­да айырбас бағамының (курсының) төмен түсуі «даун­сайд» (ағылшынша – «downside» - төменгі жағы) деп ата­ла­ды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет