Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



бет63/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72
10.2. Факторингтік операциялар
Факторинг (ағылшыншадан аударғанда – агент, дел­дал дегенді білдіреді) клиенттің айналым капиталына несие берумен үйлесетін сауда-делдалдық (комиссиялық) опе­ра­ция­лардың бір түрі болып саналады. Факторинг кез келген өзінің формасында тауарлар мен қызметтерді өткізу проце­сін­де, яғни клиенттің дебиторлық берешегіне инкасса қою кезіндегі өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы туын­дай­тын төленбеген есеп айырысу құжаттарымен (шот-фак­ту­ралармен) байланысты болады.

Банктің жабдықтаушыдан тиеп жөнелтілген есеп-құ­жат­тарын (шот-фактурасын) сатып алуды және жаб­дықтау­шының өнімдерді сатып алушыдан төлемдерді талап ету құ­қығын банкке беруі факторингтік (факторлық) операция­лар­дың негізіне жатады. Сондықтан да фак­то­рингтік операцияларды сондай-ақ жабдықтаушы­лар­дың сатуына несие беру немесе жабдықтаушыға факторингтік несие беру деп атайды.

Факторинг алғашқы бетте мамандандырылған сауда делдалдарының операциясы ретінде пайда болып, одан кейінірек – сауда банктерінің операциясын білдіретін болды. Ол сондай-ақ XVI-XVII ғасырлардың өзінде-ақ белгілі болған еді. Бірақ, өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдары ғана факторлық операциялар коммерциялық не­сие­ні вексель формасына ауыстырды және өнімдерді өткізу процесінде қызмет көрсету үшін кең түрде қолданыла бас­та­ды. Бұл инфляциялық процестердің күшеюімен және бірсыпыра елдер экономикасының тұрақсыздығымен бай­ла­ныс­ты туындады. Мұндай жағдай өнімдерді неғұр­лым тез өткізуді, яғни капиталды тауар формасынан ақшаға ауыстыруды талап етті.

Банктер олармен тығыз байланысты корпорациялар мен фирмаларға олардың контрагенттерінің несие төлеу қа­бі­леттелігі туралы деректерді береді, есептерді (счеттарды) тездетіп төлеуге әсерін тигізеді, берешектерді өтеуге ке­піл­дік береді, «банкпен достықтағы фирмалардың» арасын­да­ғы дауларда олардың талаптарын орындау үшін клиент­терге қысым көрсетеді. Соңғы екі он жылдықта кең даму алған факторинг немесе факторлық несие коммерциялық не­сиенің қазіргі заман талаптарына бейімделген өзіндік үл­гідегі түріне айналды. Тауар сатушы үшін коммер­ци­я­лық несиенің факторлық несиеден өзгешелігі, сатқан тауа­ры үшін оның төлемді қол ақшалай түрде, ал сатушы не­си­е­ге сату кезінде тек вексель ғана алынатындығынан тұра­ды.

Коммерциялық банктер факторлық несиені дамыта отырып, өзінің операцияларын кеңейтуге, пайда көлемін ұлғайтуға және клиенттермен байланысты күшейтуге қосымша мүмкіндіктер алады.

Факторингтің екі түрі өмір сүреді: конвенциялық (ашық) және конфиденциалдық (жабық).

Конвенциялық факторинг кезінде жабдықтаушы өзі­нің шот­тарында (счетында) талаптың (требование) фактор фир­маға сатылғандығын көрсетеді. Конфиденциалдық фак­то­ринг кезінде жыбдықтаушы контрагенттердің еш­қай­сысы факторлық компания арқылы сатуға оған несие беру туралы хабардар етілмеген. Сондықтан да факторингтің конфиденциалдық операцияларының құны конвен­циа­лыққа қарағанда жоғары және басқа банктік несиелерден маңызды түрде қымбат.

Факторлық операциялар өнімдерді экспорттау кезінде кең дамуға ие болды. Экспорттық факторинг жағдайында клиент өзінің есептері (счеттары) бойынша барлық төлемдерді алуға 100% кепілдікті пайдаланады.

Нарықтық экономикалы елдерде факторингтік опера­ция­лармен, негізінен, банктермен тығыз байланысты не­ме­се олардың еншілес филиалдары болып саналатын арнайы фак­торлық компаниялар айналысады.

Батыс еуропа елдерінде жүзеге асырылатын класси­ка­лық факторинг, жеткізілген өнімдер үшін төлемдерді (30-дан 90 күнге дейін) кейінге шегеру түріндегі коммерция­лық несиеге немесе ашық есеп (счет) ретінде сатушы мен са­тып алушы арасындағы несие-есеп айырысу қатынас­та­ры­ның формасын қолдануға негізделеді. Мұндай жағдайда жабдықтаушы оның мекен-жайына реттеуші құжаттарды жөнелте отырып, өнімдерді сатып алушыға тиеп жөнелтеді, ал берешек сомасын сатып алушы атына ашылған дебет есепке (счетқа) апарады. Ашық есеп (счет) бойынша сатып алушы шартта белгіленген мерзімде (ай сайын, тоқсанына бір рет немесе жарты жылда) өзінің берешегін өтейді.

Сатып алушының ашық есеп (счет) бойынша жабдық­таушыға несие беруі және ашық есеп (счет) формасын да есеп айырысуларды жүргізу, жабдықтаушыға ешқандай бо­рыш­тық міндеттемелер бермеген кездегі тауар құжаттарын алу кезінде өнімдерге уақытылы төлем жүргізбеумен немесе төлем жасамау тәуекелімен байланысты болады. Мұн­дай жағдайларда контрагенттер арасындағы қатынас бір жақ немесе екі жақ үшінде тәуекелге бару болып сана­ла­ды. Бұл тәуекелді факторинг компания (фактор-компания) өзіне алады. Факторингтік қызмет көрсету бере­шек­терге уақытылы инкасса қоюға және төлемдерді кешіктіруден болатын шығындарды азайтуға көмегін тигізеді; күдікті берешектердің пайда болуын жояды; несиені басқаруда кәсіпорындарға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді; кәсіпорынның айналым жасауына және пайда табуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін өндірістік қызметтің табысты болуы үшін қолайлы жағдай туғызады. Факторингтік компания төленбеген та­лап­тардың меншік иесіне айнала отырып, оларды төлемеу тәуекелін өзіне алады. Жабдықтаушы фактор фирмадан төлемді белгілен­ген мерзімде ала отырып, соңғыдан оған белгілі бір мерзімде есепті (счета) төлеу кезінде жеңілдік (шегерім) алу арқылы, өзінің кредиторларымен есеп айырысуларды жоспарлауы мүмкін. Есеп (по счету) бойынша тез арада төлем жасағаны үшін (немесе «сконто») жеңілдік батыс елдерінің көпшілігінде 3%-ды құрайды.

Факторингті қолдану төлемдер жасауды жеделдетеді, берешектерді өтеуге кепілдік береді, шоттарды (счеттарды) жүргізу шығындарын төмендетеді және сатып алушыда уақытша қаржылық қиындықтар болған кезінде, төлем­дер­дің жабдықтаушыларға уақытылы түсуін қамтамасыз етеді.

Біздің еліміздегі коммерциялық банктердің фактор­лық қызмет көрсетуі мынадай: факторинг бөліміне қажетті ресурстар меншікті және қарызға алған (заемдық) қар­жы­лар­дан құрылуы мүмкін. Олардың арасындағы арақаты­нас­ты банк басқармасы белгілейді. Факторинг бөлімі меншікті қаржыны өзінің банкінен алады және алдағы уақыттағы оның өсімі жүргізілетін операциялардан алынатын пай­да­лар есебінен болады. Қарыз (заемдық) қаржылар кәсіп­орын­дардың қаржыларын тарту жолымен, басқа банктер­дің депозиттерінен және өз банкісінің несиелерінен қалып­та­сады.

Клиенттерге факторлық қызмет көрсету шарттық бас­тау­лар негізінде жүзеге асырылады. Факторлық бөлім шарт жасағанға дейін жабдықтаушының несие төлеу қабілет­ті­лі­гіне талдау жасайды, оның алдында берешектердің қаржы­лық жағдайы туралы ақпараттар жинап, оны зерттейді. Жабдықтаушы факторлық бөлімнің позициясы тұрғысынан факторингтік операциялар бойынша тәуекелдерді азайту мақсатында келесі талаптарға жауап беруі тиіс:



  • сұраныспен және жоғары сапамен пайда­ла­ны­ла­тын өнімдер мен қызметтерді өндіру;

  • өндірістің тұрақты өсу қарқынына ие болу;

  • өндірілетін өнімдерді сатудың белгіленген тұ­рақ­ты жағдайын қолдану.

Факторлық бөлім сондай-ақ жабдықтаушының бо­рыш­тық талаптарының сапасы туралы ақпараттарды да зерттеуі тиіс. Осы мақсатпен акцептен бас тарту жағ­дай­лары (өткізілетін өнімдердің жалпы көлемінің сомасы, жиілігі, себептері); факторлық бөлімге жол бере алмайтын талаптардың бөлігі; өткізу көлеміндегі маусымдық ауыт­қулар; соның негізінде талаптар (требования) жазылатын құжаттар талданады. Факторлық бөлім үшін қойылған тауарларды нақты тиеп жөнелту алдында қойылған талаптар көбірек тәуекел етуді білдіреді. Сондықтан да факторлық бөлім талаптардың өнімдерді тиеп жөнелтіп болғаннан кейін немесе қызметтер көрсетіліп болған соң жазылуын қатаң қадағалауы тиіс.

Жабдықтаушы факторингтік қызмет көрсетуге шарт жасау үшін факторлық бөлімге беретін төлем талаптары туралы ақпараттарды жөнелтуі қажет. Олар:



  • әрбір төлем жасаушының аты мен мекен-жайы және оларға өнімді сатудың жағдайы;

  • барлық жол беретін талаптардың жоспарланатын сомасы;

  • осыған дейін әрбір төлемшіде болған сомасы және олардың шоттарын (счеттарын) тексеру туралы деректер;

  • берешектерді өндіру бойынша сатып алушылар ара­сындағы есеп айырысулардың жағдайына баға беру үшін қажетті өзге де ақпараттар.

Факторингтік бөлім бұл ақпараттарға талдау жасап бол­ғаннан кейін, төлем жасаушыларға, жабдықтаушы­лар­мен факторингтік шарт жасағандығы туралы хабардар ете­тін арнайы хат жібереді немесе егер, шарт толық қызмет көр­сетуді қарамайтын болса, осындай хабарлама жасау ту­ралы жабдықтаушы өтініш жасайды.

Факторингтік қызмет көрсету туралы шарттың маз­мұ­ны. Факторинг бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі­не қатысты факторингтік шарттың екі түрі жасалады:



  1. толық қызмет көрсету туралы шарт;

  2. талаптарды күн ілгері төлеу туралы шарт.

Факторлық бөлімнің жабдықтаушылармен жасаған шар­тында мыналар көрсетіледі:

сомасының 80%-ынан аспайды));

    • несие үшін пайыздық ставка;

    • шот-фактураны өндегені үшін делдалдық

(комиссиялық) алым пайызы;

    • егер талап одан аз сомаға түссе, делдалдық

(ко­­­мис­­сиялық) алымның ең төменгі сомасы және

бас­қа­лар.

Жабдықтаушы аталмыш факторлық бөлімнің келі­сі­мін­сіз басқа банктің факторлық бөлімімен шарт жасау құ­қы­ғы жоқ екендігі айрықша ескертіледі.

Толық факторлық қызмет көрсету туралы шарт әдетте жабдықтаушы мен факторлық бөлім арасындағы тұрақты және ұзақ контрактылар кезінде жасалады.

Әлемдік банк тәжірибесінде әдетте факторинг бой­ынша шекті соманы белгілеудің үш әдісі пайдаланылады.

Әрбір төлемшіге несие берудің мерзімі қалпына кел­­ті­рілетін лимиті белгіленеді. Мұндай жағдайда фак­то­рингтік бөлім оның шегінде ғана жауапкершілік көтереді. Егер төлемшінің берешек сомасы белгіленген лимит сома­сы­нан асып кететін болса, онда факторингтік шартқа сәй­кес, төлемші төлем қабілетсіз деп хабарланған кезде, жаб­дық­таушының берешегін өтеуге түсетін барлық төлемдер бірінші кезекте, оған жабдықтаушы аударған соманы то­лық қайтарғанға дейін факторингтік бөлімге түсетін бо­ла­ды.

Жабдықтаушыға, бір ай ішінде (жүктерді тиеудің ай сайынғы лимиті) бір сатып алушыға тиеп жөнелтетін жүктердің шекті сомасы белгіленеді. Мұндай шара, клиент берешегінің түпкілікті сомасына қатыссыз түрде, жабдықтаушыны күдікті дебиторлық берешектердің пайда болу тәуекелінен сақтандыруға мүмкіндік береді. Лимит ай сайын беріледі.

Егер жабдықтаушының өндірістік қызметінің ерек­шелігі ірі сомаларға бірқатар жеке келісімдерді болжайтын болса, жекелеген келісімдер бойынша сақтандыру әдісі қолданылады. Мұндай жағдайда, белгілі бір кезең ішіндегі тауарларды жеткізуге арналған тапсырыстың бүкіл сомасы шекті сома саналады.

Факторингтік бөлімнің делдалдық (комиссиялық) сый ақысы екі элементтен қалыптасады:

1. Берілген несие үшін ақы. Оның көлемі факторлық бөлімнен төлем алу мен факторингтік бөлімдегі жабдық­тау­шының есебі (счеты) бойынша күн сайынғы дебет қалдығы (сальдосы) негізінде төлемшіден түсетін төлемнің түсу күні арасындағы кезеңмен анықталады.

2. Көтерілген қызмет үшін ақы. Ол, әдетте, шот-фактура сомасынан пайыз ретінде есептеліп шығарылады. Оның көлемі өндірістік қызметтің көлемі мен құрылымына және оның сатып алушыларының несие төлеу қабі­лет­тілігіне, факторлық бөлімнің орындалатын жұмыстардың көп жұмысты қажет етушілігі мен тәуекелді бағалауына қатысты болады. Регресс құқығы болған кезде 0,2-0,5 пунктке жеңілдік жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет