Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



бет67/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Опционның үш үлгісі (типі) бар:

Сатып алу опционы немесе опцион колл (ағылшынша «call»). Бұл опцион оның бағамы үшін валюталарды сатып алуға (міндетті болып саналмайды) опцион сатып алушысының құқығын білдіреді;

Қосанжарлы (двойной) опцион (ағылшынша «putcall option») немесе опцион стеллаж (немісше «stellage»). Оп­ци­он­ның бұл үлгісі (типі) базистік баға бойынша валютаны са­тып алу немесе сатуға (бірақ, сатып алмау және бір мез­гіл­де сату) опцион сатып алушысының құқығын білдіреді. Опционда мерзімі көрсетіледі.

Опцион мерзімі – бұл оның мерзімі өткенде оп­ционды пайдалануға келмейтін күн (немесе уақыт кезеңі).



Опционның екі стилі өмір сүреді:

а) еуропалық

б) американдық.

Еуропалық стиль опцион тек белгіленген күнге пайда­ла­нылатындығын білдіреді.

Американдық стиль, опцион оның мерзімі ішінде кез келген сәтте пайдалануға болатындығын білдіреді.

СВОП. (ағылшынша «swap», «swop» - айырбас, ауыстыру). «Спот» жағдайында одан кейін сатып алумен ұлттық валютаға айырбасқа валюталар сатып алатын валюталық операцияны білдіреді. Бұдан көзделетіндей, СВОП – бұл ол бойынша әртүрлі күндері есеп айырысу жағдайында теңдей сомаға бір мезгілде валюталар сатып алу мен сату болып саналады. СВОП – бұл оны одан кейін сатуға кепілдік берумен уақытша сатып алу. Тәжірибеде СВОП сол бір мезгілде валюта айырбастау бойынша жеке екі контрактыға қол қоюды білдіреді. Бұл контрактылар қарсы бағыттарға және әртүрлі есеп айырысу күндеріне ие. Бір контракты бойынша бірінші валюта белгілі бір мерзімде жеткізіп бермеу екінші валютаға айырбасқа сатып алынатын болады. Екінші контракты бойынша бірінші валюта келесі басқа бір мерзімде жеткізіп берумен екінші валютаға айырбасқа сатылады.

СВОП-тың валюталық операцияларының басым көп­ші­лік бөлігін банктер жүргізеді. Мұндай жағдайда белгілі бір мерзімге мәміле соңынан бастапқы беттегі валютала­рын бір-біріне қайтарып берумен екі валюта арқылы екі банк арасында айырбас жүреді. Айырбас, әртүрлі жеткізіп беру мерзімдерімен бір мезгілде жасалатын екі қарама қар­сы мәмілелер формасында жүргізіледі; СПОТ – бір мәміле бойынша және «форвард» - екінші мәміле бойынша. Нә­ти­же­сінде екі банк те жедел мәміле бойынша оны сатқанға дейін­гі кезеңде «спотқа» сатып алынған валютаны өзінің иелік жасауына алады.

Валюталық арбитраж (төрелік) – бұл пайда табу мақ­сатында валюталарды сатып алу-сату бойынша жасалатын операция.

Арбитраждың (төрелік) екі түрі болады:

а) валюталық

б) пайыздық.

Валюталық арбитраж (французша «arbitrage») – бұл ва­люта бағамдарының айырбасынан пайда табу мақ­са­тында, оны сатумен бір мезгілде валюталарды сатып алу.

Қарапайым валюталық арбитраж – бір шетел валю­та­сы­мен және теңгемен немесе екі шетел валютасымен жү­зе­ге асырылатын арбитраж.

Күрделі валюталық арбитраж – бұл валюталардың көп санымен жүзеге асырылатын арбитраж.

Уақытша валюталық арбитраж уақыт бойынша ва­лю­та бағамдарының айырмаларынан пайда табу мақсатымен жүргізілетін операцияны білдіреді. Оған келесідей опе­ра­ци­ялар кіреді:


  • «споттың» бірінші бағамы бойынша валюталарды сатып алу;

  • депозит ашу;

  • депозитте валюталар сақтау;

  • депозиттен валюталарды алу;

  • оны «споттың» екінші бағамы бойынша сату.

Кеңістіктік (пространственный) валюталық арбитраж – бұл әртүрлі валюта нарықтарындағы (әр түрлі бир­жа­лар­дағы) аталмыш валюталар бағамындағы айырма есебінен пайда алу мақсатымен жүргізілетін операция, яғни бір биржада валюталарды сатып алу жүргізіледі және осы ва­люталарды неғұрлым жоғары бағам бойынша бір мезгілде басқа бағада сату болып саналады.

Кеңістіктік валюталық арбитражға келесідей опера­ция­лар кіреді:



  1. «Споттың» бірінші бағамы бойынша валюталар сатып алу;

  2. сатып алынған валюталарды аудару;

  3. «споттың» екінші бағамы бойынша валюталарды сату;

  4. валюталарды сатудан алынған ақшаларды аудару.

Пайыздық арбитраж әртүрлі валюталар бойынша пайыз­дық ставкалардың айырмалары есебінен пайда алу мақсатымен өзінің қысқамерзімдік активтері мен пассив­те­рі­нің валюталық құрылымдарын шаруашылық субъекті­ле­рі­нің (яғни арбитражерлардың) реттеуге бағыттаған валю­та­лық (конверсиялық) және депозиттік операцияларымен үйлесім табатын мәмілені білдіреді.

Валюталық алып сатарлық (латынша «speculatio» - сырттай қарау, аңдау). Бұл операция валюталық тәуекелді қабылдаумен байланысты әртүрлі нарықтарда немесе уа­қыт аралығындағы валюта бағамдарының өзгеруінен пайда алу мақсатымен жүргізілетін операция болып саналады.

Валюталық алып сатарлыққа, ең алдымен, теңгеге ау­д­арым арқылы еркін айналымдағы валюталарды сатып алу жүр­гізілетін, содан кейін қолма қол валютаға айнал­ды­ры­лып және теңгеге сатылатын кездегі аударым арқылы жа­са­латын және қолма қол валюталардың бағамдар айыр­ма­сын­дағы ойындар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет