Жеке (жеке меншік) тұлғалар депозиттерінің жіктеуі
2 кесте
Корпорациялардың, фирмалардың және өзге коммерциялық ұйымдар депозиттерінің жіктеуі
2.4. Банктердің активтік операциялары және коммерциялық банк активтерінің сапасы
Кіріс алу және өтімділікті (ликвидтілікті) қамтамасыз ету мақсатымен банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті операцияларының мазмұнын анықтайды.
Банктердің активтерін басқару меншікті және қатыстырылған қаржыларды жоғары табыс пен тәуекелдің төмен болуына ұмтылу арасында объективті қажетті тепе-теңдіктің тұрақты түрде қамтамасыз етілуін ұстап тұратындай тәртіпте орналастыруын білдіреді.
Коммерциялық банктің активті операциялары активтердің құрылымына, тәуекел активтердің көлеміне, активті операциялар мен өтімділіктің (ликвидтіліктің) әртүрлілігіне қатысты, оның операцияларының негізгі және айқындаушы бөлігін құрайды. Банктің активтерін мынадай 4 категорияға (санатқа) бөлуге болады:
кассада қол ақшаның болуы;
бағалы қағаздар инвестициялары;
ссудалар;
ғимараттар мен құрылыстар.
Коммерциялық банк активтерінің бірінші категориясы (санаты) – кассада қол ақшаның болуы, өтімділік дәрежесі жоғары, сонымен бір мезгілде табыс әкелмейтін топ болып саналады. Активтердің екінші және үшінші категориялары (санаттары) мол кірісті, бірақ тәуекелділігі жоғары болып саналады. Төртінші категория (санат) – ғимараттар мен құрал-жабдықтар өтімді емес, сол сияқты мол кіріс келтірмейтін активтер түрінде қатысады.
Банктердің активтерін құрамы мен құрылымы тұрғысынан зерделейді.
Активтердің тиімді құрылымын белгілеу мен оны сақтау кезінде әрбір банк бойынша проблемалар туындайды. Банктер активтердің тиімді құрылымын белгілей отырып, өтімділік талаптарын, яғни олардың мерзімдері, сомалары мен үлгілерін ескеру арқылы міндеттемелерге қатынасы бойынша жоғары өтімді және өтімділігі аз қаржылардың жеткілікті көлеміне ие болу талаптарын орындауға тиісті болады.
Активтердің сапасы олардың өтімділігімен, тәуекел активтерінің көлемімен, сыни және толыққанды емес активтердің үлес салмағымен, табыс әкелетін активтер көлемімен анықталады.
Банктің өтімділігі мен пайдалылығы арасындағы оңтайлы арақатынасты ұстап тұру міндеті банкті басқарудағы негізгі проблема болып саналады. Мәселен, өтімді активтердің тез арада ақшаға айналуындағы, бірінші талап бойынша активтерді пайдалану есебінен уақытылы және толық қол ақша түрінде төлеудегі банктің қабілеттілігін білдіреді.
Банкте сақталатын активтердің өтімділігі жоғары болса, онымен байланысты тәуекел де аз болады, сонымен бірге осы активтерден алынатын кірістер де соған сәйкес азаяды. Банкті басқару өнері өтімділікті төмендетпестен, және талап етілген деңгейде төлемқабілеттілікті ұстап тұру арқылы активке салынған капиталдан алынатын пайданың ең жоғары нормасын қамтамасыз етуден тұрады.
Активтерді басқару кезінде мынадай маңызды қағидаларды сақтай білу көзделеді:
активті операцияларды жасау кезінде үнемділікке қол жеткізу;
тәуекел қалыптары шегіндегі операциялар;
активтік және пассивтік қаржылардың тепе теңдігі;
кіріс келтірушілікті қамтамасыз ету.
Сыныптық және өтімділік дәрежесі бойынша активтердің жіктеуін келесі түрде беруге болады:
банк кассасының болуы (касса, Орталық банктегі корреспонденттік, ағымдағы есеп шоттар);
бірінші сыныпты бағалы қағаздар (айналымдағы коммерциялық векселдер, мемлекеттік қазынашылық векселдер, Мемлекеттік облигациялар);
банк несиесі (қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді);
кешіктірілген ссудалар (мерзімінде қайтарылмаған, 2 немесе одан да көп мерзімге ұзартылған);
қозғалмайтын мүлік (ғимарат, құрал-жабдықтар және т.б.).
Банктер активтерді басқару кезінде әрбір қоржынның (портфелдің) түрлері мен әрбір қоржынның мазмұнын жеке-жеке ала отырып, банктің өз меншіктік қоржынының мазмұнына талдаулар жасайды. Банк қоржыны баланс активтері мен пассивтерінің барлық жақтарын сипаттайды. Мынадай қоржын (портфель) түрлері бар:
несие қоржыны;
бағалы қағаздар қоржыны;
қол ақша (нақтылы) қоржыны;
инвестициялар қоржыны.
Мысалы, несие қоржынына талдау жасау кезінде: шұғыл несиелер ме, әлде уақытында қайтарылмаған несиелер ме; қысқа мерзімді немесе проблемалық несиелер ме; қалыпты немесе проблемалық несиелер ме, соларды анықтау көзделеді.
Активтердің өтімділігі коммерциялық банк активтері тұрақтылығының негізгі көрсеткішетір болып қатысады. Бұл – көлемді кешенді көрсеткіш. Өтімділік көрсеткіштері банктердің тәжірибесінде кең түрде қолданылатын коэффициенттермен өлшенеді.
Актив баптарының (статьялардың) пассив баптарымен арақатынасына қол жеткізу активтердің өтімділігіне қойылатын негізгі талаптар болып саналады. Біздің активтеріміздің көздері қаншалықты тұрақты деген сұрақтарға жауап бере білу қажет. Егер банк активтерінің өтімділігі деңгейден төмен болатын болса, онда оның себебін банктің қаржылық есеп беруінен іздеп және оны менеджерлерден сұрау керек.
Коммерциялық банктер: несиелерді қайтаруды қамтамасыз етуге, кірістер алуға және зияндарды жабуға қабілетті; несие қоржынын көбейту мағынасын білдіретін активтердің сапасы туралы қамқорлық танытады.
Әлемдік тәжірибеде активтерді басқарудың мынадай әдістері бар:
жалпы қор қаржылары әдісі - өтімділік пен пайда келтірушіліктің теңдей сақталуы;
конверсиялар әдісі – банк балансының пассивіндегі қаржылардың орналасуына сәйкес қаржылардың активтерде орналасуы. Бұл жерде менеджер активтердің арақатынасын өзгертуі тиіс;
ЭЕМ-ді пайдалану және коэффициенттерді есептеу арқылы жүзеге асырылатын ғылыми әдіс.
Банк менеджментіндегі активтердің өтімділігі коммерциялық банктің жалпы өтімділігі мен оның тұрақтылығына әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |