Пайдаларды бөлудің жобасы
1. Баланстық пайда
1.1. Табыс салығын аудару
2. Банктің иелігіне қалған пайда (100%-ға қабылданады)
2.1. Банк қызметін жүзеге асырумен байланысты резервтік қор
2.2. Дивидендтер төлеуге аударымдар жасау қоры
2.3. Жинақтау қоры
2.4. Тұтыну қоры
|
100%
30%
20%
40%
25%
15%
|
Жоғарыда көрсетілген пайдаларды бөлу акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі.
2.3. Банктердің пассивтік операциялары және коммерциялық банктің ресурстары
Коммерциялық банктер операцияларының мазмұнын олардың балансы бойынша ашып көрсететін болсақ, банк технологиясы толық түсінікті бола түседі. Бұл жерде пассивтік операцияларға бірінші кезекті мән беріледі. Бұл операциялардың маңыздылығы, олардың банк қызметі үшін түпкі көздер жасайтындығынан, сондай-ақ міндеттемелер бойынша банктердің жауапкершілігін арттыратындығынан көрінеді.
Банк ресурстарын құру үшін банк қаржылары қарастырылатын, содан кейін актив бойынша пайдаланылатын коммерциялық банктің операциялары пассивтік операциялар ретінде түсіндіріледі. Ал банк активтерінің көлемі мен құрылымы олардың құрылған көздері есебінен, яғни банк пассивтерімен анықталады.
Банк пассивтерін құру процесі, олардың құрылымдарын оңтайландыру, соған орай ақша қаражаттарының бүкіл көздерін басқару сапасының ресурстық мүмкіндіктерді құруы банк қызметінің негізгі кезеңдерінің бірі болып саналады. Тұрақты ресурстық базасының болуы банктің активтік операцияларды табысты жүргізуіне мүмкіндік береді.
Банктің пассивтік операцияларды жүргізуі нәтижесінде банк капиталы мен қатыстырылған қаржылардан тұратын банк ресурсы пайда болады.
Меншікті капитал – бұл кез келген шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық ресурстарының маңызды бөлігі. Ол Жарғылық, Резервтік қорлардан, резервтерден және пайдалардан тұрады. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен мөлшерінің басқа қызмет түрлерімен айналысатын өзге шаруашылық жүргізуші субъектілерден ерекшеленетін өзгешелікті сипаты бар. Оның өзгешелігі мынада: банктер меншікті капитал есебінен қаржыларға деген жалпы қажеттіліктің 10 пайызын, ал қалған субъектілер қаржылардың 40-55 пайызын жабады. Меншікті капитал банк қызметінің шекарасын айқындайды, сонымен қатар оның қаржылық тұрақтылық дәрежесін де көрсетеді. Банкті құрудың бастапқы кезеңінде, меншікті қаржылар, онсыз банк қызметін бастай алмайтын бірінші кезекте жұмсалатын шығындарды жабады. Қатыстырылған қаржылар ресурстарының құрылымында айрықша орынға ие болады. Өйткені, активті операцияларды жүзеге асыру үшін ақша ресурстарына деген қажеттіліктің 90 пайыздан астамы осы ресурстар есебінен жабылады. Банк тәжірибесінде барлық қатыстырылған қаржылар оларды шоғырландыру тәсілі бойынша депозиттерге және өзге қатыстырылған қаржыларға бөлінеді – бұл банктер басқа банктерден займдар түрінде немесе ақша нарығында өзінің борыштық міндеттемелерін сату жолымен алынатын ресурстар.
Қатыстырылған ресурстардың негізгі үлесін депозиттер құрайды. Депозиттік операциялар – бұл қайтымдылық және сыйақы төлеу жағдайында заңды және жеке тұлғалардан ақша қаражаттарын тарту бойынша жүзеге асыратын банктердің операциялары.
Экономикалық мазмұны бойынша депозиттерді мынадай 4 топқа топтастыруға болады:
талап еткенге дейінгі депозиттер – бұл қайтарылатын мерзімі көрсетілмеген депозиттер, яғни мерзімі шектелмеген, депозитордың бірінші талап етуі бойынша толық немесе жартылай қайтарылады;
шұғыл депозиттер – бұл қайтаратын белгілі мерзімі көрсетілген депозиттер.
Сақтық кассалары – бұл салымшыға сақтық (жинақ) кітапшаларын жазып беру арқылы жүзеге асырылатын, жеке тұлғалардың салымдары. Сақтық салымдарының мынадай түрлері бар: бағалы қағаздар салымдары (депозиттік сертификаттар, банктік векселдер, валюталық векселдер).
Коммерциялық банктер тәжірибесінде пассивті операцияларға айқындаушы операциялар жатқызылады, өйткені, ресурстардың жеткіліктілігі активті операциялар жасауға мүмкіндік береді. Коммерциялық банк балансының пассиві бойынша ресурстарды құрудың төмендегідей көздерін көрсетуге болады:
салымдар (депозиттер) қабылдау;
клиенттердің есеп шоттарын, оның ішінде банк-корреспонденттерді ашу және жүргізу;
меншікті бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар), қаржы құралдарын (векселдер, депозиттік және сақтық сертификаттары) шығару;
банкаралық несие ресурстарын алу.
Пассивтің көрсетілген баптарын (статьяларын) қысқаша сипаттау бойынша – қол ақша (аударымдар түрінде), ұлттық (шетел) валюта түріндегі салымдар (депозиттер) белгілері бойынша:
жеке және заңды тұлғалардың;
талап еткенге дейінгі немесе шарт бойынша көрсетілген мерзімдегі;
банк үшін тұрақты немесе тұрақсыз салымдар болып ажыратылады.
Клиенттер (заңды тұлға) банкте өз есеп шотын ашады, онда активті операциялар үшін пайдаланылатын, әрқашанда орташа қалдық (кредиттік қалдық) қалып отырады.
Банктің депозиттік сақтық сертификаттары, векселдер, акциялар мен облигациялар дамыған, ірі (корпоративтік) банктердің пассивінде айтарлықтай орын алады және барлық елдерде банктер осы түпкі көздерді дамытуға назар аударады.
Коммерциялық банктер ресурстарды жедел қатыстыру үшін, ақшалай қаржылар сатылатын ресурстардың банк аралық нарығының мүмкіндіктерін пайдаланады. Қарыз алу көздері баланстың төлем қабілеттілігін ұстап тұру мен міндеттемелердің үзбеліксіз орындалуын қамтамасыз етеді. Банктер бір-біріне корреспонденттік есеп-шоттар ашады және банк жүйесінің тұтастай тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шарттық негіздерде ақшалар сатады. Егер коммерциялық банктерге орталықтандырылған несиелер берілетін болса, Орталық Банк (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі) кредитор (сатушы) болып қатысады, ондай жағдайда макроэкономикалық тұрақтылыққа қатысты ауытқып отыратын қайта қаржыландыру ставкасы қолданылады. Коммерциялық банктер банкаралық несие беру кезінде қайта қаржыландыру ставкасына қарағанда неғұрлым жоғары ставкалар белгілейді.
Пассив бойынша түпкі деректер құрылымын жинақтау кезінде банктердің мынадай ресурстарын бөліп көрсетуге болады:
меншікті капитал (банк қоры);
қатыстырылған ресурстар (салымдар, депозиттер);
қарыз алу көздері (банкаралық ссудалар).
Жалпы ақпарат алу мақсатында, банктердің тәжірибесінде айрықша рөл атқаратын жеке тұлғалар депозиттерінің жіктеуі ұсынылады (2 кесте).
Заңды тұлғалар депозиттерінің жіктеуін оқып-үйрену үшін соған ұқсас жіктеу де қоса беріліп отыр (3 кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |