Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Пайдаларды бөлудің жобасы



бет17/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
Пайдаларды бөлудің жобасы


1. Баланстық пайда

1.1. Табыс салығын аудару

2. Банктің иелігіне қалған пайда (100%-ға қабылданады)

2.1. Банк қызметін жүзеге асырумен байланысты резервтік қор

2.2. Дивидендтер төлеуге аударымдар жасау қоры

2.3. Жинақтау қоры

2.4. Тұтыну қоры


100%

30%

20%
40%

25%


15%

Жоғарыда көрсетілген пайдаларды бөлу акционер­лер­дің жалпы жиналысында бекітіледі.


2.3. Банктердің пассивтік операциялары және коммерциялық банктің ресурстары
Коммерциялық банктер операцияларының мазмұнын олардың балансы бойынша ашып көрсететін болсақ, банк технологиясы толық түсінікті бола түседі. Бұл жерде пассивтік операцияларға бірінші кезекті мән беріледі. Бұл операциялардың маңыздылығы, олардың банк қызметі үшін түпкі көздер жасайтындығынан, сондай-ақ мін­дет­те­ме­лер бойынша банктердің жауапкершілігін арттыратын­ды­ғынан көрінеді.

Банк ресурстарын құру үшін банк қаржылары қарас­тыры­латын, содан кейін актив бойынша пайдаланылатын коммер­циялық банктің операциялары пассивтік операция­лар ретінде түсіндіріледі. Ал банк активтерінің көлемі мен құрылымы олардың құрылған көздері есебінен, яғни банк пассивтерімен анықталады.

Банк пассивтерін құру процесі, олардың құры­лым­да­рын оңтайландыру, соған орай ақша қаражаттарының бүкіл көздерін басқару сапасының ресурстық мүмкіндіктерді құ­ру­ы банк қызметінің негізгі кезеңдерінің бірі болып са­на­ла­ды. Тұрақты ресурстық базасының болуы банктің актив­тік операцияларды табысты жүргізуіне мүмкіндік береді.

Банктің пассивтік операцияларды жүргізуі нәти­же­сінде банк капиталы мен қатыстырылған қаржылардан тұ­ра­тын банк ресурсы пайда болады.

Меншікті капитал – бұл кез келген шаруашылық жүр­гізуші субъектілердің қаржылық ресурстарының ма­ңыз­ды бөлігі. Ол Жарғылық, Резервтік қорлардан, резерв­тер­ден және пайдалардан тұрады. Коммерциялық банк­тер­дің меншікті капиталының рөлі мен мөлшерінің басқа қыз­мет түрлерімен айналысатын өзге шаруашылық жүргізуші субъектілерден ерекшеленетін өзгешелікті сипаты бар. Оның өзгешелігі мынада: банктер меншікті капитал есе­бі­нен қаржыларға деген жалпы қажеттіліктің 10 пайызын, ал қалған субъектілер қаржылардың 40-55 пайызын жабады. Меншікті капитал банк қызметінің шекарасын айқын­дай­ды, сонымен қатар оның қаржылық тұрақтылық дәрежесін де көрсетеді. Банкті құрудың бастапқы кезеңінде, меншікті қаржылар, онсыз банк қызметін бастай алмайтын бірінші кезекте жұмсалатын шығындарды жабады. Қатыстырылған қаржылар ресурстарының құрылымында айрықша орынға ие болады. Өйткені, активті операцияларды жүзеге асыру үшін ақша ресурстарына деген қажеттіліктің 90 пайыздан астамы осы ресурстар есебінен жабылады. Банк тәжі­ри­бесінде барлық қатыстырылған қаржылар оларды шоғыр­лан­дыру тәсілі бойынша депозиттерге және өзге қатыс­ты­рылған қаржыларға бөлінеді – бұл банктер басқа банк­тер­ден займдар түрінде немесе ақша нарығында өзінің бо­рыш­тық міндеттемелерін сату жолымен алынатын ре­сурс­тар.

Қатыстырылған ресурстардың негізгі үлесін депо­зит­тер құрайды. Депозиттік операциялар – бұл қайтымдылық және сыйақы төлеу жағдайында заңды және жеке тұл­ға­лар­дан ақша қаражаттарын тарту бойынша жүзеге асы­ра­тын банктердің операциялары.

Экономикалық мазмұны бойынша депозиттерді мына­дай 4 топқа топтастыруға болады:

талап еткенге дейінгі депозиттер – бұл қайтарылатын мерзімі көрсетілмеген депозиттер, яғни мерзімі шек­тел­ме­ген, депозитордың бірінші талап етуі бойынша толық не­ме­се жартылай қайтарылады;

шұғыл депозиттер – бұл қайтаратын белгілі мерзімі көрсетілген депозиттер.

Сақтық кассалары – бұл салымшыға сақтық (жинақ) кітапшаларын жазып беру арқылы жүзеге асырылатын, же­ке тұлғалардың салымдары. Сақтық салымдарының мына­дай түрлері бар: бағалы қағаздар салымдары (депозиттік сертификаттар, банктік векселдер, валюталық векселдер).

Коммерциялық банктер тәжірибесінде пассивті опе­ра­­ция­ларға айқындаушы операциялар жатқызылады, өйт­ке­ні, ресурстардың жеткіліктілігі активті операциялар жа­сауға мүмкіндік береді. Коммерциялық банк балан­сы­ның пассиві бойынша ресурстарды құрудың төмендегідей көз­дерін көрсетуге болады:


  • салымдар (депозиттер) қабылдау;

  • клиенттердің есеп шоттарын, оның ішінде банк-корреспонденттерді ашу және жүргізу;

  • меншікті бағалы қағаздар (акциялар, об­ли­га­циялар), қаржы құралдарын (векселдер, депо­зиттік және сақтық сертификаттары) шығару;

  • банкаралық несие ресурстарын алу.

Пассивтің көрсетілген баптарын (статьяларын) қыс­қа­ша сипаттау бойынша – қол ақша (аударымдар түрінде), ұлт­­тық (шетел) валюта түріндегі салымдар (депозиттер) бел­гілері бойынша:

  • жеке және заңды тұлғалардың;

  • талап еткенге дейінгі немесе шарт бойынша көр­се­тілген мерзімдегі;

  • банк үшін тұрақты немесе тұрақсыз салымдар болып ажыратылады.

Клиенттер (заңды тұлға) банкте өз есеп шотын аша­ды, он­да активті операциялар үшін пайдаланылатын, әр­қа­шанда орташа қалдық (кредиттік қалдық) қалып отырады.

Банктің депозиттік сақтық сертификаттары, век­сел­дер, акциялар мен облигациялар дамыған, ірі (корпо­ра­тивтік) банктердің пассивінде айтарлықтай орын алады және барлық елдерде банктер осы түпкі көздерді дамытуға назар аударады.

Коммерциялық банктер ресурстарды жедел қатыс­ты­ру үшін, ақшалай қаржылар сатылатын ресурстардың банк аралық нарығының мүмкіндіктерін пайдаланады. Қарыз алу көздері баланстың төлем қабілеттілігін ұстап тұру мен міндеттемелердің үзбеліксіз орындалуын қамтамасыз етеді. Банктер бір-біріне корреспонденттік есеп-шоттар ашады және банк жүйесінің тұтастай тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шарттық негіздерде ақшалар сатады. Егер ком­мер­циялық банктерге орталықтандырылған несиелер бе­рілетін болса, Орталық Банк (Қазақстан Республи­ка­сы­ның Ұлт­тық банкі) кредитор (сатушы) болып қатысады, он­дай жағ­дайда макроэкономикалық тұрақтылыққа қатыс­ты ау­ыт­қып отыратын қайта қаржыландыру ставкасы қол­да­ны­лады. Коммерциялық банктер банкаралық несие беру ке­зін­де қайта қаржыландыру ставкасына қарағанда не­ғұр­лым жоғары ставкалар белгілейді.

Пассив бойынша түпкі деректер құрылымын жи­нақ­тау кезінде банктердің мынадай ресурстарын бөліп көрсе­ту­ге болады:



  • меншікті капитал (банк қоры);

  • қатыстырылған ресурстар (салымдар, депозиттер);

  • қарыз алу көздері (банкаралық ссудалар).

Жалпы ақпарат алу мақсатында, банктердің тәжіри­бе­сінде айрықша рөл атқаратын жеке тұлғалар депо­зит­те­рі­нің жіктеуі ұсынылады (2 кесте).

Заңды тұлғалар депозиттерінің жіктеуін оқып-үйрену үшін соған ұқсас жіктеу де қоса беріліп отыр (3 кесте).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет