Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



бет15/72
Дата30.12.2021
өлшемі2,81 Mb.
#106723
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72
51
және оның құрылымы
Егер банктік есеп берушілік туралы толық түсінікке ие болатын болсақ, коммерциялық банк сипаттамасы соғұрлым толық және аяқталған болып саналады. Банктік есеп берушіліктің белгіленуі – бұл банк қызметі туралы толық сенімді қамтамасыз етуді; инвесторларға, кре­ди­торларға, бүкіл мүдделілік танытқан органдарға түсінікті жедел ақпараттар беруді; кірістер, операциялардың көлемі мен тәуекелдер туралы бекітулерді білдіреді.

Коммерциялық банктің қаржылық жағдайын бағалау үшін банктің қызметі туралы жеткілікті ақпараттарға ие болу қажет. Банктің жылдық есебі осындай ақпараттардан тұрады, ал оны бүге-шігесіне дейін талдау үшін бухгалтерлік есеп деректері пайдаланылады.

Әлемдік тәжірибеде банктің қаржылық есеп беру үл­гі­ле­рі (формалары) мынадай негізгі құжаттар арқылы бе­ріл­ген: баланс, пайдалар мен шығындар туралы есеп, қар­жы­лан­дыру көздерінің қозғалысы туралы есеп, акци­о­нер­лік капитал туралы есеп, балансқа және өзгелерге түсін­дір­ме.

Банктің балансы ақшалай түрде көрсетілген коммер­ци­ялық банк ресурстарының жағдайын, оларды қалып­тастыру көздері мен пайдалану бағыттарын, сондай-ақ есепті мерзімнің басы мен аяғындағы банк қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайды.

Баланс деректері бойынша ақша ресурстарын қалып­тастыру мен оны орналастыруға, бағалы қағаздар нарығын қоса отырып, несиелік, есеп айырысу және өзге де банк операцияларының жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Коммерциялық банктің баланстары олардың есеп беруінің басты бөлігі болып саналады. Оларға талдау жасау банктердің өтімдігін (ликвидтілігін) бақылауға, банктің қызметін басқаруды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктер жылдық баланс деректерін жә­не пайдалар мен зияндар туралы есептерді заңдық тәр­тіп­те жариялап отырулары тиіс. Қазақстанның бүкіл ком­мер­циялық банктерінің біріккен балансы тұтастай эко­но­ми­каны және әр облыс пен аймақтардың жағдайын сипат­тау­ға мүмкіндік береді. Банктердің баланс деректері ҚР Ұлт­тық банкінің ақша-несие саясатының негізгі ба­ғыт­та­рын әзірлеп-жасауы үшін негізгі көздер болып саналады.

Банктер балансының құрамы мен құрылымы олардың қызмет сипаты мен өзіне тән белгілеріне, банк опера­цияларында пайдаланылатын бухгалтерлік есептің құрылу қағидаларына қатысты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет