Банк балансының базалық формасы:
Активтер = Міндеттеме + меншікті капитал
Банк активтері мен міндеттемелері негізі бойынша топтастырылатын баланстық есепті тапсырады және олардың салыстырмалы түрдегі өтімділігін көрсететіндей ретпен санамалап тізіп беруі тиіс.
Банктердің балансы үш негізгі бөлімнен: активтерден, міндеттемелерден және меншікті капиталдан тұрады.
Банк балансы |
| Активтер |
1000-1999
|
Ақша қаражаттары
|
1000-1999
|
Ұлттық банктегі депозиттер
|
1100-1149
|
ГКО
|
1150-1199
|
Сату үшін бағалы қағаздар
|
1200-1249
|
Банктерге талаптар
|
1200-1249
|
Клиенттерге талаптар
|
1400-1449
|
Өзге бағалы қағаздар
|
1450-1459
|
Жалпы резервтер
|
1460-1469
|
Барлық салымдар
|
1250-1469
|
Капиталға инвестициялар
|
1470-1499
|
Материалдық және материалдық емес активтер
|
1600-1699
|
Есептелген кірістер
|
1700-1749
|
Өзге активтер
|
1550-1599
|
|
1750-1999
|
|
|
Міндеттемелер
|
2000-2999
|
Депозиттер және банктердің несиелері
|
2000-2149
|
Клиенттер арасындағы міндеттемелер
|
2200-2249
|
Айналымға шығарылған бағалы қағаздар
|
2250-2349
|
Ұлттық банктің ломбардтық несиелері
|
2350-2399
|
Субординарлық борыштар
|
2400-2499
|
Есептелінген шығыстар
|
2700-2749
|
Өзге міндеттемелер
|
1350-1399
|
|
1250-1259
|
|
2550-2599
|
|
2750-2999
|
|
|
Капитал
|
3000-3999
|
Жарғылық капитал
|
3000-3499
|
Акциялар бойынша сыйақылар
|
3520
|
Банктің қорлары және бөлінбеген пайда
|
3500-3599
|
|
3520-дан басқасы
|
Баланс коммерциялық банк қызметінің өзарабайланысты көрсеткіштерінің арақатынасын білдіреді. Бұл белгілі бір күнге пассивтік және активтік операцияларды сипаттайтын, жинақталған баптарды (статьяларды) көрсететін қорытынды кесте. Актив және пассив арасында тепе-теңдік болуға тиісті.
Банктің баланстары әр елдің жүйеге келтірілген үлгісі бойынша құрылады және коммерциялық ақпараттардың маңызды көзі болып санала отырып, баспасөзде жарияланады. Банк жүйесіндегі бәсекелестік коммерциялық құпияға сәйкес жарияланатын ақпараттарды шектеу қажеттігін туғызады. Коммерциялық банктер баланстарының үлгілері (формалары) банк ісіндегі дәстүрлерге, осы саладағы мемлекеттік реттеулердің өзгешеліктеріне қатысты баптар (статьялар) бойынша ерекшеленуі мүмкін.
Коммерциялық банк балансының кәсіпорындардың балансынан өзгешелігі: күнделікті, ай, тоқсан, жыл сайын жасалады.
Банк балансының мынадай бөлімдері бар:
Пассив бойынша – банктің меншікті қаржылары мен қатыстырылған ресурстары, ал актив бойынша – банк ресурстарының орналасуын көрсететін баланстық есептер.
Құндылықтар мен құжаттардың, сақтауға алынған құндылықтардың, чек бланктері мен акциялардың есебі жүргізілетін баланстық емес есептер.
Балансты әртүрлі көзқарастар тұрғысынан зерттеудің бұл жердегі мүмкіндігі жоғары. Баланс өзінің қызметі үшін қатыстырылған ресурстар мен қаржыларды бөлудің көздерін көрсетеді.
Коммерциялық банктің есеп шоттарының жоспары
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің бухгалтерлік есебі, жалпы түрде қабылданған әлемдік тәжірибе стандарттары бойынша негізделген есеп шоттар жоспарының шоттарында жүзеге асырылады.
Есеп шоттарының жоспары сыныптар (кластар) бойынша бөлінген шоттар тізімін білдіреді:
1. Бірінші сынып
|
«Активтер»
|
2. Екінші сынып
|
«Міндеттемелер»
|
3. Үшінші сынып
|
«Меншікті капитал»
|
4. Төртінші сынып
|
«Кірістер»
|
5. Бесінші сынып
|
«Шығыстар»
|
6. Алтыншы сынып
|
«Шартты және болуы мүмкін міндеттемелер мен талаптар»
|
7. Жетінші сынып
|
«Банк балансына меморандум есеп шоты»
|
Банктер балансының есеп шоттары баланстық және баланстық емес, активті және пассивті болып бөлінеді. Бастапқы үш сыныптың есеп шоттары банктің Біріккен балансында, ал төртінші және бесінші сыныптың есеп шоттары қаржылық-шаруашылық нәтижелері туралы есептерде көрсетіледі.
Есепті мерзім қорытындысының нәтижелері үшінші сынып «Меншікті капитал» есеп шотында көрсетіледі.
Үшінші сынып деректері бойынша банктің шартты және болуы мүмкін міндеттемелері туралы есептер жасалады, ал жетінші сынып деректері – қосымша ақпараттар беру үшін қажет болып саналады, мысалы, трасталық операциялар бойынша.
Есеп шоттардың бірінші саны қай сыныпқа жатушылығын, екінші, үшінші сандар-есеп шоттарының тобын, ал төртінші сан одан әрі бүге-шегесіне дейін талдауды және есеп шоттар тобының мағынасын ашуды көрсетеді.
Банктің есеп берушілік құрамындағы коммерциялық банктің қаржылық есебі баланстан өзге пайдалар мен зияндар туралы есептерден тұрады, онда кірістер алу үшін қатыстырылған ресурстардың құны, өзге пайызсыз кірістер, сондай-ақ банктің бүкіл шығындары көрсетіледі. Банктің таза табысы нәтижелі көрсеткіш болып саналады.
Коммерциялық есеп айырысулар жағдайындағы жұмыс кезінде банктің бүкіл ағымдағы шығындары оның табыстары арқылы жабылуы тиіс, ал оны одан әрі дамыту осы мақсат үшін жинақталған меншікті қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Сондықтан коммерциялық банк тиімді жұмыс жасай отырып, өз қызметінің тактикасы мен стратегиясын, сонымен бір мезгілде өндірістік-техникалық базаны дамыту үшін жеткілікті түрде ақша қаражатын жинақтайтындай етіп құруы тиіс.
Банк капиталының айналымынан, сондай-ақ заемдық және тартылған қаржыларды пайдалану нәтижесінде алынатын пайда коммерциялық банк қызметінің қозғаушы күші болып табылады.
Банктің баланстық пайдасы алынған табыстар, айыппұлдар, өсімдер, тараптардың бірі келісім шарттарын орындамағаны үшін төленетін айыптар мен шығыстардың жалпы сомасы, төленген айыппұлдар, өнімдер арасындағы айырмалар ретінде анықталады. Баланстық пайда есептік қаржы жылының 31 желтоқсанына шығарылады және бюджетке табыс салығын төлеуге, банк қызметін жүзеге асырумен байланысты шығындарды жабу үшін резервтік қорды, дивиденттер төлеу қорын, жинақтау және тұтыну қорларын құруға бағытталады. Банктің пайдаларын бөлу есептік қаржы жылындағы банк қызметінің нәтижелері бойынша акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі.
Табыс салығы, ұстап қалғандарды есепке ала отырып, банктің жылдық жиынтық табысы негізінде есептеледі. Банктің табыс салығы, түсетін кірістің 30 пайызына тең болады. Табыс салығы бойынша бюджетке ағымдағы төлемдерді төлеу, банктің кірістері мен шығыстарының есептік көрсеткіштерінен шығарыла отырып, ай сайын жүргізіледі.
Банк бір жылдағы қаржы қызметінің қорытындысы бойынша бірінші айдың 15-нен кешіктірмей, алдағы жылға бекітілген нормативтер бойынша:
резервтік қорға;
дивидендтерді төлеу қорына;
жинақтау және тұтыну қорына аударымдар жасайды.
Банктің қорларын құру мен пайдалану тәртібі Банк Басқармасы бекіткен Ережелермен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |