3.3. Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігі дәрежесін анықтау
Кәсіпорынның (фирманың) несие төлеу қабілеттілігін зерттеу кезінде баланстың әртүрлі баптары мен осы көрсеткіштер динамикасының ара қатынасын сипаттайтын коэффициенттерге талдау жасаудың маңызы зор. Әлемдік банк тәжірибесінде ссуда алушының несие төлеу қабілеттілігін бағалау үшін көптеген қаржы коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттерді таңдау банк клиенттерінің ерекшеліктерімен, болуы мүмкін қиындық себептерімен, банктің несие саясатымен анықталады.
Экономикасы дамыған елдер үшін клиенттер мен банктер бойынша клиенттердің несие төлеу қабілеттілігін бағалаудың күрделі және жеке ыңғайда қарастыру әдістері тән болып саналады.
Қазақстанның банк тәжірибесінде қазірдің өзінде қарыз алушының несие төлеу қабілеттілік дәрежесін анықтау оның негізі болып саналатын клиенттің несие төлеу қабілеттілігін бағалаудың әлемдік тәжірибесі кең түрде қолданылады. ҚР Ұлттық банкі өзге елдердің тәжірибесін басшылыққа ала отырып, қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін талдау арқылы өзінің әдістемелік нұсқауларын әзірлеп-жасайды.
Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігінің дәрежесін анықтау негізінде көрсеткіштердің өлшемдік деңгейі мен олардың рейтингі табылады. Негізгі коэффициенттердің мөлшеріне қатысты қарыз алушылар несие алу қабілеттілігінің үш дәрежесіне (класына) бөлінеді.
Ал қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін бағалау үшін келесідей үш негізгі көрсеткіш қолданылады:
өтімдік коэффициенті (бұдан әрі ӨК);
өтеу коэффициенті (Өтк);
меншікті қаржылармен қамтамасыз етушілік көрсеткіші (МҚҚК).
Өтімдік коэффициенті клиенттің қарызды қайтару үшін айналымнан ақша қаражатын жедел босату қабілеті. Ол мынадай түрде есептелінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |