Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Несие беру әдістері және ссудалық есеп шоттардың формалары



бет33/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
4.3. Несие беру әдістері және ссудалық есеп шоттардың формалары
Несие беру әдістері несие беру қағидаларына сәйкес несие беру мен қайтарудың тәсілдерін көрсететін несие беру жүйесінің маңызды элементі болып қатысады. Несие беру әдістері көптеген елдердің ұзақ уақыт бойғы банк тәжірибесінен алынған, негізінен дәстүрлі, сонымен бірге түрін өзгертіп, жетілдіріліп отырады.

Отандық тәжірибеде нарықтық қатынастарға көш­кен­ге дейін банктік несие беруде негізінен: қалдық бойыша жә­не айналым бойынша берілетін несиенің екі түрі болды. Ел­дің нарықтық қатынастарға көшуімен және коммер­ция­лық банктердің жаңа жағдайларда жұмыс істеуімен несие беру әдістеріндегі белгілі бір өзгерістермен байланысты жаңа көзқарастар пайда болды.

Тұтастай алғанда несие берудің отандық тәжіри­бе­сін­де несие берудің айналым, қалдық бойынша берілетін әдіс­те­рін, айналым-қалдық әдістерін, ірілендірілген объек­ті­лер­ге (айналым қаржыларындағы жиынтық қажеттілікке) ай­налым арқылы несие беру әдістері мен нақты қарыз алу­шыға жеке тәртіпте несие беру әдісін және несие бағыты негізінде несие беру әдістерін бөліп көрсетуге болады.

Айналым бойынша несие беру несие беру объекті­сі­нің қозғалысын қамтиды. Несие қарыз алушылардың шығындарына оның ресурстары босатылған сәтке дейін алдын ала төлем жасайды. Ссуданың көлемі ссудаға деген объективті қажеттілік бойынша өсіп отырады және ол осы қажеттіліктердің төмендеген кезінде қайтарылады. Несие беру шаруашылық келісімдері (материалдық құндылық­тарды сатып алу, шығындарды жабу) үшін төлемдерді арнайы ссудалық есеп шоттан төлеумен байланысты болса, ал несиені қайтару есеп шотқа ақшаның түсуіне қарай жүзеге асырылды.

Қалдық бойынша несие беру – бұл кәсіпорынның жұм­саған шығындарын меншікті қаржы көздерінен жаба отырып, жеке алынған объектілер бойынша нақты қам­та­масыз етуге беру болып табылады. Несие, сондай-ақ тауар – материалдық құндылықтарға (шикізат, материалдар, отын, ыдыс (тара және т.б.)) беріледі.

Айналым – қалдық (сальдолық) әдісі бірінші кезеңде не­сиені қажеттілік бойынша беруді, ал екінші кезеңде бо­са­ты­латын ресурстардың көлемімен сәйкес келмеген кезде қай­тарылатын айналым және қалдық бойынша беруді үй­лес­тіреді. Несие алғашқы бетте тауар мате­риал­дық құн­ды­лық­тар мен шығындар айналымының бастапқы сатысында беріледі, содан соң оны қайтару банк алдын­да­ғы клиенттің шұғыл міндеттемелерінің қалдық­та­ры не­гі­зін­де жүргі­зі­ле­ді.

Айналым бойынша несие беру біртұтас жүйеге келті­ріл­ген кесте бойынша ірілендірілген объектілерге несие беруге көшумен байланысты оның алдындағы әдістермен салыстырғанда неғұрлым жетілдірілген болып саналады. Бұл әдістер біздің елімізде банк жүйесін реформалауға 80-ші жылдардың ортасы мен 90-шы жылдардың басында қолданыла бастады. Аталмыш әдіс жағдайында айналым бойынша несие беру күшін бұрын анықталған жоспарлы көлемнің шегінде қорлар мен өндіріс шығындарының жиынтығы бойынша несие беру формасын қабылдады. Тәжірибе жүзінде бұл әдіс бүкіл сала үшін ілгері әдіс деп танылып, соңғы уақытқа дейін сақталып келеді.

Банк несиесін берудің шетелдік тәжірибесі қазіргі кезеңде нарықтық коммерциялық құрылымдарға қатысты отандық банктер қолданатын екі әдісті бөліп көрсетеді:

1. Жеке тәртіпте несие беру әдісі бұл – несие төлеуге қабілетті қарыз алушыны іріктеп алғаннан кейін, банктің несие саясаты негізінде қаржыға деген белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін нақты мерзімге банктің беретін шұғыл (жедел) ссудалары.

2. Ашық несие бағыты әдісі банктің қарыз алушы үшін күні бұрын белгіленген несие беру лимиті шегінде беретін және белгілі бір кезең ішінде оның талап еткен төлем құжаттарын төлеу жолымен қажеттілігіне қарай пай­да­ланатын әдіс. Бұл несие есебінен, клиент пен банк ара­сын­да жасалатын несие келісімінде қаралған кез келген есеп айырысу – ақша құжаттарына төлем жасауға мүм­кін­дік береді. Әдетте несие бағыты бір жылға ашылады. Қа­рыз алушы лимит шегінде және несие бағыты кезеңінде қо­сым­ша келіссөздер жүргізбестен ссудалар ала алады, осы­ған орай банк қарыз алушының қаржылық жағдайы мен беделін де қадағалап отырады. Несие шарты жағ­дай­ла­рының бұзылуы және қаржылық жағдайдың нашарлауы кезінде банктің несие бағытын жабуға құқығы бар.

Қазіргі банк тәжірибесінде қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін несие бағытының ара жігі ажыра­ты­лады.

Отандық тәжірибеде қолданылатын соңғы екі әдісті дәл айқындау көзделеді, бұл әдістер әрбір клиентке жеке тұрғыдан келуді, әлеуетті қарыз алушылардың ссудаға деген қажеттілігі мен нарықты зерттеуді талап етеді.

Банк тәжірибесіндегі несие беру әдістері қарыз алу­шы­ларға ашылатын ссудалық есеп шоттардың формасын айқындайды. Несие беру және оны қайтару ссудалық есеп шоттардың жағдайын толық сипаттайды. Ссудалық есеп шоттарда банк алдындағы қарыз, жаңа ссудалар беру, берешектерді қайтару көрсетіледі. Ссудалар беру дебет есеп шоты бойынша, ал қайтару – кредит есеп шоты бойынша жүзеге асырылады.

Ссудалық есеп шоттар жеке таңдап алынған объектіге бір жолғы ссуда беру кезінде пайдаланылады, ал ссуданы қайтару шұғыл міндеттемелер бойынша жүргізіледі. Әрбір клиентке (кәсіпорынға) ссудалық есеп шоттар әртүрлі жағдайларда әртүрлі үлгіде (типте) ашылуы мүмкін.

Жоғары рейтингке ие және несие төлеу қабілеті тұ­рақ­ты, бірінші сыныпты қарыз алушылар ашатын кон­то­кор­рентті есеп шоттар бар. Есеп шоттағы несие қалдығы (саль­досы) кәсіпорынның айналымда меншікті қаржысы­ның бар екендігін, ал дебет қалдығы (сальдосы) – айна­лым­ға банк несиесін қатыстырудың қажеттігін білдіреді.

Қазіргі кезеңде Қазақстан банктерінің алдында несие беру әдістері мен сссудалық есеп шоттар формаларын таңдау міндеті тұр, дегенмен несие берудің жоғарыда келтірілген әдістері мүлде жоғалып кетпейді, кейбір өзгерістерге түсе отырып, олар да қатысады, сонымен бірге жаңа көзқарастар да пайда болуы мүмкін. Мысалы, әртүрлі тәртіпте пайдаланылатын қарапайым ссудалық есеп шоттар артықшылықты болуы мүмкін, сол сияқты контокоррентті есеп шот өзін жақсы қырынан көрсете білді, сонымен бірге шектеулі болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет