Атап өткен көрсеткіштердің қайсысы 5 «СИ» ережесіне кіреді:
а) қарыз алушының сипаты, қаржылық мүмкіндіктер, капитал, қамтамасыз ету, жалпы экономикалық жағдай;
ә) капитал, активтер, басқару, кірістілік, қарыз алушының сипаты;
б) қамтамасыз ету, қаржылық мүмкіндіктер, жалпы экономикалық жағдай, менеджмент, капитал;
в) қарыз алушының сипаты, қамтамасыз ету, қаржылық мүмкіндіктер, пайдалылық, капитал;
г) қамтамасыз ету, жалпы экономикалық жағдай, рентабельділік, пайдалылық.
Несие төлеу қабілеттілігін талдау кезінде банктің бағалайтын тәуекелдер түрі:
а) қызметпен байланысты тәуекелдерді бағалау, менеджментті бағалау;
ә) клиенттің қаржылық тұрақтылығын бағалау, қаржылық коэффициенттерді есептеу;
б) ақша ағынына (қозғалысына) талдау жасау;
в) клиент туралы ақпарат жинау және оның жұмысын қадағалау;
г) барлық жауаптар дұрыс.
4 - ТАРАУ. НЕСИЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Мақсаты – «несие беру» түсінігінің мазмұнын және несие беру процесінің басты негізі болып қатысатын несие беру жүйесінің бүкіл элементтерін ашып көрсету.
Міндеттері – несие беру жүйесінің элементтеріне сипаттама беру, банк несиесінің қасиеттері мен несие беру қағидаларын көрсетуі, несие беру әдістерін, ссудалық есеп шоттардың формаларын бөліп көрсету және несие саясатының мазмұнын атап көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |