Әдебиеттер: Ә-6; Ә-8; Ә-29.
4.1. Несие беру жүйесінің элементтері
«Несие» экономикалық категориясы әрқашанда мүдделі тараптар қатысатын, несие беру процесін ұйымдастыруды болжайды.
Несие беру – бұл тараптардың барлық жағдайларды міндетті орындауын, несие берушіден қарыз алушыға дейінгі ссуданың қозғалуын білдіретін процесс. Несие беру жүйесі үш өзарабайланысты элементтерге негізделеді:
несие субъектісі (несие беруші және қарыз алушы);
несие беру объектілері (материалдық құндылықтар, шығындар, міндеттемелерді орындау (жабу));
несие беруді қамтамасыз ету (ссуданы қайтару үшін нақты жағдайлар жасау).
Несие беру жүйесінің толық көріну позициясы тұрғысынан жоғарыда атап көрсетілген элементтердің тұтастықта қатысуы маңызды болып саналады.
Несие беру субъектілері несие формасына қатысты анықталады. Несие қатынастарында бұл міндетті түрде несие беруші мен қарыз алушы болып табылады. Өзінің уақытша бос қаражаттарын қарыз алушының иелік етуіне белгілі бір мерзімге берген тұлға (жеке және заңды тұлға) несие беруші болып саналады. Қарыз алушы – бұл кейін қайтару арқылы ссуданы мерзімінде алатын несие қатынастарының тараптары. Несие процесінің субъектілері болып мыналар қатысады:
1. Мемлекеттік несие – мемлекет және халық; мемлекет және банктер, кәсіпорындар; банк және мемлекет.
2. Коммерциялық несие – шикізат пен тауарларды жеткізушілер және тауарларды сатып алушылар.
3. Тұтыну несиесі – банк және халық; сауда формалары және халық. Банк делдал болып қатыса алады.
4. Халықаралық несие – кез келген банк, мемлекет, кәсіпорын атынан шетел өкілі (субъект) қатысады.
5. Банк несиесі – банк және кәсіпорындар; банк және жеке кәсіпкер.
Несиенің әрбір формасына қарай несие қатынастары субъектілерінің, олардың мүдделері мен жүзеге асыру тетіктерінің ерекшеліктері болады.
Банк несиесі делдалсыз әрқашанда екі субъектінің болуын болжайды. Банк – несие беруші, ал барлық үлгідегі және барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен жеке тұлғалар – қарыз алушы ретінде қатысады. Сонымен бірге, банктердің (коммерциялық) өздері баланс пассиві бойынша әртүрлі кәсіпорындардың, фирмалардың, жекелеген адамдардың (салымшылардың), мемлекеттің ақша қаражаттарын (капиталын) тарта отырып, қарыз алушыларға айналады. Сондықтан «банк – несие беруші», «банк – қарыз алушы» болып ара жігі ажыратылады.
Банк несие беруші болып қатыса отырып, өзінің толық сеніміне кірген қарыз алушыларды таңдап алады және бұл банк заңдылықтарының барлық ережелеріне сай болып саналады.
Нарықтық қатынастар жағдайындағы несие беру кезінде төмендегідей несие беру субъектілерін топтастыру дұрыс болып табылады:
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
кооперативтер;
акционерлік қоғамдар (компаниялар), фирмалар, бірлескен кәсіпорындар;
халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар;
кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтар;
жеке тұлғалар (тұтыну қажеттері үшін жұмыскерлер);
өзге банктер.
Несие беру жүйесінде элементтердің тағы бірі – несиелердің түрлері бөліп көрсетіледі. Несие беру субъектісіне, нақты несие қатынастарын айқындауға қатысты: ақша формасындағы (түріндегі) несиелер, тауар формасындағы несиелер, кепілдікке несие беру, бланкілік несие беру, несие мерзімдері бойынша несие беру, есептен шығару мен ақшаларды аудару формалары бойынша несие берудің аражіктері ажыратылады.
Несие беру объектілері – бұл несие беру жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Несие беру объектісі несиенің барлық формалары түрінде қатысады. Несие беру объектісі оның материалдық, еленушілік (осязаемость) жағдайындағы затты ғана емес, сонымен бірге оның үзбеліксіз жұмыс істеуі мен жеделдігін қамтамасыз ету жолында ссуда алуға несие келісімдерін жасау қажеттілігін туғызатын тұтастай материалдық процесті білдіреді. Кәсіпорынның меншікті қаржысы мен түсетін түсімдері (кірістері) ағымдағы несие алдағы төлемдерді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болғанда, төлем айналымындағы уақытша айырмашылық объекті болып қатысады. Айырмашылықтың себептері объективтік сипатқа ие болуы мүмкін, дегенмен өмірдегі ақшаға деген қажеттілік кәсіпорынның (өзге субъектінің) пайдалы емес және тиімсіз қызметінен де болуы мүмкін.
Несиені қамтамасыз ету несие процесін тұрақты дамытудың негізі болып қатысады. Қамтамасыз етудің: тікелей, жанама, қамтамасыз етуге ие емес түрлері болады. Қамтамасыз етудің несиені мақсатты пайдалануға және оны уақытылы қайтаруға әсерін тигізеді. Банк тәжірибесінде қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген және жартылай қамтамасыз етілген ссудалардың ара жігі ажыратылады.
Бүкіл әлемдегі дамыған банк операцияларының несие беру кезіндегі несиемен қамтамасыз етуге деген көзқарастары әртүрлі. Мәселен, қарыз алушыны материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету ссуданы қайтаруға ықпал етпейді. Керісінше, қарыз алушы несие берушінің үлкен сеніміне ие болған кезде оның қаржылық беделі, несие алу мәдениеті жоғары болады, яғни банк несиесімен, сол сияқты несиенің басқа формасымен бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер әрқашанда қайтарылуға жатады және қайтарылатын болады. Қамтамасыз етілмеген несиелерді беру мүмкіндігі несие беруді жоғары деңгейде ұйымдастырған жағдайда, несие беруші мен қарыз алушы арасында үлкен сенім орныққан кезде болады. Соған қарамастан қамтамасыз ету несие берудің басты элементі болып қала береді.
Несие беру жүйесінің негізгі элементтері: субъектілерді, объектілерді және несиені қамтамасыз етуді қарау олардың міндеттелігін және оны тануды көрсетеді. Несие берудің жалпы ұйымдастыру – экономикалық негіздеріндегі несие беру жүйесі, өзіне несие қатынасының субъектілері, несие беру объектілері, несиелердің түрлері, несие беру әдістері мен ссудалық есеп шоттардың формалары, несие құжаттамалары, несиенің қайтарылуын бақылауды енгізеді.
4.2. Банк несиесі және несие беру қағидалары
Банк несиесін беру кезінде банктер мен әртүрлі қарыз алушылар арасындағы өзарақатынастар айқындалады. Банктер несие берушілер ретінде бірінші кезекте банктегі өз есеп шоттарында ақша ұстаушыларға тәуелді болады, бұдан көзделетіндей, клиенттерге несие беру процесі қарыз алушы – клиенттің мүддесіне қарсы болмайды.
Өндірістік айналым қорлары мен айналым, өндірістік қорлардың бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері түрінде банктің несие беру объектісі болып қатысады.
Банк несиелері несие беру объектісіне қатысты қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болып бөлінеді. Олардың элементтері болып мыналар қатысады:
Қысқа мерзімдік несие беру кезінде – шикізат, негізгі және қосымша материалдар, отын, тары, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, есеп айырысу құралдары. Осыған орай көрсетілген элементтер әртүрлі салаларда өзінше көрінеді. Бұл - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, дайындау, сауда және т.б.
Ұзақ мерзімдік несие беру кезінде қарыз алушылардың әртүрлі топтарының объектілері болып өндірістік объектілердің құрылыстары, жұмыс істеп тұрған қуаттар, қайта құру мен жаңарту, техникалар мен жабдықтар, көлік құралдарын алу, өндірістік емес мақсаттағы объектілер құрылысы және т.б. қатысады.
Банк несиесі объектіге қатынасы бойынша несие беру кезінде жеке немесе жиынтық түрде болады. Жеке несие беру тек қана қорлар (материалдар, отын, тара, дайын өнім), шығындар – бұл жеке объекті саналады. Несие көптеген объектілерді кепілге қоя отырып берілсе, онда жиынтық объекті болып саналады.
Банк несиелері меншік нысандарына қатыссыз түрде ауылшаруашылық, сауда, көлік кәсіпорындарын қамтиды.
Банк несиелерін беру, қаржылардың заңды қозғалысын қамтамасыз етуге шақырылған белгілі бір қағидаларға негізделеді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы өзара қатынастар негізінде несие беру қағидаларын елемеушілік ссудалардың қайтымдық негізін бұзады.
Несие беру қағидалары несиенің маңызы сияқты тұрақты және объективті.
Экономикалық әдебиеттерде банк несиелерін беру қағидалары мынадай түрде топтастырылады:
|
ссуданың мақсатты бағытталуы;
жеке тұрғыдан қарастырылуы.
|
маңызын көрсетуші:
|
қайтарудың жеделдігі;
материалдық қамтамасыз етушілік;
несиенің ақылы болуы.
|
Мақсатты бағыттаушылық, қағида ретінде, өзін шаруашылық операцияларына алынатын ссудаларға нақты салымдар жасау арқылы (тауарлар сатып алу, шикізат, материалдар алу, отын, ыдыс (тара) сатып алу, ақша қаражаттарының жетіспеушілігін жабу және т.б.) көрсетеді. Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік банк несиесін алушылар банк ссудасын қайтаруды қамтамасыз ететіндей өз мақсатына пайдалануы тиіс.
Жеке тұрғыдан қарау қағидасы қарыз алушылардың несие төлеу қабілеттілігіне қатысты банктердің әртүрлі көзқарастарын (келістерін) болжайды. Аталмыш қағида банк пен клиент бір-бірін іздеп тауып өзара келіссөздер жүргізе бастаған несие беру процесінің бастапқы сатысында өзін көрсетеді. Банк- несие беруші нарықтағы кәсіпорындар мен фирмалардың жеке адамдардың қаржылық тұрақтылығын зерттеу негізінде тұрақты қарыз алушы-клиенттерді іріктейді. Өз қарыз алушыларын іріктеу кезінде жеке тұрғыдан келу көзқарасы банк үшін тәуекел дәрежесін төмендетеді.
Несиені қайтарудың жеделдік қағидасы бүкіл несие сомасын шаруашылық процесіне салу мен қосымша қаржыларға деген қажеттілікті қанағаттандырғаннан кейінгі қарыз алушының банктен алған нақты ссудасын қайтару арқылы көрінеді. Аталмыш қағиданың мерзімі бар, яғни банктен алған сәттен бастап оны толық қайтарған кезге дейінгі ссуданы пайдалану кезеңі. Осыған орай ссуданы қайтару, қорлар айналымының, нақты келісімдердің (операциялардың) аяқталуы нәтижесінде шаруашылық айналымынан ақша қаражаттарын босату есебінен қамтамасыз етіледі.
Несие берудің материалдық қамтамасыз етушілік қағидасы материалдық құндылықтардың қозғалысы процесінде, кәсіпорындардағы (қарыз алушылардағы) шығындарды жабу кезінде көрінеді. Банк ссудасын қарыз алушы жайдан-жай алмайды, ол материалдық өнімді жасауға және оның қозғалысына бағытталуы тиіс. Өндіріс процесінде қарыз алушы – клиенттер қай салаға жататындығына қарамастан несиемен қамтамасыз етілгендігі үшін банктің алдында айрықша жауапты болады.
Несие берудің ақылылық қағидасы – бұл қарыз алушының уақытша қажеттіліктерді жабуға ссуданы нақты пайдаланғаны үшін сыйақы (белгілі ақы) төлеу жағдайларын сақтауы болып табылады. Несие мен пайыз бір-бірінен ажырағысыз, ал ссудалық пайыз ставкасы – бұл өзіндік үлгідегі несие бағасы. Банктер экономикалық ахуалға, қарыз алушылармен өзарақатынас сипатына, тәуекел дәрежесіне, ссуданы қайтару мерзімдеріне, нарық жағдайындағы пайда қалыптарына қарай отырып, орталық банкпен реттелетін ставкалар (қайта қаржыландыру ставкасы) шегінде несие үшін сыйақы ставкаларын белгілейді. Ақылылық қағидаларын сақтау қарыз алушы үшін қолайлы екендігін растайды, кіріс алу кезіндегі банктің мүддесін нығайта түседі.
Несие берудің жоғарыда атап көрсетілген қағидалары өзара байланысты болып табылады және нақты тәжірибеде банктер сыйақы алу (несие үшін пайыз ставкасы бойынша) түрінде қайтару және кіріс алу арқылы мақсатты қамтамасыз етілген несиелерді беруге бағытталған аса ауқымды жұмыстарды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |