Әдістемелік нұсқаулар:
Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиеттерден бастау керек. Дайындық барысында экономикалық теория курсы бойынша алған білімдерін қолдану керек. Бірінші сұрақты дайындау барысында сұраным (ұсыным) өзгерісі мен сұраным (ұсыным) көлемінің өзгерісі арасындағы айырмашылыққа көңіл бөлу керек және оларды графикалық түрде көрсете білу керек. Сұраныс (ұсыныс) функциясын түсіну өте маңызды роль атқарады. Ол сұраныс (ұсыныс) көлемі мен оған әсер ететін факторлардың арасындағы функциональды байланыстарды сипаттайды. Бұл сұрақта әрбір мүмкін баға деңгейіндегі барлық тұтынушылар (өндірушілердің) жеке сұраныстарын (ұсыныстарын) қосу арқылы нарықтық сұранымды (ұсынымды) алу жолын қарастыру керек. Міндетті түрде графикті пайдалануыңыз шарт.
Екінші сұрақты дайындау барысында тек нарықтың тепе-теңдігін ғана біліп алмай, сонымен қатар нарықтық бағаны, сұраныс және ұсынысты өзгерте отырып, графиктің көмегімен әртүрлі жағдайларды құрастырыңдар. Бұл өзгерістерге нарық қалайша жауап беретінін көрсетіңіз. Келесі материалдарды қолданып Курс экономической теории: Общие основы экономической теории. Микроэкономика. Макроэкономика. Основы национальной экономики.: Учебное пособие / Под ред. д.э.н., проф. А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова- М.; Изд. «Дело и Сервис», 2001, стр.75-83, Микроэкономика / Под ред. Е.Б. Яковлевой – АКАЛИС, 1997, стр.43-57 сұраныс және ұсыныс анализінің көмегімен нарықтың мемлекеттік реттеу нәтижесін көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |