Ќазтўтынуодаєы



бет33/59
Дата22.12.2021
өлшемі0,88 Mb.
#9920
түріНұсқаулар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59
Әдістемелік нұсқау:

Бірінші сұрақта өндіріс функциясын пайдалана отырып, шығындар функциясын қалайша құруға болатынын көрсету керек. Екі факторлы өндіріс жағдайында өндірістің жиынтық шығындар мөлшерін анықтаңдар. Изокоста қисығы нені көрсетеді және өндіріс факторына баға өзгерісі қалай изокоста еңкіштігіне әсер ететінін анықтаңдар. Бірінші сұрақта кәсіпкердің өндіріс факторларының комбинациясын қалайша таңдайтынына көңіл бөлулерің қажет. Берілген өнім көлемі неғұрлым аз шығынмен өндірілуі керек. Одан кейін технологиялық алмастырудың шекті нормасының деңгейін анықтаңдар. Неғұрлым аз шығындар принципін есте сақтау абзал.

Екінші сұрақты жиынтық шығындардың құрылымынан бастау керек (TC): өзгермелі (VC) және тұрақты (FC) шығындар. Олардың графиктерін құрыңдар. Сонымен қатар шекті өнімділіктің төмендеу заңы мен VC, ATC, TC қисықтарының қысқа мерзімдегі байланыстылығын түсіндіріңдер. Өндіріс шығындарын талдау барысында бір өнімге шаққандағы шығындарға көп көңіл бөліңдер: жиынтық орташа шығындар (ATC), орташа өзгермелі (AVC) және орташа тұрақты (AFC) шығындар. Орташа шығындарының деңгейінің динамикасын график түрінде көрсетіңдер. Орташа тұрақты шығындардың қисығы әрқашанда төмен қарай еңкіш бола отырып, неге жиынтық орташа және орташа өзгермелі шығындардың қисықтары U – тәріздес болатынын түсіндіріңдер. Оны талдау барысында қысқа мерзімде өнім көлемінің жоғарылауынан ATC және AVC жақындайтынына көңіл бөліңдер. Ол AFC-тің төмендеуіне байланысты.

Екінші сұрақты дайындау барысында шекті шығындардың динамикасын түсініп алыңдар. Сонымен қатар шекті шығындардың мөлшеріне тұрақты шығындар әсер етпейді, ол тек қана өзгермелі шығындарға ғана тәуелді болады.

Графикалық талдау қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарының арасындағы тәуелділікті айқындауға көмектеседі: 1) MC < AVC, AVC және ATC кезінде төмендейді, ал MC > AVC кезінде - өседі; 2) ATC және AVC нүктелерінің қиылысулары өспелі бөлігі MC олардың min нүктерелі болады; 3) AFC өнім шығарудың өсуі кезінде төмендейді, FC = const болғандықтан; 4) AFC-ның төмендеуі өнім шығарудың өсуіне байланысты ATC және AVC-ның жақындасуына себепші болады.

Үшінші сұрақты талдау барысында барлық факторлар өзгермелі болғанда, ұзақ мерзімдегі уақытта өндіріс шығындарының қисықтары әрбір берілген өнім көлеміне байланысты минималды шығындарды көрсететінін анықтау қажет. Графикалық анализді пайдалана отырып ұзақ мерзіміндегі шығындар қисығы қалай құрылатынын көрсетіңдер. Минималды ұзақ мерзімді орташа шығындарды беретін оптималды масштабты кәсіпорынның таңдауы қалай қамтамасыз етілетінін көрсетіңдер. Одан кейін өндіріс масштабының жоғарылау әсерін ұзақ мерзімдегі шығындар қисығының түріне қалай әсер ететінін сипаттаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет