Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет12/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
treatise20490
treatise20490

Иоанн  Дунс  Скотт  (1266-1308  жж.)  –  жаңа  уақыт  философиясын 
әкелуші. Ол теология ғылымы бойынша жұрт алдында сӛйлеуде «еретиктік»
 
екі
 
шындықты  ашқан:  сенудің  шындығы,  білімнің  шындығы.  Ол 
«Аристотельдің  метафизикаға  қатысты  сұрақтары»  және
 
Петр 
Ломбардскийдің  сол  уақыттағы  теологиядан  негізгі  «Сентенции» 
түсініктемесінің авторы. Скотт осы жұмыстарында ойға келмейтін ақиқат бар 

екенін  айқындайды.  Мысалы:  әлемнің  басы  уақытта,  жанның  мәңгілігінде. 
Бұл  ақиқатқа  адам  дәлелдеумен  емес,  ӛзінің  ізгілік  сенімімен  келеді,  оны 
түсіну үшін білім керексіз. 
Дунс  Скотт  теология  мен  философияны  ерекше  бӛлгенде  адам  ӛз 
бетімен  Құдайдың  бар  екенін,жанның  мәңгіліктігін  дәлелдей  алмайды.  Ол 
теология мен философияның бӛлек екенін кӛрсетеді. Теология (Құдай туралы 
оқу),  шынайылықтағы  ақиқаттан  шыққан.  Ал  философия  (метафизика) 
тұрмыс туралы оқу. Болмыс барлық тіршілікке тән құбылыс. Құдайға да, ол 
жаратқан  барлық  заттарға  да  тән  құбылыс.  Болмыстың  шынайылығы  оны 
тудыратын себеп-салдарын біз салыстыру, ой елегінен ӛткізу арқылы білеміз. 
Бірақ бұл бәріне қатысты, бірақ ерекше. Болмыстың бірінші белгісі жай емес, 
шексіз болмыс. Осы мәңгіліктерде – Жақсылық, ақылдылық және т.б сәйкес 
келеді.  Шексіздік  біреу,  кӛп  емес.  Құдай  жігерінің  арқасында  әлемдегі 
заттарды жаратқан.
 
 Схоластиканың  тӛртінші  кезеңін  Уильям  Оккам  (1285-1349  жж.), 
Аквинат  пен  Скотт бастаған сана  мен  сенімнің, сондай-ақ, философия  және 
діннің  аражігін  кӛрсетеді.  Оккам  философия  Құдайға  сенетін  кәнизак  емес, 
ал теология ғылым емес, тек сенім күшін әсірелеу деп кӛрсетті. Ол ақиқаттың 
комплекісі,  сенім  күші  бекітілгені  дейді.  Оған  білімнің  сенімге  байланысы 
қосалқы  мінез  айқын.  Ибн  Рушдта:  «Екі  жақты  шындық  оқуды  бӛліп,  адам 
ақылы  мен  сенім  байланыспайды,  мәңгі  бӛлініп  тұрады».  Оккамның 
айтуынша,  логикалық  және  рациональдық  негізді  табу  мүмкін  емес,  бұл  ой 
ашық айтылған.  
 Оккамның  ойынша,  адам  мен  Құдайдың  байланысы  таза  күйінде 
Құдайдан  болады,  басқа  байланыс  жоқ.  Сондықтан,  Құдай  мен  адам 
арасындағы  адамдар  олар  тәкаппар  болады.  Бұнда  ол  метафизиканы 
жақтайды. Құдайдың еркіндігі бар. 
 Уильям  Оккам  ерекше  назар  аударған  тағы  бір  нәрсе  Құдай  еркін 
сенімді  күшті  жақтайды,  бірақ  басқа  заңдарды  құруда  мән  жоқ.  Сол 
жағдайды қорғай, отырып,  Оккам жалпылама ұғымда  сынға  реализмді  (ілім 
туралы  нақтылығының  –  ортақ  ұғымдардың)  ұшыратты.  Идеяның 
нақтылығының  мерейі,  бір  кӛзқарас  Оккамда,  тәңірлік  еркіндікті  шектейді, 
ал-, бұл Құдай жасайды, идеялармен келіседі. Шындыққа қарсы номинализм 
бағытын  ұстайды.  Оккамның  ойынша,  Құдай  дара  және  кездейсоқ  нәрсе 
жасайды.  Жалпы  қажеттілік  ұғымы  назардан  тыс  қалады.  Ғылыми  таным 
тірегі  лингвистикалық  талдау  немесе  сын  емес-  эксперимент  болу  керек. 
Оккам ӛзінің «Оккамның ұстарасы»
 
деген еңбегінде адам не адам табиғаты 
дара  құбылыс  деп  айтады.  Адамның  ақыл-ойы  кез  келген  құбылысты  тани 
алады. Оккам адам санасының универсалдылылығын, себеп пен жорамалдың 
байланысын,  уақыт,  т.б  маңызды  қатынастарды  жоққа  шығарады. 
Дәлелдеудің ӛзі қарпайымдылыққа негізделуі тиіс. 
 
     Бақылау сұрақтары: 
 

1.Ортағасырлық  философтар  ойларының  негізгі  сипаты  және  басты 
тақырыптары.  
2.Апологетиканың идеялық кӛздері және басты проблематикасы. 
3.Августиннің патристикасы. 
4.Аквинаттың схоластикасы. 
5.«Оккамның ұстарасы» еңбегінің ұстанымы. 
 
 
V Бӛлім 
 Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы 
 
5.1. Құран және мұсылман дін ілімі, мутакаллимдер мен 
мутазилиттер мектебінің қалыптасуы 
 
«Араб-мұсылман» философиясы терминінің астарында тек араб тілінде 
оқып, жазған Араб халифатының құрамына кіретін елдер ғана емес, сонымен 
қатар  парсы  тілінде  де  жазған  түрлі  халықтың  философиясы  жатыр. 
Философия  діндік  бағытта  ғана  емес,  ислам  басым  болған  мәдениет 
салаларында  дамыды.  Оның  басты  ерекшелігі  ортағасырлық  философия 
сияқты  бірден  дамуында.  Араб-мұсылман  философиясы  зороастризм, 
гностицизм, манихейст, христиан және буддизм діндерінің ықпалымен ортаға 
шықты.  Ислам  теологиясының  дамуына  антикалық  философиялық  ойлар 
үлкен септегін тигізді. Араб-мұсылман философиясы ислами мәдениеттің бір 
бӛлшегі болғандықтан «шығу тарихының ӛткенісіз» болып қала береді. 
Араб-мұсылман  философиясының  (VIII-XV  ғғ.)  дамуы  үш  сатыға 
бӛлінеді:  1)  мұсылмандық  дін  ілімі  –  мутакаллим  мен  мутазилиттер 
мектебінің қалыптасуы, суфистік бағыттың пайда болуы. 
2)  перипатетиктер  әл-Кинди,  Ибн  Сина,  әл-Фараби,  Ибн  Рушдтың 
(Аверроэс) шығармашылығы;  
3) түркі философиясы: орта ғасырдағы шығыстық ілім ӛкілдері: Жүсіп 
Баласағұни,  Ахмет  Йассауи  және  т.б.  ғалым-энциклопедистердің 
шығармашылығы. 
Мұсылмандық 
діншілдік 
бірнеше 
ғасырда 
қалыптасты. 
Мұсылмандардың  Қасиетті  кітабы  Құран  тіпті  ХІ-ХІІ  ғғ.  мұсылмандық 
мәдениеттің  ең  ӛркендеген  кезеңінде  діни,  этикалық  және  құқықтық 
тәрбиелеу  Сунна  (соңғы  пайғамбар  Мұхаммедтің  (с.а.с.)  қалдырған 
ақыл,  ӛсиеті)  бағытымен  толықтырылды.  Құран  және  Суннамен  қатар 
олардың  жалғасы  ретінде  мұсылмандық  діни  ілім  құрылды.  Діни  ілімнің 
алдында:  Құранның  мағынасын  ашу,  оны  жаңа  догматтармен  толықтырып, 
мемлекетті  басқаруда,  шаруашылықта,  құқықтық  басқаруда  және 
теологиялық пікір таластарда туатын мәселелерді шешу қойылды.  
Ислам  негізгі  екі  басты  бағытта  дамыды  –  Суннаны  ұстанатын 
(ортодоксальды  классикалық  ислам)  және  Құран  мазмұнын  түсінікті  оқу 
және  шиизм,  ақиқат  деп  танылатын  бағытынан  тұрды.  Исламның 
таралуының басты қағидасы мистицизм және теологиялық негіз тұрғысынан 

кӛп  талқыға  түскен  бір  Құдайға  табыну  (таухид)  еді.  Ислам  дінінің 
таралуының алдыңғы кезеңінде жалпы Құдай туралы ойлар қалыптасты. Бұл 
бір жағынан, қабілеттілікті айқындау туралы теологияның негізінде болды. 
Олар  схоластикада  исламаның  –  калам  (сӛз),  дейтін  бӛлігін 
қарастырды,  яғни догматты  қолдамады.  Алла  тағаланы  кӛре  алмасақ  та,  бір 
тылсым дүние бар, осы тіршілікті жаратқан Алла бар. Олардың болжауынша, 
адамдардың тәуелді болып және мүмкіндіксіз қиналуында заңдылық бар, ол 
Алланың әділеттілігі. Тіршілік те солай. Мутазалиттер де Құран Құдайдың 
жаратқаны  емес,  оны жаратушы Мұхаммед деп болжады. Себебі, олардың 
ойынша,  шындықты  білетін  жалғыз  нәрсе  сол.  Бұл  ойларды  талқылауға 
шешуде  белсенділік  танытқан  мұсылмандық  діни  ілімді  дәріптеуші 
мутазилиттер  –  теоретик  Уасыл  Ибн-Атаның  (699-748  жж.)  арқасында 
«ерекшеленген»  (араб  тілінен  «ерекшелену»)  болатын.  Олар  исламның  – 
Құдай  мәңгілік  болғандықтан  оның  кӛпжақтылығын  мойындамаған 
догматтар  ілімі  қалам  (сӛз,  баяндама)  схоластикасын  ойлап  тапты.  Құдай 
жаратушы  әрі  жаратылысқа  жан  бітіруші,  бірақ  оның  пішіні  мен  жүйесін 
айқындамайтын  басты  заңдылық  сияқты.  Олар  Алланың  мейірімділігінің 
шексіздігінен кінәлі адамдар ӛмір бойы азап шекпейді деп ойлаған, сонымен 
қатар  мутазалиттер  Құранды  Құдай  жіберді,  ал  Мұхаммед  пайғамбар  оны 
бізге  жеткізуші  ғана,  олар  барлық  діни  сенімнің  басты  негізі  ақиқатқа  кӛз 
жеткізу деп оқытты.  
 Мутазилиттің  (бір  Құдайға  сенушілік)  негізгі  ұстанымдары  Абу 
Худайл аль-Аллаф есімімен байланысты. Ол Құдайды ойлау жүйесі арқылы 
да  тануға  болады оған  ақиқаттың  қажеті  шамалы  деген.  Ӛзінің  сӛзін  растау 
үшін  келесі  тұжырымдамаларды  ұсынған.  Сол  заматтарда  Салих  есімді  бір 
маг-зороастриец болыпты-мыс, оның Жарық пен Қара түнектен тұратын екі 
жағы  болған  екен,  оның  ойынша,  олар  бір-біріне  қарама-қарсы  келеді,  ал 
олардың қоспасы әлемді құрайды. Бұл келіспеушілік тудырды. Аллаф Жарық 
пен  Түнектің  қоспасы  бір-бірімен  ылғи  үйлесімді  болды  ма  деген  сұрақ 
қойған.  Салих  ол  екеуі  бір  зат  болатын  деп  жауап  береді.  Аллаф  қайтадан: 
«Егер  екі  зат  бір-біріне  қарама-қарсы  болса,  қалайша  үйлесіп  кете  алады? 
Оларды  араластырушы  бір  күш  болу  керек,  оларды  тек  қана  –  таңғажайып 
күш  немесе  Құдай  ғана  араластыра  алады»  депті.  Тағы  бір  сӛзінде  Аллаф: 
«Сенің  кӛздегенің  не?»  Салих:  «Мен  Құдайдан  екі  Құдай  бар  деген  сенімді 
растайтын  ризашылығын  сұрадым»  дегенде  Аллаф:  Сен  Құдайдың 
қайсысынан ризашылық сұрадың? Сен сұраған Құдай бұл үшін тағы да басқа 
Құдайды нұсқауы мүмкін» деген екен. 
Ол алғаш болып адамға керек білімі туралы ӛте жоғары білімге кӛтеру 
үшін  екі  бағытты  ұсынған:  қажет  дүниені  тануға  бағытталу  (Алланың  бар 
екендігін мойындау және ақиқатқа кӛз жеткізу), басқа да қалған сезім мен ой-
сана арқылы жетілетін білім салалары. 
Аллаф  еркіндікті  сезіну  тек  біздің  әлемімізде  ғана  мүмкін  деген. 
Қабірде адамның еркіндігі шектеледі, яғни еркіндік жоқ. Тозақта мәңгілікке 
қалып, азап шегу мүмкін емес, себебі Құдай аса мейірімді. Адамның еркіндік 

құқығын  қорғай  отырып,  Аллаф  догматтарға  ғана  емес,  тіпті  фатализмге 
шыққан. 
Мутазилиттер мұсылмандық ортодокстар (мутакаллимдер) тарапынан 
қудаланып, ІХ ғ. олардың іліміне тыйым салынды.  
Мутакаллимдер  ӛкілі,  мутазилиттердің  саяси  ӛмір  мен  табиғи  ӛмір 
салттары  ілімін  сынға  алған  Маймонид  әл-Ашари  (873-935  жж.)  еді. 
Құдайдың  есімінің  кӛптігін  адам  санасына  сыймайтындай  құдіреттілігін 
баяндай  отырып,  олар  исламда  креационизм  (әлемді  Құдай  жаратушы) 
бағытын және фатализмді (алдын ала болжау идеясы) қалыптастырды. 
Мутакаллимдер ілімі  жасырын  құрылған,  Құранды  сӛзбе-сӛз  түсінбей, 
астарлы  мағынасын  ашып  түсіндіруді  қолдаған  «таза  ағайындылар» 
тарапынан талай рет сынға алынды. Олар «әлемді» Құдай жаратты және оған 
бәрі  қайтарылады»  деген  неоплатондық  идеяны  ұстанушылар  болатын. 
«Ағайындылар»  «адам  қайтыс  болған  күні,  оның  жанының  туылатын  күні» 
деген.  Ойшылдың  терең  білім  алудағы  басты  мақсаты  –  жанын 
тазартып,  оны  нұрландырып,  жақсылыққа  бейім  болу.  Дін  адамзат 
ӛнегелігін  арттыруға  бағытталмаса,  ӛз  мәнін  жоғалтқаны  дейді  олар. 
Олардың  басты  мақсаты  элинизм  ақиқатын  исламмен  біріктіре  отырып 
адамзатты ӛнегелікке шақыру. 
Жасырын  құрылған  «Таза  ағайындылар»  қоғамының  мүшелері  тәңір 
жіберген – Тӛре, Құранды, Библияны дәріптеп, ғылым мен ой-санаға сүйене 
отырып,  діни  қаскӛздік  адамгершілік  арқылы  жеңетіндей  қоғам  құруға 
болады  деді.  Олардың  ілімдері  екі  жүзжылдыққа  дейін  қызмет  етіп,  ислам 
әлемінің  дүниетанымына  ықпалын  тигізсе,  гуманисттік  идеялары  суфиялар 
мен араб-мұсылман перипатетиктері тарапынан алға дамыды. 
«Таза  ағайындылар»  танымы  исмаилиттер  кӛзқарасына  жақын  болды. 
Исламиттер философиясы (Х ғ. аяғы-ХІ ғ. басы) Хамид ад-Дин әл-Кирмани 
ан-Насафи,  Хибатуллах  аш-Ширази,  Ибн-рахим  әл-Хамиди  еңбектерінде 
жарияланды.  Олардың  «барлығын  құраушы»  ӛмір  туралы,  ғарыштың  орын 
тәртібі және белсенді ӛмір салты туралы ілімдерінің бастауы стоисттік болар. 
Ӛздері  тәжірибие  жүргізген  сандардың  сыры  және  ӛздері  ұсынған  әлем 
құрылыуының  макроструктуралық  «баланс»  ұғымы  пифагорлық  мектептен 
бастау  алған.  Неоплатонизм  тұрғысынан  олар  Бір  Құдайға  табыну  (Алла) 
концепциясын  қалыптастырды.  Әлемнің  исмаилиттері  имамның  жанына 
айналды.  Исмаилиттер  бойынша,  имамның  жаны  кәдімгі  діншілден 
ерекшеленеді.  Ол  ӛз  кезегінде  жеті  пайғамбардың  (Адам,  Авраам,  Ной, 
Моисей, Исус, Мухаммед, Али) тәнінен ӛтіп қоныс «жердегі имам» жанында 
қоныс тауып, ұштасып жатыр. Олардың айтуынша, пайғамбарлар белгілі бір 
мақсатпен  –  әлемдік  тарихтағы  тәңірлік  құпияларды  адамзатқа  түсіндіру 
үшін  келеді.  Олар  қарапайым  адамдарға  Құдайдың  біздер  үшін  түсініксіз 
еркіндік  құпиясын  адам  тілімен  жеткізген.  Жеті  имамның  әрқайсысында 
(соңғы Исмаилды қосқанда) ӛз міндетті істері, ӛзіндік мақсаттары болған.  
 
5.2. Классикалық сопылықтың философиялық аспектілері 
 

Сопылық  исламға  дейінгі  дуианалар  қозғалысы  сияқты  пайда  болған. 
Ол  олардың  қарсылығын  білдіруіші,  бұл  әлемнен  қашып,  аскетизм  мен 
Құдайды тану деңгейіне жету жолы болды. Ирландиялық суфизмді зерттеуші 
Роберт  Грейвздің  пайымдауынша,  «суфистер,  бізге  белгісіз  болып  қалған 
тарихы  бар  ежелгі  рухани  ағайындылықты  елестетеді».  Бірақ  суфистердің 
тарихын  б.д.д.  ІІ  мыңжылдықтан  бастау  алады  десек  болады.  Суфистердің 
белгілі  бір  құлшылық  ететін  шіркеулері  немесе  діни  орындары  болмаған. 
«Суфий»  терминінің  ӛздері  әзілмен  қарайтын  «квакер»  деген  сӛзбен 
байланысты сияқты, әзілге жылы қабақ танытады. Суфизм қалың кӛпшілікке 
«бірнеше  уақыт  бойы  исламның  ортасында  ғана  қолданылғандықтан, 
шығыстық  сипатқа  ие  болғанда  танымал  болды»,  қазіргі  нағыз  суфизмді 
Батыста  да  Шығыста  да  кездестіруге  болады,  ол  генерал  да,  шаруа  иесі  де, 
саудагер де, құқық қорғаушы да, мектеп оқытушысы да, тіпті кез келген адам 
да  болуы  мүмкін.  «Әлемде  бола  тұрып,  әлемнен  болмау»,  табиғатынан 
шыншыл,  қулықсыз,  кінәшіл  болмау,  ӛзіңнен  жоғарыларға  қорқа  қарау  – 
нағыз сопылықтың идеалы.  
Сопыларды  тәрбиелеу  дінмен,  поэзия  (ақын,  Шығыстың  ақындары 
суфизмді 
дамытушылар 
болған), 
ӛнер, 
медицина 
(адам 
жанын 
психологиялық,  психиатриялық  жолмен  емдеу),  тіпті  құрылыс  саласымен 
байланысты болды. Салт бойынша 12 жылдық блім алған кез келген суфист, 
кӛмекке  мұқтаж  адамға  ешқандай  ақша  алмай  шынайы  кӛңілмен  жанын 
демалдыратын  рухани,  психологиялық  кӛмек  кӛрсетуге  тиісті.  Ескі 
салттарды  және  құпия  білімдерді  сақтаушылар  еуропалық  друидтер  сияқты 
суфистер де ерекше білімдерімен, салттарымен адамдарды емдеуде омеланы 
қолдануы кездейсоқтық емес. Осы орайда, айта кететін жайт суфисттік бағыт 
діни ағаш секілді ӛсіп шықпайды, кез келген  ағашқа бекініп,  кӛгеріп,  кӛкке 
жетеді.  Алепподағы  мұсылмандық  жазалау  мекемесі  тарапынан  жазаланған 
суфист  Ибн  әл-Араби  ӛзін  ақтауда  оның  басты  мақсатым  «адам  Құдайшыл 
санатқа жетуі діни махаббат арқылы» екендігін дәлелдеу еді деген екен. 
 Теологиялық  тұрғыдан  суфистік  ілім  неоплатондық  идея  эманация, 
адам жанының Құдайға сіңісуі туралы индуистік ілім мен зороастрилік ілім 
«жарқырау теориясына» (Құдай күн сәулесі мен от жарығында) ұқсайды. 
Суфистер  исламның  «Алладан  басқа  тәңір  жоқ,  Мұхаммед  оның 
елшісі»  деген  басты  ұстанымдарын  «Алладан  басқа  жаратушы  жоқ»  деп 
ӛзгертіп,  Құдай  бар  және  ол  барлық  жерде  бізді  бақылаушы  екендігін  алға 
тартады.  Бұл  монотеизм  емес,  пантезим.  Эмонация  идеясына  сәйкес, 
жаратушыны  жалғыз  деп  тану  діншілдердің  жан  тәніне  сіңеді.  Бірақ,  азап 
шегу, қиыншылыққа тап болу адамды бұл ӛмірден  бездіріп, Құдайға жақын 
болуға  итермелейді.  Бұл  экстаздық  қалыпта,  яғни  жан  суфистің  жанымен 
байланысқа түскенде байқалады. 
Алғашқы сопылықтың мазмұнын ашып, баяндаған Мухиддин Ибн әл-
Араби (1165-1240 жж.) деген атпен танымал Ұлы шейх Абу Бакр Мұхаммад 
Ибн  Али  болатын.  Бұл  арабтардың  «мистикалық  ойшылы»  Меккеден  білім 
алған  басқарушы  мен  оның  патшалығы  туралы  кітап  «Футухат» 
трактатының  авторы.  Шығыстанушы  ғалымдар  оның  бұл  еңбегін  «ислам 

ғылымының  энциклопедиясы» деп бағалаған. Онда алғашқы сопылардың 
ӛмірі  мен  айтқан  ӛсиеттері,  эзотериялық  ғылымның  сопылық  қағидалары, 
кемел  адамның  қалыптасуы  туралы  баяндалған.  Араби  «кемел  адамды» 
этикалық  тұрғыдан  қарамай,  онтологиялық  гностикалық  тұрғыдан 
сипаттайды. «Адамда – әлемнің барлық жаратылысы бар» дейді ол Әмбебап 
адам,  немесе  «логос  адам»  Араби  бойынша  «жаратылыстың  бірлігі»  – 
монада, ғарыштық аспектіде әлемнің кӛшірмесі. Ғарыш адам секілді дамуды 
қажет етеді. Адам микрокосмос сияқты, ал ғарыш үлкен адам. 
 Сопылықтың  шебері  болып  қана  қоймай,  поэзияның  шебері  бола 
білген Араби ӛзін былай спаттайды: 
Мен махаббат дінін ұстанамын
Мені қазір кейде киік бағушы деп атайды. 
Кейде христиандық монах дейді
Ал кейде парсыдан шыққан ойшыл деседі.  
Менің үш сүйгенім бар 
Үшеуі шын мәнінде біреу ғана.... 
Араби,  сопылық  дәстүр  бойынша  ойды  дұрыс  түсінбеген  жағдайда 
ӛзіне  қарсы  шығушылардан  сақтанып,  астарлап  сӛйлеу  тілін  қолданады, 
оның  музасы  негізінде  (нимфа,  бикеш,  кемпір)  үш  сфераның  бірігуі,  яғни 
сопылық бағыттың қызметі – жан поэзиясы, жанды емдеу, жанды тәрбиелеу.  
Кемел адам концепциясын дамыта отырып, Ұлы шейх оны гностицизм 
тұрғысынан  қарайды.  Осы  аспект  бойынша  адам  «Мұхаммедтің  идеясы», 
«сӛз» Құдайдың ісі, яғни бүкіл әлем «үлкен Құран». Араби Құранның және 
әлемнің образы ұғымын Мұхаммед пайғамбармен байланыстырады. Басқаша 
айтқанда, ол, Мұхаммед деген Құран, яғни «Құдайдың елшісіне қарау Құран 
кітапты оқумен тең» дейді. 
Ол  Құранға  кемел  адам  концепциясын  құру  үшін  ғана  жүгінбейді, 
сонымен  қатар  барлық  дін  мен  діншілдердің  сенімін  бір  жерден  шығаруға 
тырысады. Сопы ретінде Араби Құдай «хамелеон» секілді түр түсін ӛзгертіп, 
уақытқа,  жерге  еш  байланыссыз  су  сияқты  кесенің  түсіне  қарай  ӛз  түсін 
ӛзгертіп барлық кейіпке ене алады. Бірақ, суфизмнің негізін салушының діни 
универсализмі  діншіл  догматтар  үшін  «ұлы  революциялық  саяси  әрекет» 
болды.  
Араби  әлемнің  бірлігі  «барлық  жаратылыстың  абсолютті  бірлігі»  – 
абсолют,  феноменалды  әлем  деңгейінде  байқалатын  монизм  принципін 
құрды.  Абсолют,  Ақиқат  әлем  жаратылысындағы  жалғыз  ақиқи  шындық. 
Құдайды  тану  алдымен  оның  есімдерімен  таныс  болудан  басталса, 
материалдық  тұрмыстың  формаларымен  түсіндіріледі.  Араби,  басқа  да 
сопылар секілді әлемді Құдай «ӛзі басқаратын, қарамағына алған әлем» деп 
түсінеді. 
Оның ізбасарлары – ваджудисттер – әрбір кӛпшілік қауымның артында 
бірлік  жатыр,  ал  кез  келген  зат  ӛзін  «біртұтастылықты  қалыптастырушы 
бірліктен» құралған дейді. Бұл абсолютті монизмнің сопылық философиясын 
Гегель, Шығыс пантеистері үшін бірліктің үлгісі деп бағалаған. 

Сопылықтың мистикасы ортодоксальды мұсылмандардың руханилығы 
мистикалық  діншіл  әл-Ғазали  (1059-1111  жж.).  тарапынан  ӛркендеген 
болатын.  Ӛзінің  «Философтарды  теріске  шығару»  кітабында  ол 
Аристотель,  әл-Фараби  мен  Ибн  Синаның  ілімдерін  сынға  алады. 
Философтар  дейді Ғазали,  заттардың шынайы  табиғатымен  келісе  алмайды. 
Ол  әл-Фарабидің  және  Ибн  Синаның  адам  санасы  жаратылыстың  ең  биік 
шыңы  деген  ойларымен  келіспейді.  Ирандық  ойшыл  ой-сананы  бастауды 
басқаратын  зат  деп  қана  қарайды.  Ғазали  ой-сана  адамды  тек  мақсатқа 
жетелеуші, бірақ жаратылыстың жұмбағын, сырын аша алмайды дейді. «Тек 
сананың  кӛмегімен  барлық  сұраққа  жауап  табуға  болмайды..  сана  барлық 
мәселенің шешімін тауып берме алмайды» деп жазған, сонымен қатар, сана 
оның ойынша, тек біраз сұрақтардың жауабын таба алады, сондықтан оны да 
жоққа шығаруға болмайды. 
Перипатетиктерге  ӛзінің  «еретикалық»  сыни  кӛзқарасымен  Ғазали 
ашариттер  (мутакаллимдер)  ілімін  құптап,  алайда  олардың  ілімдерін  берік 
ұстанудан бас тартқан. 
Түркілік  сопылықтың  негізін  ӛз  заманында  шейх  ұстаз  мәтребесіне 
дейін  жеткен  Қожа  Ахмет  Йассауи  салған.  Ол  1103  жылы  Түркістан 
қаласында туылып, исламдағы суфизмнің ӛркендеген кезеңінде ӛмір сүрген. 
Бірнеше  мың  жылдар  бойы  қалыптасқан  суфизм,  еуропалық  гностицизмнің 
шығыс  зороастризмнің,  грек  неоплатонизмінің,  христиандық  мистицизмнің 
және т.б. ілімдердің бойына ең жақсы жақтарын жинаған ілім еді. Онда жеке 
тұлға  ұғымы  жақсы  дәріптеліп,  ӛз  әлеміңде,  жаныңда  Құдай  дәрежесіне 
кӛтерілу қарастырылады. 
Суфизм  мен  тәңірлік  теориялық  әлемнен  практикалық  ілімге 
жақынырақ.  Құдайды  табиғатқа  сіңдіре  отырып  оны  үш  деңгейде  бӛліп 
қарастырады.  Қай  қайсысын  да  болмасын,  адам  «Құдайдың  жанында» 
активті рӛл ойнайды. Кӛбінесе бұл ілімде ұқсастықтардан гӛрі ерекшеліктер 
басымырақ. Тәңірлік – әлемді танудың бір ілім түрі, оны кӛбінесе кӛшпенді 
халық  ұстанған.  Сопылық  Құдайды  тануға  бағытталған.  Тәңірге  табынушы 
ғұмыр  бойы  ӛмірде  табиғи  заңдылықты  сақтап,  күн  кӛрісті  осылайша 
Құдайды тануға бағыттайды. Сопылық кӛзқарасы бойынша, әлемдік бірлікке 
қол  жеткізу  және  адам  мен  Құдай  арасындағы  бірлікке  жету  тек  адамның 
қолынан келеді. Суфистердің ілімі бойынша ӛзін-ӛзі тану және Құдайды тану 
бес  сатыдан  тұрады:  сезімдік  әлем,  идеялар  әлемі,  жан  әлемі,  Құдайдың 
абсолютті  болмысы,  кемел  адам.  Осы  бесінші  сатыда  сопылықтың  жүрегі 
экстазға  кенеледі,  яғни  Құдаймен  бірлікке  түстім  деген  сенім.  Сопы  үшін 
білім  жүректе,  ал  тәңіршіл  үшін  ол  салт-дәстүр  мен  күнделікті  ӛмір  сүру 
салтында  жасырынған.  Бірақ  мұнда  білім  берудің  тағы  да  бір  құралы  –  тіл, 
яғни  символдар  тілі  мен  белгілер  тілі,  салт-дәстүр,  киім  кию  үлгісі 
бейнеленген метафора пайда болады. Сӛз бен әуен қазақ пен сопылық үшін 
ұлы ақылдылықтың, ойшыл бола білудің шифры жасырынған сыр. 
Йассауи  ӛзінің  «Диуани  хикмет»  кітабында  ӛз  заманының 
дүниетанымын  сипаттайды.  Оны  тіпті  ортағасырлық  мемлекеттердің  ӛмір 
салты бейнеленген кітап десек те болады. Бізге белгілі болғандай, бұл ілімде 

«жолға  түсу»  суфизмге  түсу  мағынасын  білдіреді  және  адамның  рухани 
жаратылысы  баяндалады.  Адамның  жетілуінің  басты  мақсаты  бұл  ӛмірдегі 
ӛткінші заттардан бас тартып, «ӛлім келмей тұрып, ӛлуге» деген құштарлық. 
«Жанды  тәрбиелеу»  сопылық  үшін  Құдайды  тану  абсолютті  ақиқатты 
танумен  тең,  осылайша  адам  ӛзін-ӛзі  таниды.  Ӛзін-ӛзі  танудан  Құдайды 
тануға  дейінгі  жол  оны  жақсы  кӛруден,  ақиқатқа  ӛз  күшімен  жетуге  дейін 
жалғасады, яғни жүрек, сенім, ақыл. Ол әйел адамдарды құрметтеп, дәріптеуі 
керек,  сӛзшіл  болмау  керек.  Осындай  адам  үшін  символ,  ӛлең  шумақтары 
және притчи – жұмбақ ілімнің сырын ашудың шынайы әдісі. Сопылық үшін 
ӛмірдің мәні Құдайды жақсы кӛру және адамдарға рухани білім беріп, тұлға 
қалыптастыру. 
Барлық  сопылар  тариқат  Құдайдың  сүйіспеншілігінің  мәнін  түсіну 
арқылы экстазға әкелетіндігін біледі. Сонымен қатар олар, экстаз ӛз алдына 
Құдаймен бірігу емес екендігін біледі, себебі Құдаймен бірігуге егер экстазға 
жеткен  сопы  күш  жинап  бәрін  қайтадан  бастауға  дайын  болса  ғана  жетеді. 
Бұл  қысқаша  айтқанда  «Сӛз  беру  және  оны  орындау!».  Ахмет  Йассауи 
әлемдегі барлық жаратылыстың ӛз бағыты барын білген. Осыдан болар Қожа 
Ахмет Йассауи Мұхаммед пайғамбардың жасына жеткенде ӛмір сүруден бас 
тартып,  жертӛлеге  түсіп,  рухани  және  моральдық  тұрғыдан  ӛзінің 
қаншалықты  діни  міндетін  атқарғанын  кӛрсетті.  Йассауи  толық  мағынада 
Құдайдың 
және 
адамзаттың 
алдында 
барлық 
парызын 
толық 
орындағандығын кӛрсетті.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет