Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Араб-мұсылман философиясындағы пантеизм және



Pdf көрінісі
бет13/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
treatise20490
treatise20490

5.3. Араб-мұсылман философиясындағы пантеизм және 
перипатетизм, энциклопедизм, универсализм: әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-
Сина, ибн-Рушд, Жүсіп баласағұн, Махмұт Қашқари 
 
Араб  халифатының  құрылуымен  мәдени  және  ғылыми  байланыстар, 
ғылыми  зерттеулер  тереңірек  әрі  нақты  бағытта  жүргізілді.  ҮІІІ-ХІІ 
ғасырдағы шығыс мәдениеті мен философиясында перипатетттік мектептің 
құрылуында  «Бірінші  ұстаз  Аристотельдің»  ықпалы  зор  болған. 
Перипатетттік  оқымыстылар  халифатта  «фалсафа»  деген  атқа  ие  болды 
(араб  тілінен  грек  тіліне  аударғанда  «философия»).  Мұсылмандық  шығыс 
перипатизмнің  ӛміршеңдігі  сол  ешқандай  бұлжымай  қатып  қалған.  Араб-
мұсылман  философтары  (фалсафа)  аристотелизм  ойларынан  неоплатонизм, 
аристотелизм, 
неоплатонизм, 
суфийстік 
мистикалық 
гносистің, 
зороастризмнің және буддалық кӛзқарастың негізінде ӛздерінің оқу бағытын 
негіздеді.  Бұл  оқу  түрі  ерте  еуропалық  схоластикамен  бірге  дамыды,  бірақ 
ӛзіндік  негіздемесімен  ерекшеленеді.  Ортағасырлық  араб-мұсылман 
философиясының  негізі  –  ол  ешқашан  «теологияға  бағынышты  болуға 
тырыспаған.  Перипатетиктік  мектептің  негізін  салушы  Әбу  Юсуф  Ибн 
Исхак  әл-Кинди (800-879 жж.) болды. Ол «араб философы» деген құрметті 
атқа  ие  болған  ортағасырдағы  шығыс  антикалық  ойшылдарының 
шығармаларын аударған, терең білімді ойшыл.  

Кинди Исламға қарсы шықпағанымен, «шектеулі адамдарды» сынаған. 
Оларды  сенімділікті  жақтамайтындар  сенімнің  жаулары  санаған.  Кинди 
мұсылмандық теологияға қарсы шыққан кейбір ойлары болды.  
Киндидің философиялық шығармаларының ең таңдаулылары: «Тұңғыш 
философия  жайлы»,  «Философияны  меңгеру  үшін  Аристотельдің  жазған 
кітаптар  саны  жайлы  трактат»,  «Бес  мәнділік  жайлы  кітап».  Ол 
Аристотельдің  ойларын  жалғастырушы  ізбасары  болды.  Оқу-білім  негізін 
дінге  қарсы  қойды.  Нақты  бағыттағы  ғылымды  арифметика  мен  геометиря, 
астрология,  үйлесімділікті  зерттеуші  ретінде  танылды.  Философиялық 
шығармалары  логика  мен  таным  теориясына  байланысты  болды.  Кинди 
танымның 3 негізгі сатысын кӛрсетті.  
 1) логика және математика
 2) жаратылыстану ғылымы
 3) метафизика.  
Киндидің  Шығыс  перипатетизмнің  тарихында  ақыл-ой  туралы 
тұжырымы  ерекше.  Ақыл  тек  адамға  тән,  ол  дәлелдеумен  қатар  жүреді. 
Философия  «барлық  сұраққа  жауап  береді».  Аристотельден  кейін  Кинди 
ақыл-ой  туралы  нақты  анықтама  береді.  Ол  негізгі  мынандай  категориялар 
болды:  материя,  форма,  қозғалыс,  кеңістік  және  уақыт.  «Бес  Жаратылыс 
туралы  еңбегінде  материяны  негізгі  санайды  «Интеллект  туралы» 
трактатында  ақыл-ойдың  классификациясын  атады  және  ол  Аристотельдің 
«Жан туралы» еңбегін келттіреді. Киндидің ойынша, белсенді интеллект 
–  бұл  ойдың  мазмұнынан  құрылған  әлемдік  логос.  Ол  шынайылықты 
іздеуден  артық  ешнәрсе  жоқ  дегенді  ұстанды.  Интеллект  туралы  ұғымын 
жалғастырушылар әл-Фараби мен Ибн Сина болды. 
Әбу  Насыр  Мұхаммед  ибн  Мұхаммед  ибн  Тархан  ибн  Узлаг  әл-
Фараби  (870-950  жж.)  философияда  әл-Киндимен  қоса,  Аристотельдің  ізін 
қуып,  басып  озған.  Фараби  кӛптеген  антикалық  философтарды  сынап, 
жетістікке  жеткен;  аударды,  жинады  және  Аристотельдің  «Органонын» 
жинақтап,  ортағасырлық  идеологияның  сұранысы  бойынша  Стагириттің 
логикалық ілімдерін жетілдіріп, оған пікір жазған. Оның музыка, логика және 
басқа  да  ғылым  салаларын  жеткілікті  меңгергені  соншалық,  оны  әлі  күнге 
дейін Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз», яғни біріншіні басып озды деп 
атайды. 
 Ғылым  саларында  ол  метафизикаға  кӛп  кӛңіл  бӛліп,  оны  «ғажайып 
ғылым»  деп  атаған,  ал  ол  пән  жаратылысты  зерттейтін  болғандықтан 
алдымен  Аллаһты  басты  негізге  алады.  Фараби,  Құдайды  тану  тек 
философтардың қолынан келеді дейді.  
Оның топтастырған ілімі бойынша бірінші орында – тіл туралы ғылым, 
яғни грамматика, екіншісі – логика. Фараби үшін – логика жай ғана ілім емес
ол  –  грамматикамен  ұштасып  жатқан  ӛнер.  «Логиканың  парасаттылықпен 
және  ақылымыз  жететін  объектілермен  байланысы,  грамматиканың  тілмен 
байланыстылығы сияқты» дейді. Логика – негізінде аристотельдік «Органон» 
заңдары жатқан дұрыс ойлай білу ғылымы. Ол  – кез келген ғылымды игере 
алуға кӛмекші. 

Үшінші  бӛлім,  бүтін  ғылым  саласының  жиынтығы  негізделетін 
математика:  арифметика,  оптика,  астрономия,  астрология.  Фараби 
арифметика мен геометрияны теоретикалық және салыстырмалы деп бӛледі. 
Бұл  ол  ӛмір  сүрген  дәуірдің  ғылым  деңгейін  кӛрсетеді.  Оның  «жұлдыздар 
туралы ғылымына» астрономия, астрология, физикалық география салалары 
кіреді, яғни Жердің тіршілігі бар және жоқ жерлері туралы ілім.  
Тӛртінші,  қорытынды  бӛлімде  гносеология  мен  онтология  негізге 
алынып  жазылған  физика  және  метафизика  қарастырылады.  Келесі 
бӛлімдерде  музыка,  ауырлық  күші  ғылымы,  құрылыс  ӛнері  қарастырылған. 
Бұлар  тіпті,  Фараби  зерттеген  салалардың  жартысы  ғана,  аталған  ғылым 
салалары  антикалық  және  ортағасырлық  философиямен  салыстырғанда 
шығыс перепатетиктерінің әлдеқайда алда екендігін аңғартады. 
Фараби, адамгершіліктің басты мақсаты – бақыт дейді. Оны танымсыз 
және  еріксіз  тану  мүмкін  емес.  Ерік  –  сезіммен,  еркіндік  –  логикалық  ой-
санамен  байланысты.  «Қайырымды  қала  тұрғындары»  трактатында  Платон 
мен  Аристотельдің ізін  жалғастырып, ӛзі  құрған идеалды мемлекет  моделін 
ұсынады. Бӛлектенген қалада адамдардың жақсылық жасауы, бақытқа жетуі 
оңайырақ.  Осындай  мемлекеттің  саяси  құрылымын  адамдардың  дене 
мүшелері  қалай  берік  орналасса,  сол  секілді  мемлекетте  де  бірлік 
болатындығын  аңғартады.  Адамдардың  осындай  ой-санасы  оны  жақсылық 
жасауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің 
барлық  іс-әрекеті  сол  мемлекет  тұрғындарының  қажеттілігін  қамтамасыз 
етуге  бағытталуы  керек.  Осы  мәселелерді  шешу  үшін  мемлекет  басында 
адамгершілігі  мол,  ерік-жігері  мықты  адам  отыруы  керек.  Ол  рухани  және 
зайырлы билік құрып, жақсы, рухани және дене жағынан сау, ақылды болуы 
тиіс.  Осындай  басшы  халықтың  ғылымға  деген  құштарлығын  ашып, 
басқаларға  жанашыр  болуға,  ғылымның  дамуына  ықпалын  тигізеді.  Фараби 
осындай  қайырымды  қала  тұрғындары  нағыз  бақытқа  біріге  отырып  жете 
алады дейді. 
Авиценна  (Ибн  Сина)  (980-1037  жж.)  шығыс философиясының және 
медицинасының  патшасы  саналады.  Оның  18  бӛлімнен  тұратын  «Сауығу 
кітабы»  атты  философиялық  шығармасы  логика,  физика,  математика, 
философия  салаларын  қамтиды.  Осы  энциклопедиялық  еңбегі  XII  ғ.  батыс 
философиясының  ӛркендеуіне  үлкен  септігін  тигізген  баға  жетпес  білім 
кӛзіне айналды. 
Авиценна  ӛзінің  трактатында  Аристотель  философиясымен  ғана 
шектелмей, Құдай, табиғат, әлем мен заттардың жаратылысы туралы ӛзіндік 
ой  қосады.  Ол  барлық  жанды  затты  Құдайдың  уақыттан  тысқары  жағдай 
туғызуына байланысты жаратылды дейді. Аристотель ойы бойынша, Құдай – 
«ойлау туралы ой», ойлаудың нағыз биік шыңы.  
«Философия  әміршісі»  тек  терең  білім  арқылы  Құдайға  жол  табуға 
болады.  Ол  ғылымның  ӛзіндік  тобын  құрды:  теориялық  ғылымдар  шын 
мәнінде адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты емес, бірақ әлемде ӛзіндік 
жол  табуға  кӛмектеседі.  Оларға  –  ғылымдардың  жоғары  сатысы,  жеке 
ғылымдардың  бастауы  бола  білетін  (арифметика,  геометрия,  оптика, 

астрономия, музыка) математика, ал ғылымдардың тӛменгі сатысы – физика. 
Бұл табиғат туралы ғылым. Бұл сатыны «тәжрибиелік» ғылымдар аяқтайды: 
этика  (адамдардың  әдебі  туралы),  экономика  (шаруашылықты  жүргізу 
туралы), саясат (мемлекетті басқару туралы). 
Шығыс  және  Еуропа  елдерінде  Авиценнаның  «Медициналық 
каноны» – толық аты «Дәрігерлік ғылымның каноны» үлкен сұранысқа ие 
болды.  ХІІ  ғ.  оны  Г.  Кремонский  латын  тіліне,  кейін  басқа  да  еуропа 
елдерінің  тіліне  аударылды.  Бұл  медициналық  энциклопедия  40  рет 
басылымға шығып, Еуропа елінде Библиядан кейінгі ең кӛп оқылатын кітап 
болды. Бұл кітап бойынша бірнеше ғасырлар бойы (ХІХ ғ. қосқанда) Еуропа 
елдерінің университеттері теория мен дәрігерлік практикаға үйретті.  
Егер  Авиценнаны  шығыс  философиясының  патшасы  атаса,  батыстың 
араб-мұсылман  философиясының  патшасы  деп  Испанияның  Кордовасынан 
шыққан  Ибн  Рушдты  атаған  (1126-1198  жж.)  Бұл  әмбебап  оқымысты  еді: 
дәрігер,  құқықтанушы,  теолог,  математик,  философ-перипатетик.  Оның 
трактаттары  бізге  ислам  теологтары  тарапынан  жоққа  шығарылып,  испан 
еврейлері арқылы жеткен. 
Ол орта ғасыр перипатетиктерінің ӛзекті мәселесіне айналған сенім мен 
білімнің,  дін  мен  ғылымның  рационалистік  бағытын  зерттеген. 
Гносеологияны  зерттеуде  Аверроэс  пассивті  және  активті  сана  деп  бӛледі. 
Пассивті  сана  адамнан,  оның  ынтасынан  бӛліп  қарастырылмайды.  Активті 
сана  жалпыға  ортақ  және  ол  мәңгілік.  Жалпы  ой-сананы  ғажайып  санмен 
қатар  алып  қарастырамыз.  Жеке  тұлғалардың  санасы  жалпыадамзаттық 
санамен байланысты. 
Бұндай  тұжырымдамалар  догматикаға  берілген  теологтардың  ызасын 
келтірді.  Олар  Авиценнаны  Құдайға  сенбейтін,  еретист  деп  атады.Олармен 
қоса,  перипатетиктердің  іліміне  қарсы  шығып,  олардың  мәңгілік  әлем  және 
ғаламның  жаратылмағандығы  туралы  ойларын  теріске  шығарған  Әл-
Ғазалидің «Философтарды теріске шығару» атты еңбегін негізге ала отырып, 
Ибн  Рушд  «Теріске  шығаруды  теріске  шығару»  еңбегін  жазады. 
Философияны  ортодоксальды  мұсылмандықтан  қорғай  отырып,  бұл 
еңбегінде  философияның  теологияға  тәуелді  еместігін  айтады.  Ой-сананы 
ӛрістететін  философияда  қарастырылатын  мәселелер  мұсылмандық 
шарттармен  шешілмейді.  Ибн  Рушд  «дінді  философиялық  дәрежеге  кӛтеру 
керек»,  осылайша  діни  мәтіндер  философияның  арқасында  құпталады  деп, 
«екіжақты ақиқат» концепциясын құрды. 
Бұнымен  Шығыстың  соңғы  перипатетигі  сенімді  еді.  Осы  жігерлі 
рационализмі  үшін  ол  мұсылмандық  андуалзимнің  құрбанына  айналып, 
тарихта  жазылғандай  уланып  ӛлтірілген  еді.  Бірақ,  оның  идеялары  бірнеше 
онжылдықтан кейін Сигер Брабатский, Роджер Бэкон және т.б. Батыс Еуропа 
елдерінің  ойшылдары  кӛмегімен  жүзеге  асты.  Шығыстың  араб-мұсылман 
философиясы  Платоннан  –  Аристотельге  дейін,  Авэрроэсадан  –  Еуропа 
елдеріне кеңінен жайылды.  
Түркі  мәдениеті  мен  философиясындағы  рационалдық  дәстүрде  ХІ 
ғасырдың  кӛрнекті  ӛкілі,  ғұлама  ғалым  «Құтты  біліктей»  терең 

философиялық  мұра  қалдырған  Жүсіп  Баласағұнның  орны  ерекше.  Орта 
ғасыр 
философы 
«шығыс 
пантеизмінде 
сопылық 
идеологияның» 
концепциясын  жақтады.
 
Билікті  бір  қолға  жинау,  мемлекетті  барынша 
орталықтандыру  үшін  тарихи  қажеттіліктен  туған  туынды.  Сондықтан  бұл 
еңбекті  мемлекеттік  басқару  саясаты,  заң  ережелері,  халықтың  мінез-құлқы 
мен  салт-санасы,  әдет-ғұрыптары  негізінде  барша  прициптерді  ӛз  бойына 
жинақтаған  энциклопедия  деп  атауға  болады.  «Құтты  біліктің»  тақырыбы, 
мазмұны  негізінен  бақыт,  әділет,  ақыл,  қанағат  сияқты  мораль 
философиясындағы  басты  ұғымдарға  балама  ретінде  алынған.  Орта  ғасыр 
философының негізгі туындысы «Құтты біліктегі» кӛзқарасы орта ғасырдағы 
Ресейдің  «Домострой»  энциклопедиясындағы  айтылған  оймен  ӛте  ұқсас 
келеді.
 
«Құтты білік» дастаны 85 тараудан, 6500-ден астам бәйіттен тұрады. 
Кезінде  бұл  кітапты  шығыс  патшалары  алғызып  оқитын  болған.
 
Жүсіп 
Баласағұнидің  дүниетанымында  оны  кесек  философиялық  ой-толғамдарын 
саяси-әлеуметтік  тұжырымдар,  әдептілік  ережелері,  мемлекет  басқару 
заңдылықтары,  ғылым-білім  жиынтығы  құрайды.  Ғұлама  әлемдік 
үйлесімділік  негізінде  әділетті  адамзат  әулетін  құруды  армандады. 
Сондықтан  да  ол  ғылым  мен  білімге  зор  мән  берді.  Баласағұни  ұғымдарды 
әділдіктің,  бақыттың,  ақылдың  және  момындықты  атайды.  Тарихи, 
психологиялық,  педагогикалық  ілімдердің  жеке  адам  туралы  ғылыми 
теориясына  сүйене  отырып,  Жүсіп  Баласағұндай  халқы  үшін  күй  кешкен 
адамдардың тұлғалық қалыптасуына, дамып-жетілуіне тума қасиеттер, ӛскен 
ортасы,  әлеуметтік  жағдайдың  ықпалы  зор  болғаны  айтылды.  Бұл 
энциклопедияда  Түркі  ӛркениетіндегі  ӛмір  сүру  құндылығы  баса  айтылады 
(М. Орынбеков).
 
Баласағұн философ ретінде және тәрбиелік тағылымға толы 
педагог ретінде артына ӛшпес мұра, тәрбиелік дәстүр, ӛнеге қалдырған адам. 
Оның үйретуінше адамның жетіліп қалыптасуы, оның ішінде жастар тәрбиесі 
–  қоғамдық  жағдайлардың,  айнала  ортаның  ықпалымен,  оң  әсерімен  тәрбие 
арқылы  және  адам  табиғатын  туысынан  –  дүниеге  келумен  бірге  болатын 
қасиеттер  арқылы  қалыптасатыны  қозғалды.  Жүсіп  Баласағұн  адамның 
дамуы,  ӛсуі  –  тәрбиенің  жетістігі  дей  отырып,  адам  бойындағы  ізгілік, 
ізеттілік,  қайырымдылық  –  бәрі  адамға  тек  тәрбие  арқылы  беріледі  дегенді 
баса  айтады.  Ғұлама-ойшыл  осы  еңбегінде  адамның  мінез-  құлықтарының 
нормалары  мен  ережелерін,  әр  түрлі  қоғамдық  дәрежедегі  жіктердің  бұл 
қоғамды  басқарудағы  міндеттері  мен  қызметтерін  белгілеп  береді.  «Құтты 
білік»  атты  кітабы  –  бограханов  тілінде  түрік  сӛздерімен  жазылған  ӛмірлік 
ақыл-ойдың философиялық ескерткіші. 
Ғұлама ойшылдың: «Адам ӛледі, бірақ оның сӛзі ӛлмейді», «Ақылдың 
кӛркі – сӛз», «Тілдің кӛркі – сӛз», «Адам кӛркі – кӛзінде» деген ұлағатты сӛзі 
ӛз мағынасын жойған жоқ. 
Баласағұн  гуманизмі  «Диуани  Лұғат  ат-түрк»  атты  үш  томдық  түркі 
энциклопедисының  авторы  Махмұт  Қашқари  (1029-1101  жж.)  еңбектерінде 
ӛз  жалғасын  тапты.  Онда  тарихи-мәдени,  этнографиялық  және 
лингвистикалық материалдардың үлкен мұрасы сақталған. Махмұт Қашқари 
бұл  еңбегінде  Орта  Азия  мен  Қазақстан  жерін  мекендеген  түркі 

халықтарының фольклорын, лирикалық әуендерін, қаһармандық жанрындағы 
эпос  үзінділерін,  тарихи  мұралар  мен  аңыз  әңгімелерін  баяндаған.  Кітапта 
қазақ тіліне енген тӛрт жүзден аса, оның ішінде бізге жеткен 875 сӛз бен 60 
нақыл  сӛздер,  мақал,  мәтелдер  жинақталған.  Бұл  энциклопедияда  ХІ 
ғасырдағы  түркі  халықтарының  ӛмір  салты  мен  қазіргі  қазақ  халқының 
наным-сенімі, мұсылмандық және суфийстік діни кӛзқарастары тұрғысынан 
ұқсастығын байқаймыз. 
 Ӛзінің  қалдырған  мұрасында  Қашқари:  «Бұл  кітапты  мен  алфавиттік 
ретпен  құрастырдым,  оны  нақыл  сӛздермен,  саджамен,  мақал,  ӛлең 
шумақтары,  раджазамен  және  прозаның  үзінділерімен  әшекейледім. 
Қиындықты  жеңілдеттім,  түсініксіз  дүниені  түсіндірдім  және  жылдар  бойы 
еңбек  еттім:  оған  ӛздері  оқып  ӛскен  ӛлеңдерді  қостым,  осылайша  олардың 
аталарының  білімдерімен  таныстырғым  келді  және  де  ӛздері  ақыл  айтқанда 
қолданатын  нақыл  сӛздерін  ұрпақтан-ұрпаққа  қалдырсын  деген  ниетпен 
жаздым.  Сонымен  қатар  кітапта  мен  есте  қаларлық  жайттар  мен  әйгілі 
сӛздерді жинақтадым, осының арқасында кітап биік шыңға кӛтеріліп, үлкен 
сұранысқа  ие  болды»  деген  екен.  Бұған  келесі  үзінділерді  оқи  отырып,  кӛз 
жеткізе аламыз: 
«Күндер  уақытты  асығыстыққа  итермелейді,  адам  күштерін 
тежейді. Бұл оның заңдылығы, бұған қарамастан ол барлығына бірдей. Егер 
әлем  көздеп  тұрып  оғын  атса,  таудың  шыңы  да  сынады».  «Ұлым,  саған 
жақсылыққа  құмар  болуды  мұрагерлік  етемін.  Жақсы  жар  тауып,  оның 
соңынан ер». «Күн мен түннің ауысуы өткінші өмір секілді өтеді де кетеді. 
Кім оларға қарсы келсе күшінен айырылады». «Дүние мен зат адамның қас 
жауы. Дүниені жинағаным – төменге тартатын терең суға батқаным деп 
біл».  «Барлық  азаматтар  дүниенің  кесірінен  құртылды.  Байлықты  көрген 
сәтте  олар  грифтің  қазынаға  жолыққанындай  атылады.  Өз  мүліктерін 
өздері қолдануға қимай, кедейлікке тап болғандай, алтын жинауға кіріседі. 
Дүниенің  кесірінен  пенде  Құдайды,  отабасын,  ұлдарын,  туыстарын 
ұмытып,  өздерін-өздері  тұншықтыруда».  «Жақсылыққа  құмар  бол,  бірақ 
оған жеттім деп көкіректік танытпа». «Еккен адам ғана, жемісін көреді». 
«Үлкенге құрмет көрсету сауап жинау». 
Қашқари адам танып, зерттейтін барлық ғылым салалар, соның ішінде 
діни  және  философиялық  салаларға  қатысты  терминдердің  практикалық 
түсінігін  жалпытүркі  тілінде  және  қыпшақ  тілінде  жазған.  Бұл  сӛздікті  оқи 
отырып,  біздің  кӛз  алдымызға  прототүркілердің  ӛмір  салты  кӛзімізге 
елестейді. 
  
Түркі  ойшылы,  мәдениет  пен  тілді,  атажұртымызды  ұмытпай, 
оларды пір тұтып, достық қарым-қатынаста болумыз керектігін ӛсиет еткен. 
Адам  табиғатты  сүйіп,  үлкендерді  құрметтеп  парызын  ӛтеуі  керек.  Олар 
намысшылдық, кеңпейілділік пен мақтан тұтарлық қасиеттерге ие болулары 
керек.  Осылайша,  Қашқари  түркі  халықтары  бойынан  табылатын  бағалы 
қасиеттерімен ұрпаққа үлгі болулары керек дейді. 
 
     Бақылау сұрақтары: 

 
1.Мұсылмандық ортодокс философиясы (аль-Ашари, аль-Газали).  
2.әл-Фарабидің сопылық философиясы. 
3.Шығыстық перипатетизмнің философиялық идеялары.  
4.Ибн-Рушдтың философиялық кӛзқарастары. 
5.Сопылықтың түркілік тармағының ерекшелігі неде?  
 
 
VI Бӛлім 
 Қайта ӛрлеу дәуірінің философиясы 
 
6.1. Философия ӛнер ретінде: даралықты табу (Данте, Петрарка, 
Леонардо да Винчи т.б.) 
 
XIV-XVI ғғ. – Еуропа елдерінің экономикасындағы, саяси және мәдени 
ӛміріндегі  ӛзгерістер  уақыты.  Еуроәлем  бірінші  кезекте  Орталық,  Батыс 
Еуропа  және  Жерторта  теңізі  елдерінің  экономикалық  мүдделері  арқылы 
саяси  бірлікке  ұмтылды.  Ф.  Бродель  «XV-XVIII  ғғ.  материалдық  ӛркениеті, 
экономикасы  және  капитализмі»  атты  кітабында  «...  жаңа  Еуропаның 
бастауына  мына  екі  ұлы  кешендерді  жатқызуымыз  керек,  олар:  солтүстік 
және  оңтүстік  Нидерландия  және  Италия,  сонымен  бірге  Балтық  және 
Жерорта  теңізі»  деп  кӛрсеткен.  Соған  қарамастан,  екі  кереғар  бастаудан 
басталған  Еуропаның  экономикалық  дамуы  оның  нарықтық  бірігуінен  ғана 
емес  білімнің,  ӛнердің,  мәдениеттің  ұштасуында  жатыр.  Осы  процесс 
қаланың және қалалық мәдениеттің ӛсуіне себепші болды. 
Шығыстың  қайта  ӛрлеуі  еуропалықтардан  бұрын  басталды.  Оған  Н.И. 
Конрадтың  айтуынша,  XI-XVII  ғғ.  дейін  созылған  Аспанасты  елінің 
гуманистік  тұжырымдамалары  негізделген  VII  ғ.  басталған  Қытай 
ренессансын  жатқызуға  болады.  «Хань  Юй  және  қытайлық  ренессанс 
бастауы»  еңбегінде  ол  итальянша  «гуманизм»  терминінің  синонимі  ретінде 
қытай тілінде адамды сүю мағынасына саятын «жень» сӛзін алды. Хань Юй 
оны  ертеде  Қытай  елінің  ең  ескі  кітабы  саналатын  Конфуцийдің  «И  Цзин» 
кітабынан тауып алса керек. Ал (XI-XVI ғғ.) Солтүстік Шығыс елінің қайта 
ӛрлеуі ӛзбек әдебиетінің негізін салушы Әлішер Науаи есімімен байланысты. 
Соған  қарағанда,  Қиыр  Шығыс  елінің  қайта  ӛрлеуі  антикалық  мәдениет  – 
перипатетиктердің  ізбасары  «екінші  ұстаз»  атанған  әл-Фараби  есімімен 
тығыз байланысты.  
Еуропа  елдері  әлеуметтік-экономикалық  қатынастардың,  тарихтың 
жаңа  үлгісіне  дайын  болған  кезде  шығыс  мәдениеті  батыс  мәдениетінің 
бастауы болды (В.К. Чалоян). 
Қоғам ӛміріндегі осыншалықты ӛзгерістер ӛнердің, табиғи және нақты 
ғылымдардың,  сонымен  қатар  ұлттық  тілдегі  әдебиет  пен  философияның 
кӛмегімен жүзеге асты. Ӛрлеу дәуірі философиясында: уақыт ӛте шешілетін 
сұрақтар  «таза»  академиялық  сипатта  болмады.  Философиялық  ойлар 
кӛптеген 
жарияланымдарда, 
ғылыми 
трактаттарда, 
ӛнерде, 
тіпті 

архитектуралық  жаңартуларда  жарияланып  отырды.  Басқаша  айтқанда, 
ақылға  деген  сүйіспешілік  ӛнердің  әр  саласынан  кӛрініс  тапты.  «Қайта 
ӛрлеушілер»  шіркеулік  догматизмге  қарамастан  адамның  Құдайға  деген 
сенімін 
ақылдың 
кені 
ретінде 
пайдаланды. 
Теоцентризмнен 
антропоцентризмге  және  гуманизмге  ӛту  адамдардың  ӛнерге  деген 
қабілеттіліктерінен,  ішкі  бостандыққа  деген  ұмтылыстарынан  байқалды. 
Адам  ӛзі  Құдаймен,  таңғажайып  табиғатпен  арақатынасқа  түскенде  ӛзінен 
«жан-жақты  адам»  тәрбиелеп  шығарады.  Бұл  адамның  «жердегі 
тәңірлігінде», оның сенімінде және әмбебаптылығы мен жеке тұлғалығында 
байқалады.  «Гуманизм»  терминінің  ӛзі  латын  тілінен  аударғанда  «һомо»  – 
«адам» деген мағына беретіндігі рас. Гуманизмнің қалыптасуы – қайта ӛрлеу 
дәуірінің  ерекшелігі.  Италияда  «гумманист»  деп  түрлі  саланың  ӛкілдерін 
атаған:  философтар  мен  мәмілегерлер,  кӛпестер,  шенеуніктер  мен 
патрициялар.  Солардың  ішінде  –  ақын  Дантэ  Алигьери,  саясаттанушы 
Никколо Макиавелли, философ Лоренцо Валла, граф Пико делла Мирандола, 
дана  Леонардо  да  Винчи  және  т.б.  Оларды  біріктірген,  ӛздерінің 
мамандықтарынан  бӛлек  гумманистік  бағытта  ӛмір  сүру  мен  оған  атсалысу 
еді. 
«Жанның 
ұлылығын» 
бағалаған 
олар 
жақсылыққа 
деген 
құштарлықтарын  оятты.  Гуманистер  «уақытты  жоғалтпау  керек» 
ұстанымымен  отанға  қызмет  етіп,  ол  үшін  еңбек  етіп,  оқып  ӛз  үлестерін 
қосты.  Олар  оқуды  сәнге  айналдырды.  Л.М.  Баткин  ӛзінің  «Итальяндық 
гуманистер:  ойлау  және  ӛмір  сүру  стилі»  атты  еңбегінде:  «ілімге  деген 
құштарлық дербес емес, ұлттық гуманистік» деген екен. Бірнеше тіл білетін 
ғалымдар  антикалық  еңбектерді  тек  философиялық  тілмен  емес,  қарапайым 
халық  түсінерліктей  аударды.  Ф.  Энгельстің  анықтамасы  бойынша,  бұл 
титандарды күш жағынан да білім жағынан да қажет ететін дәуір болды. Ал 
А.Ф.  Лосев  бұл  дәуірді  «титанизмнің  ӛзге  қыры»  деп  нақтылады. 
Монахтардың  дінін  жасырын  қабылдаған  шіркеу  ойшылы  «Қайта  ӛрлеу 
эстетикасы»  атты  еңбегінде  Қайта  ӛрлеудің  адам  ӛміріне  кері  әсері  мен 
«рухани  әлсіреудің»  адам  болмысына  әсерлерін  айта  түсті.  Ренесанстық 
қоғамда  жеке  даралық  ӛзін  жақсылыққа  жаны  құмар,  жамандыққа  қарсы 
тұрар  адам  ретінде  кӛрсетеді.  Олардың  арасын  бӛле  жаратындай  шекара  да 
жоқ.  Құндылықтардың  бағасы  түсіп,  ойлау  әркімнің  қолынан  келетіндей 
халге түссе, тұлғаның жекелей дамуы «жаңа заманның қайғысының азаюына 
алып  келеді»  деді.  Бұл  ӛмірде  ӛзін  жалғыз,  жан-жақты,  сенімді  сезінсе,  бұл 
адамзат  үшін  құлдырау»  деген  екен  У.Шекспир.  Сонымен  қатар,  ӛзіне  тым 
сенімді  болу  адамзатқа  қауіп  әкеледі.  Жеке  даралық  және  прагматизм 
басымдылықпен  емес  творчестволық  күшпен  ӛлшенеді.  Бұл  қауіп  «ӛткенді 
жоққа шығару, келешектің әлі жоқтығын, қазіргінің жоқпен теңесуіне» әкеп 
соқтырады (Б.Г. Кузнецов). 
Осы  шарттармен  философия  ӛнермен  және  ғылыммен  тығыз 
байланысқа  түседі.  Адамның  бостандығын  мойындау  платонизм, 
аристотелизм, 
неоплатонизмде, 
антикалықтың 
– 
пантеизм 
мен 
антропантеизмінде  кең  мағынаға  ие.  Жаратылстану,  математика,  физика, 

астрономия  ғылымдарының  дамуы  ӛмірге  натурофилософия  сияқты  жаңа 
ғылымды енгізді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет