Б. А. Әрінова арнайы педагогика және психология негіздері


Арнайы педагогиканың пәндік аймақтары



бет5/9
Дата15.05.2020
өлшемі49,56 Kb.
#68570
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Арнайы педагогика(ворд)

1.3. Арнайы педагогиканың пәндік аймақтары

Арнайы педагогика келесідей ғылыми және тәжірибелік білімнің өзіндің сферасын кіріктіреді:

- тифлопедагогика – соқыр және нашар көретіндерді оқыту мен тәрбиелеу пәні;

- сурдопедагогика – саңырау, нашар еститіндерді оқыту мен тәрбиелеу:

- тифлосурдопедагогика – көзі көрмитін, құлағы естімейтін адамдарды тәрбиелеу мен оқыту;

- логопедия – сөйлеу қабілетінің нашарлауы;

- олигофренопедагогика – интеллектісі нашар адамдарды оқыту мен тәрбиелеу;

- тірек қимыл жүйесі нашар адамдарға арнайы білім беру;

- эмоционалды және ерікті қабілеті нашар адамдарға арнайы білім беру;

- созылмалы ауруға шалдыққан, қиын және бірнеше мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін педагогикалық көмек көрсету.

Арнайы педагогика саласының жаңа салалары дамиды. Арнайы педагогика педагогиканың құрамды бөлігі және жалпы педагогикалық термин ретінде қоданылады. Сонымен қатар арнайы білім берудің ерекшелігін көрсететін өз терминологиясы бар.

Қазақстан Республикасының заңдарында адам құқығы саласында негізге алатын халықаралық құжаттарға сәйкес бүкіл әлем балаларының білім алуға құқығының теңдік принципі қарастырылады. Балалардың білім алуға құқығының кепілдік Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының «балалар құқығы туралы», «мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогика қолдау көрсету туралы», «Қазасқтан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында көрсетілген. Бұл құжаттарда арнайы білім беру саласында қолданылатын бірнеше терминдерге келесідей анықмата берілген.

Арнайы білім беруде мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепке бейінгі жалпы және кәсіби білім беру үшін арнайы жағдайлар жасалады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар деп физикалық және психикалық ауытқушыдықтары бар адамдарды айтады.

Жетыспеушілік – балаларға қатысты психикалық-медициналық-педагогикалық комиссия және ересектерге қатысты медициналық-эксперттык комиссия құптаған физикалық және психикалық ауытқушылық.

Физикалық жетіспеушілік – енгізілген тәртіп бойынша расталған адамның мүшесінің жұмыс істеуінде және дамуындағы уақытша немесе тұрақты жетіспеушілік немесе хроникалық соматикалық немесе жұқпалы ауру.

Психикалық жетіспеушілік – сөйлеу мен эмоционалды ерікті аясында (онымен қоса аутизм) бұзылуынан, мидың зақымдануының салдарынан (сонымен қатар ақыл-ой кемтарлығы, психикалық дамудағы тежеу) пайда болған оқуда қиындық туғызатын адамның психикалық дамуында енгізілген тәртіп бойынша расталған уақытша немесе тұрақты жетіспеушілік.

Күрделі жетіспеукшілік – физикалық және психикалық жетіспеушідіктердің жиынтығы.

Ауыр жетіспеушілік – мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқыту қиын және білім алу мүмкіндіктері қоршаған әлемді тану білімінің элементтерін, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын игеру, кішігірім тұрмыстық ермек дағдыларын меңгеру немесе қарапайым кәсіби дайындықты алумен шектелетін физикалық және психикалық жетіспеушілік.

Арнайы(коррекциялық) білім беру мекемесі – денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған білім беру мекемесі.

Арнайы білім беру жағдайлары – олардың көмегінсіз мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жалпы білім беру және кәсіби бағдарламаларды меңгеруі мүмкін емес немесе өте қиын болатын оқыту мент әрбиелеу жағдайлары.

Психикалық функциялардың орын басу (компенсациясы) – психикалық функциялардың бұзылуын немесе жетіспеушілігін бұрынғы сақталған немесе бұзыл,ан функцияларды қайта құру арқылы орнын толтыру. Мысалы, туылғаннан көрмитын балаларды көру анализаторының орнына таным қабілеті, қимыл-қозғалыс және тері анализаторлары жақсы дамыған.

Коррекция термині қандай да жетіспеушіліктердің алдын алу үшін жекелеген технологиялық компонент ретінде арнайы педагогикалық көмек те қолданылады (мысалы, балалар жазуының бұзылуын коррекциялау) немес әлеуметтік және білім беру ортасында (мысалы, коррекциялық-дамытушылық оқыту).

Соңғы уақытта арнайы педагогиканы медицинамен байланыста қарауға болатын жеткілікті дәрежеде емдеу педагогикасы танымал болды.

Арнайы педагогикада ерте жастағы балаларды артта қалушылықта жиі қолданылатын реабилитация терминінің мәні бұзылған функцияларды оңалту мақсатындағы білім берудегі әлеуметтік кешенді медициналық өлшеммен сипатталады.

Арнайы педагогикалық көмек – арнайы педагогтердің педагогикалық жағдаяттарға құрылған қызметі (дамыту ортасы, ерекше құрылымы, оқыту мен тәрбиелеу формалары мен әдістері), ол баланың білім алуындағы қажеттіліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.

Дефектологияда ұзақ уақыт бойы аномальды даму, аномальды бала термині қолданылып келді.

Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі тұлғалар келесідей категорияларға жіктеледі:


  • есту қабілеті бұзылған тұлға: саңырау, нашар еститін, кеш еститін;

  • көру қабілеті бұзылған тұлға: көрмейтін, нашар көретін;

  • тілдік сөйлеу қабілеті бұзылған тұлға;

  • тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлға;

  • психикалық дамуда артта қалған балалар;

  • таным қабілеті бұзылған тұлға;

  • эмоциялық-тіректік қабілеті бұзылған тұлға;

  • дамуында жетіспеушіліктер бар тұлға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет