Ү Сөзжұмбақ шешу
1.Абылайдың шын аты кім? (Әбілмансұр)
2. Тайшыханмен шайқасқан батыр кім? (Алпамыс)
3.Қазақ әйел затынан шыққан асқан домбырашы (Дина)
5.»Қызыл жебе», «көке» сөздерін жазған оқушы (Тұрар)
6.Күй атасы (Құрманғазы)
Шешуі: Әлихан Бөкейханов
ҮІ Жаңа сабақ
1.Автормен таныстыру. М.Әлімбаев
2.Әлихан Бөкейхановты таныстыру.
Тұлғаны тану айдары.
Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 5 наурызда Ақтоғай ауданы Қаратал совхозында қазіргі Шабанбай би ауылында Тоқырауын өзені бойында дүниеге келген. Ауыл молдасынан сауатын ашып, білімін Семейдегі қазақ орта мектебінде жалғастырған. Алғырттығы мен білімділігінің арқасында Ресейдің ірі қаласы Санкт-Петербургте білім алып, осы кезден бастап саяси іске араласа бастаған.
Ол аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, мемлекет басшысы, Мемлекеттік Думаның депутаты, “Ресейдің мұсылман халықтары”, “Жер және қала іскерлері” съездерінің делегаты IV Мемлекеттік Думаның “Мұсылман фракциясының мүшесі”, ұлттық-демократиялық “Алаш” партиясының ұйымдастырушысы, ұлттың рухани көсемі, орыстың Императорлық географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімі басқару комитетінің мүшесі, Санкт-Петербург университетін екі дипломмен - экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген, көптеген ғылыми еңбектердің авторы, журналист, ғасыр саңлағы, атақты “Қарқаралы петициясын” ұйымдастырушы, авторы болып табылады.
3. Бейнебаян (Әлихан Бөкейханов фотолары)
ҮІІ Оқулықпен жұмыс
А) Өлеңді мұғалімнің дауыстап оқуы
Ә) Оқушылардың іштей оқуы
Б) Тауып оқу
ҮІІІ Ой қорыту Жаңа сөз
Алаш партиясы-Саяси ағымдар мен саяси партиялардың бірі., мемлекет болып құрылуына ат салысады
Ақ патшаның – билік жүргізушілер, Ресей патшалары.
ІХ Сергіту сәті
Енші алдық егеменді ел болдық,
Мойындаттық жаһанды.
Жүрегіміз елжіреп,
Сүйемін туған Отанды.
Х Шығармашылық тапсырма «Ойлы болсаң, озып көр !»
Ұланымын______________,(ұлы елдің)
Ойлап өскен ертеңді.
Туған елді____________,(сүюге)
Шақырамын сіздерді.
ХІ Ақпарат- карточкасымен жұмыс
(Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін қойып жазу қажет)
А) А.Бөкейханов ............жылы дүниеге келгнен .(1866)
Ә) ) А.Бөкейханов. . . . . .партиясының жетекшісі болған. (Алаш)
Б) Әлихан шетелдің . . . . .тілінде сайраған, білімді ғалым. (тоғыз)
В) Туған елдің ... . . .тіледі. (бостандығын)
Г) . . . . .Әлихан мәңгілікке көз жұмды. (1937ж)
ХІІ Ассосация құру
1886ж туған шындықты жырлаған
9 тілді біледі ғалым
Елін сүйеді Алаш жетекшісі
ХІІІ Өлең жолдары
Ашылып көне көздің бұлақтары
Балапан жүрегінен жыр ақтарды.
Аспанға атып бөріктерін жатыр бүгін,
Әлихан бабамыздың ұрпақтары.
Тәуелсіздік түскен жоқ ол аспаннан
Тарихы оның тым тереңнен басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
ХІҮ Бағалау
ХҮ Үйге тапсырма
1.“Алихан Бөкейханов” түсініп оқу
2.“Үлгілі өмір” тақырыбында эссе жазу
Сабақтың тақырыбы: Күздің кереметі
Сабақтың мақсаты: оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып,
әсемдікке,сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру,
әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ой-қиялын дамыту.
Жинақы дұрыс сөйлеуге, сұраққа нақты, толық жауап
дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларды күз байлығымен, көкөніс түрлерімен
таныстыра отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға
және еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, жеміс-жидек, көкөністер, слайд.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Сабақтың әдісі:Топтастыру, жұмбақ шешу, Венн диаграммасы, мақал-мәтелдер, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру, II үй жұмысын тексеру
Топпен жұмыс.
1.Күз мәтінін оқыту, мазмұнын айту.
2.«Сиқырлы әріптер» ойынын ойнату.
1.Күздің кереметі деген сөйлемдегі әрбір әріптерді жеке-жеке шығарып алу. Ол әріптерді теріс қаратып қалтаға салып қоямын. Әрбір оқушы сұраққа жауап беру арқылы сол карточкадағы номер бойынша теріс қарап тұрған әріпті ашады. Сонда «Күздің кереметі» деген жаңа тақырып шығады.
Сұрақтар:
1.Күздігүнгі ауа райын сипаттап бер.
2.М.Дулатов кім? Оның қандай кітабы елді еркіндікке шақырған?
3.«Жұрт күземін алған» дегенді қалай түсінесің?
4.Құстар не себепті жылы жаққа ұшып кетеді?
5.Жаз мезгілімен салыстырғанда күздің қандай ерекшелігін байқадыңдар?
6.Күз айларын ата.
7.Күз туралы қандай және кімнің өлеңдерін білесің?
8.Күзді неге «Алтын күз» деп атаймыз?
9.Күз туралы шағын әңгіме айтып бер.
10.Жұмбақ шешу.
Күндер суып, шөп пісіп
Ел пішенін орады
Бұл қай кезде болады? (Күз)
11. «Күздің кереметі» деген сөз тіркесін шығарып алу.
- Күздің кереметі дегенді қалай түсінесің?
- Күздің байлығы, молшылығы.
Күзде қандай байлыққа кенелеміз?
Жемістер, көкөністер, астық піседі. Осы жерде Венн диаграмасын пайдаланамын.
Бақта өседі Бақшада өседі
Слайдпен күзгі дастарқанды көрсету.
Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: Әдібай Табылдиевтің «Күздің кереметі» мәтіні. Автормен қысқаша таныстыру. Әдібай Табылдиев – Жамбыл облысы, Луговой ауданында 1926 жылы дүниеге келген. «Сөз бөбектегі» деген алғашқы кітабы шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: |