Трихофития
(trichophytiae).
Микроспориядын
сирек
кездеседі, негізінен ауылдық жерде байқалады.
Трихофития
тобына беткей трихофития (бастың шашты бөлігі, тырнақ пен
жұмсақ тері), шаш, тырнақ пен жұмсақ теріні зақымдайтын
созылмалы трихофития және инфильтративті-іріңді
трихофития
кіреді.
Этиологиясы.
Беткей және созылмалы трихофитияның
қоздырғышы – антропофильді саңырауқұлақтар, олар жұмсақ
теріні, шашты, тырнақты зақымдайды. Теріде қабыну үрдісі
айқын емес, ал егер қоздырғыш бастың шашты бөлігіне түскенде
шаш
зақымдалады.
Сақырауқұлақтар
шаштың
түбінде
орналасады, сондықтан оларды
Trichophyton endotrix
деп атайды.
Қай қоректік ортада өсетініне
байланысты саңырауқұлақтар
Tr.
violaceum
және
Tr. Tonsurans (crateriforme)
деп ажыратылады.
Олар
Tr. mentagraphytes (var. gipseum)
мен
Tr. verrucosum
(var.faviforme)
деп жіктеледі.
Tr. ectothrix
шаштың сыртқы
беткейінде орналасып, оның сыртын қаптап тұрады. Спорасының
көлемі мен ерекшелігіне байланысты
ұсақ споралы және ірі
споралы деп бөлінеді. Ұсақ споралы түрі
Tr. ectothrix microides,
ұсақ үй жануарларында, тышқан, қоян, теңіз шошқаларында өмір
сүреді. Ірі споралы түрі
Tr.ectothrix megasporon
ірі үй
жануарларына – жылқыда, сиырда, қойда, бұзауда қоныстайды.
Достарыңызбен бөлісу: